Экотурист үшін ақпарат. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Экотурист үшін ақпарат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану, коментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

 Сабақтың мақсаттары

Тақырыпқа сәйкес берілген мәтінді оқып түсіну әр түрлі тәсілдерді қолдану

 Бағалау критерийі

Тақырыпқа сәйкес берілген мәтінді түсіну үшін әр түрлі тәсілдерді тиімді қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақстан Республикасының Елшілігі, виза, веб-сайт, экотуризм бағыттары, уақытты тамаша өткізу, жергілікті мәдениет, ұмытылмас әсер, таңғажайып табиғат.

Менің ойымша...

Себебі,...

 Мысалы,...

 Қорыта айтқанда,...

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География, сурет

Бастапқы білім

Қазақстандағы көрнекті орындар

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Психологиялық көңіл-күй туғызу

Мұғалім «Гүлмен тілек» тәсілі арқылы оқушылармен сергіту жасайды және топқа біріктіреді. Оқушылар алдын ала дайындалып әкелінген түймедағы гүлін алақандарына салып тұрып, бір-біріне бір сөзбен ғана тілек айтады. Гүлдің астына жазылған «турист», «эко», «табиғат», «Қазақстан» сөздері арқылы төрт топқа бөлінеді.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, соған сәйкес сабақ мақсатын таныстырады. Оқушылармен бірге бүгінгі сабақта экотуризм туралы тақырыпты меңгеру үшін оқылым дағдыларына негізделген тапсырмаларды қалай орындаймыз, не үйренеміз, қалай үйрнеміз деген сұрақтарға жауап бере отырып, бағалау критерийлерін талқылайды.

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-32

32-37

Оқылым алды тапсырма

«Миға шабуыл»

Мұғалім оқушылардан экотуризм жайындағы ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін ортаға ауызша айтуларын сұрайды. Оқушыға сұрақ қою арқылы ойын еркін жеткізуге мүмкіндік бере отырып, талқылау жүргізіледі.

«Миға шабуыл» сұрақтары:

  • Экотуризм деген не?
  • Экотуризм мен басқа туризмдердің қандай айырмашылығы бар?
  • Сендер жазғы каникулда жайлауда тұратын ата-әжеңе бардың, киіз үйде болдың, жылқыға, түйеге міндің, қымыз іштің делік. Мұны экотуризм деп айта аламыз ба?
  • Экотуризмге барған туристің міндеті қандай болуы мүмкін?
  • Қазақстанда экотуризм бар ма?

Оқылым тапсырмасы

«ДЖИГСО» (Элиот Аронсон бойынша) әдісі

 «Экотурист үшін ақпарат» тақырыбындағы мәтінді топ ішінде оқып талқылайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз тобының жұмысы туралы сол топта талқылау жасайды, идеялармен бөліседі.

 Мұғалім «Экотурист үшін ақпарат» тақырыбындағы мәтінді төрт бөлікке бөледі. Оқушылар төрт адамдық шағын топтарға сабақ басында бөлінеді («бастапқы топ»), топ мүшелері 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

«Өрмекші торы» әдісі

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына экотуризм тақырыбын, денесіне мәтіндегі өзекті ойларды, аяқтарына мәтін идеясын ашатын тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап беріп, талқылауға қатысады;
  • мәтінді оқып, түсінгенін басқа топқа түсіндіреді;
  • мәтіннен тірек сөздерді айқындайды, мәселенің шешу жолын ұсынады.

Мұғалімнің бағалауы

 Мұғалім «Температураны өлшеу» әдісі бойынша оқушыларға «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрақ қойып, тапсырманы қаншалықты түсінгендіктерін, жұмыс бағытын бағдарлайды. Мұғалім оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру үшін оларға сындарлы кері байланыс береді.

  • Ұтымды шыққан жауаптар...
  • Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...
  • Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...
  • Креативті жауаптар ..., бірақ ... жетіспейді.

http://www.eco-tourism.kz/

«Экотурист үшін ақпарат»

1-таратпа

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Оқушылар экотуризм тақырыбы бойынша рефлексия жасайды:

Сізге не ұнады? Өзіңізге не алдыңыз?

Сізге әлі де не түсініксіз? Тағы да неге оралу керек?

Сізге не ұнаған жоқ? Не түсініксіз?

Олар берілген сұрақтарға жауап жазып, әр суреттің тұсына стикерлерін жабыстырады. Осылайша мұғалім оқушылардың өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу