Бизнестегі бес қадам. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Аспаздық қызмет»
Оқу мақсаты:
8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
Бағалау критерийлері:
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады;
соған сай тақырып қояды;
тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді
тілдік оралымдардың мәнін ашады;
мәтіннің түйінін анықтайды.
Топтық талқылау
Көп уақытын қайда өткізеді?
Жұмыс күні неден басталады?
Оған қандай талаптар қойылады?
Нені өте жақсы жасауы керек?
Сырт-келбеті қандай болуы керек?
Сенің ойыңша, олар қандай сөздерді өте жиі қолданады?
Мәтінді тыңдап, мәтін бөліктерін ажыратып, тақырып қойыңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтін не туралы?
Әңгімеде қандай тарихи кезең туралы баяндалады?
Бұл тарихи кезеңдегі кейіпкердің рөлі қандай болды?
Тыңдалым мәтініндегі төмендегі сөздердің мағынасын, тыңдалымдағы қолданысын түсіндіріңіз.
Тау қараңғысынан тұру, «қазаншы қатын», тың игеру,диірменге үктіру,көзінің шырымын алмау, белуарынан келтіре салу,дәмділігі тіл үйіреді.
«Туған жердің топырағына өскен дән өзге дәннен дәмді болады екен» деген кейіпкердің сөзін түсіндіріп көріңіз.
Мәтіннің түйінін анықтап, айтыңыз.
Жұптық тапсырма.
• Мына тоңазытқышқа бірнеше шикі тағамдардың атауын жаз.
• Осы жазбаны келесі жұпқа ұсын.
• Тоңазытқыштағы тағамдарды пайдалану арқылы ас дайында.
• «Аспазға пікір» білдір.
Тағамың өте дәмді көрінеді
Тамағыңды жеуге асықпын
Тағамыңа өзгеріс енгізуге кеңес беремін.
Менің ойымша, тағамда дәрумендер өте көп
Тағамдағы жемістер мен көкөністер маған аса ұнамайды
Тағамның тамаша шыққанына сенімдімін.
Тағам адам ағзасына өте пайдалы.
Мен бұл тағамды кешкі асқа жер едім.
Тағамды жеймін, бірақ кей қоспаларды басқамен алмастырар едім.
Шығу парағы
Бүгін не үйрендіңіздер?
Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
Сабақ қызық өтті ме?
Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды