Бизнестегі бес қадам. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Аспаздық қызмет | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау. | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Тау қараңғысынан тұру, «қазаншы қатын», тың игеру,диірменге үктіру,көзінің шырымын алмау, белуарынан келтіре салу,дәмділігі тіл үйіреді. | |||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тыңдалым және айтылым дағдылары дамытылды. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | Мұғалім оқушыларға аспаздың суретін көрсетеді. Сол бойынша осы мамандық иесінің ерекшеліктері туралы ойланып, шағын топта талқылауды ұйымдастырады.
Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды. | Таныстырылым | ||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 15 минут 10 минут | Тыңдалым/айтылым алдындағы тапсырма. Болжам жасау. Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінінің бірінші және соңғы сөйлемін оқиды. Оқушылар мәтіннің не туралы екеніне болжам жасайды. Тыңдалым/айтылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға С.Мұқановтың «Аспаз» әңгімесінен алынған үзіндіні тыңдалым мәтіні ретінде ұсынады. Оқушылар мәтінді тыңдайды, тыңдалым бойынша тапсырмаларды орындайды. Мұғалім мәтінді дауыстап, екі рет оқиды. Тапсырма.
Тау қараңғысынан тұру, «қазаншы қатын», тың игеру,диірменге үктіру,көзінің шырымын алмау, белуарынан келтіре салу,дәмділігі тіл үйіреді.
Дескриптор:
Тыңдалым мәтіні. Тау қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді. Келін кезінен «қазаншы қатын» атанған ол, биыл елу төрт жаста. Осы жиырма тоғыз жылдың ішінде, қандай жағдайда жүрсе де, оның атқарғаны бір ғана аспаздық қызмет. Оны таң қараңғысынан тұруға үйреткен кәсіп осы ғана. Бүгін де ол дағдылы кезінде оянса, көшедегі қатты гүрілдеген тракторлардың дауысы естілді. Дәметкеннің есіне түсе кетті: тың көтеруге келе жатқан көп трактор, жуық арада осы тұстан өтетін, ол әуелі немересі – Күнжаннан, одан кейін МТС директоры Ержанов Байназардан естіген. Оның қызметі – осы ауылдағы МТС-тың тракторлар ремонтын жасаушыларға ас пісіру. Елде тың игеру жұмыстары қызу басталып кетті. - Комбайннан алғаш құйылған астықты, алғаш жиналған овощьты сізге әкеп берем, сіз содан тамақ жасап, туған жеріңізде өскен астықтың дәмін, бірінші боп татасыз, -деді оған Меликян. Асыға күткен Дәметкеннің қолы ол күнге де жетті. Комбайнның шүмегінен грузавиктің жәшігіне алғаш құйылған бидайды Меликян совхоздың электр қуатымен жүретін диірменіне үктірді де, Дәметкенге жеткізіп берді. Сол күні асхана қасындағы тақтайдан уақытша жасалған сарайшыққа, екі грузовикке тиелген овощь та келіп түсті: оның ішінде капуста да, картоп та, сарымсақ та, сәбіз де, қияр да, помидор да бар. Ол күні кеше кешке Дәметкен көзінің шырымын да алған жоқ. Ашытқы құйған тандырды ол үлкен екі бөшкеге белуарынан келтіре салды да, қабарып көтерілгенше, бетін жауып тастады. Содан кейін, овощьтарды аршып турауға кірісті. Ол күнгі түстік, тыңда өскен жаңа овощьтан жасалды. Ас қайнап пісуге айналған кезде, ожаумен іліп ап дәмін көру Дәметкеннің дағдысы еді. Бірақ бұрын асықпай, астың пісер мөлшерін күтетін. Бүгін бұл дағдыдан Дәметкен айырылды. Ошаққа орнатқан қазан бусанбай жатып қақпағын ашып көрген ол, тезірек қайнауын тілеп, отты астына баса жақты. Қазан шала қайнай бастаған кезде-ақ, Дәметкен қуанған кескінмен ожауды малып жіберіп, сорпаны іліп алды да, шетінен үрлей ұрттап дәмділігі тілін үйірген сияқтанған соң, қылқ еткізіп жұтып жіберді. Оның бұрын көрмеген қылығына қайран қалған қыздар, сорпаға құмарланған себебін сұрап еді: - Туған жердің топырағына өскен дән өзге дәннен дәмді болады екен, - деді ол. (С.Мұқановтың «Аспаз» әңгімесінен үзінді) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Мұғалім жұптағы оқушыларға тоңазытқыштың суретін ұсынады. Оқушылар осы тоңазытқышқа шикі тағамдардың атауын жазады. Осы жазбаны келесі жұппен ауысады. Осы тізімдегі тағамдардан ас дайындайды. Астың дайындалу барысын түсіндіріп жазады. Ол үшін тыңдалымдағы өздері мәтінін түсіндірген сөздерді орынды қолданады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар парақтарын қайта ауыстырады. Бір-біріне кері байланыс береді. «Аспазға пікір»
|
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы
С.Мұқанов «Аспаз»
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Шығу парағы – сабақ соңында оқушылар бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша жауап береді. Сыныптан шығарда осы парақты беру арқылы шыға алады. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап,оқушының алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды: - Бүгін не үйрендіңіздер? - Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? - Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек? - Сабақ қызық өтті ме? - Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды? - Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? - Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді? | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды