Экотурист үшін ақпарат. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


Экотурист үшін ақпарат

 

 Қазақстаннан экотуризм үшін керемет табиғи жағдайларды табасыз. Сіз қарлы тауларда, ну орманда, кең далада болып, көлдің салқын суына жүзіп, бай тірі табиғат пен жабайы жануарларды тамашалай аласыз. Жергілікті қонақжайлылықты сезінесіз және қонақтарды аса ықыласпен құрметтейтін көшпелі мәдениеттің өмірімен танысасыз. Сізді еліміздің ең әдемі бұрыштарындағы 25 ауылда 50-ден астам қонақжай отбасы күтеді.

 Мұның бәрін барынша тамашалау үшін сізге мыналар көмектеседі:

 Сіздің қызығушылығыңыз - Еуропа мен Азияның дәстүрлерін, көшпелі өмірдің және қазіргі заманның дәстүрлерін біріктіретін көп қырлы елді көресіз.

 Сіздің ашықтығыңыз - осы жердің табиғаты, жергілікті ұлт өкілдері мен басқа да ұлт өкілдерінің мәдениеті туралы ғажайып нәрселерді білесіз. Сіз кездейсоқ оқиғаларға тап болуыңыз мүмкін, бұл сізге демалысыңызды есте қаларлықтай етуге көмектеседі.

 Сіздің төзімділігіңіз - қарапайым ауыл өміріне қонақ ретінде қосыласыз, бірақ сіз үй иелерімен, олардың өмір сүру шарттарымен бөлісесіз. Бірақ сіз бес жұлдызды қонақ үйден гөрі ел туралы көбірек біле аласыз.

 Біз уақытты тамаша өткізу үшін саяхаттаймыз, сондай-ақ жақсы демаламыз.

 Сондықтан сізге мынаны ескеру қажет:

 - Жергілікті мәдениетке және қоршаған ортаға құрметпен қарау;

 - жергілікті отбасылардың туризмнен түскен қаражаттан табыс табатындығына көз жеткізу;

 - су мен энергия құнды ресурс екенін түсініп, оларды мұқият пайдалану.

 Сонда сіз жаңа достар тауып, ұмытылмас әсерге бөленесіз, бейбітшілік пен тыныштық, табиғатпен серуендеуден немесе атқа мінгеннен кейін ерекше қуат, тыныш ұйқы және таза ауада болғаннан кейінгі жақсы армандарға ие боласыз.

 Біздің веб-сайтымызда әртүрлі экотуризм бағыттары мен қызметтері туралы ақпарат табасыз. Олар жергілікті ауылдық қауымдастықпен қамтамасыз етіледі және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын қаржының бір бөлігі болып табылады.

 Келіңіз, Қазақстанның таңғажайып табиғатын көріңіз!

 Саяхаттауға ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 Қазақстанға турист ретінде кіру үшін рәсімдеудің үш түрі қажет: шақыру хаты, виза және тіркеу. Виза алу үшін өз еліңіздегі Қазақстан Республикасының Елшілігімен хабарласыңыз. Біздің сайтымыздағы «Заңнама» бетін оқып шығыңыз. Кейбір сұрақтарыңызға жауап таба аласыз. Бізбен хабарласуға болады. Әрдайым сізге көмектесуге дайынбыз!

http://www.eco-tourism.kz/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу