Қарсылықты салалас. Құқықтық сауаттылық. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақмерзімдіжоспардыңбөлімі:

4-тарау: Адам құқығы мен бостандығы.

Синтаксис 3-сабақ

Мектеп:

ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Қарсылықты салалас. Құқықтық сауаттылық.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды қолдана алады
  • Орта көлемді монолог дайындайды

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық ұстаным, сенімділік

Бірін-бірі құрметтеу

Пәнаралық байланыс

Құқық

АКТ қолдану

Мульмедиялық құралдар

Өткен сабақтағы білімдері

Себеп-салдар салалс құрмалас туралы білгендерін қайталау

Жоспарланған сабақ кезеңдері және уақыты

Сабақтағы іс-әрекет жоспары

Қолданылатын ресурстар, жабдықтар

Сабақтың басы

5

ОМ ЖК таныстыру

Миға шабуыл:

https://www.youtube.com/watch?v=hZGzvec8c4g

Мектебімізде оқушы құқықтары қаншалықты сақталады деп ойлайсыңдар?

(оқушылардың жалпы жауаптары тыңдалады)

Саралау: қабілетті оқушылардың жауаптарына қарай қосымша сұрақ қою: жалпы осы біздің құқығымызды қорғайтын қандай құжаттарды білесің немесе сондай құжаттар қалай біздің қорғайды, қағаз бөлек, іс бөлек байланыстыратын не сонда?

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

5+10

1-ТАПСЫРМА (топтық)

  • Жағадятқа қатысты әрекеттеріңіздің шешімін көрініс арқылы көрсетіңіз:

 Бөтен қалаға бардыңыз, кенет ыстығыңыз көтеріліп, денсаулығыңыз сыр берді. Осындай жағдайда қандай көмекке құқылысыз?

 Қ.бағалау: мұғалім жағдаятқа сай қарым-қатынас жасай алғандығына пікірі білдіріп кері байланыс береді. Оқушылардың жауаптарын басқа топ мүшелері жетілдіріп толықтырады.

 Бейнебаяндағы ақпараттарды қолданып, қарым қатынаста қолданылған тіркестерді жазып толықтырыңыз (қарым қатынас жасау жүйесіне назар аударыңыз) Сол арқылы оқушылар өз жауаптарын салыстырып пікір білдіреді

https://www.youtube.com/watch?v=Jkm_lHSRaRA

Слайд 3

15

2-ТАПСЫРМА (жұптық)

Мұғалім қарсылықты салалас сөйлем туралы түсіндіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=8AlutjeDCQU

 Еліміздегі адам құқығының қорғалу деңгейі қандай деп ойлайсыздар? Сұрақққа төменде берілген алгоритм негізінде, адам құқығы ұғымын білдіретін тіркестерді пайдаланып жауап айтыңыз. Азаматтық құқықтың принциптерінің көріністерін сипаттайтын тіркестерді аргументтеп қолдануға тырысыңз

 

ЕСКЕРУ: жауаптарыңда міндетті түрде қарсылықты-салалс құрмалас сөйлем мысалын қолдану керек.

  • Бейнебаяндағы мәліметке қарағанда....
  • Дегенмен құқық мәселесі...
  • Ал Қазақстанда бұндай мәселелер... себебі...
  • .... бірақ ...
  • Жалпы азаматтык құқықтын мынандай принциптері бар:1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;3) шарт еркіндігі;4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы;5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.Міне, осы принциптердің бәрі де..
  • Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген.
  • Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның аза-матгық құқықтық зандарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді.

Қ.бағалау: топ лидерлері көршілес топтың айтқан жауабына критерийлер арқылы пікір білдіреді

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды қолдана алады
  • Орта көлемді монолог дайындайды

Саралау: тілдік кедергілері бар топқа мәтін сөйлемдеріне сілтеме жасап, мысал үлгі көрсету, бірге жауап дайындау (қажетінше)

Слайд 4-5-6

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5

Кері байланыс (сабақты қортындылау):

Мұғалімнің жалпы сабаққа пікірі, бағасы

Үйге тапсырма: Сөз және сөйлем түрлерін қайталау, қызметіне ойлану

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен ....................................................................білдім

Мен....................................................................үйрендім

Маған..................................................................ұнады.

Маған...............................................қиындық туғызды

Менің көңіл-күйім...........................................................

Саралауды қалай жоспарладыңыз? Дарынды және қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың материалды игеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау: қабілетті оқушылардың жауаптарына қарай қосымша сұрақ қою: жалпы осы біздің құқығымызды қорғайтын қандай құжаттарды білесің немесе сондай құжаттар қалай бізді қорғайды, қағаз бөлек, іс бөлек байланыстыратын не сонда?

Саралау: тілдік кедергілері бар топқа мәтін сөйлемдеріне сілтеме жасап, мысал үлгі көрсету, бірге жауап дайындау (қажетінше)

Бағалау: мұғалім қарсы топтан пікір білдірген топтан не түсінгенін, нені білгісі келетінін сұрап кері байланыс жасайды.

Бағалау: топ лидерлері өздерінің жасаған жұмысына критерийлер арқылы пікір білдіреді

Мұғалімнің рефлексиясы

СабақмақсатыменОМқолжетімдіболдымА?

ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткізеалдыма?

Егер қол жеткізе алмаса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау қаншалықты тиімді жүзеге асты?

Сабақтың кезеңдеріндегі уақыт мөлшері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма және неліктен?

Сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабағыңыздың сәтті өткенекіаспектісінжазыңыз: (оқужәнеоқытужайындаойланыңыз)?

1:

2:

Сабағыңызды қалай жетілдіруге болар еді: (оқу және оқыту жайында ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу