Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.

Сабақтың мақсаттары

8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийлері

- Тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндай алады;

- Интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар интонацияның құрамдас бөліктерімен танысады. Интонацияны сөйлеу барысында орынды қолдана алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жұмбақтар жасырылатын болады:

Ұзын-ұзын ұсқауын,

Ұзынына кім жетер?

Шұбар ала күйкентай,

Шұбарына кім жетер?

Кітап.

***

Жаны жоқ болса да,

Ақылды адам ісін істейді.

Кітап.

***

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

Кітап.

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды тапсырмасы.

Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылып, кішігірім талқылау ұйымдастырылады:

- Сен кітап оқуды ұнатасың ба?

- Сен қағаз түріндегі кітапты ма әлде электронды нұсқадағы кітапты оқығанды ұнатасың ба?

Оқушылар «Кітап – рухани құндылық» тыңдалым мәтінін тыңдайды.

Тыңдалым материалы.

1-тапсырма.

Төменде ұсынылған сөз тіркестері арқылы мәтінді мазмұндап беріңдер.

Қалалық кітапханалар жүйесі.

***

Кітапхана қоры.

***

Орталық кітапхана.

***

Оқушылар мен студенттер.

***

Егде жастағы адамдар.

***

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы:

8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Мәтінді мазмұндай алады.

Мазмұндау барысында негізгі ойды жеткізе алады.

Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

2-тапсырма.

«Қағаз кітап пен электронды кітаптың айырмашылықтары» тақырыбында салыстырмалы талдау жүргізіп көріңдер. Ойларыңды төмендегі постерге бейнелеп беріңдер.

https://www.youtube.com/watch?v=VpD8MGpdtjk

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Сабақтың соңында мқғалім тарапынан қорытындылау жүргізіліп, кері байланыс беріледі. Оқу мақсатына жету не жетпеу мәселелері қарастырылады.

Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша рефлексия жасайды:

- Мен оқу мақсатына жете алдым ба?

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу