Қызыл кітап не үшін керек? Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т2)

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап не үшін керек?

МЕКТЕП:

КҮНІ:

Мұғалім:

СЫНЫП:

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

 Сабақ мақсаты

Ғылыми деректерді қолданып, диалог құрастыру

Диалог кезінде тұрлаулы сөйлем мүшелерінің орнын сақтайды.

 Бағалау критерийі

Қызыл кітап туралы диалог құрастырады;

Деректерді, терминдерді дұрыс қолданады;

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің орнын сақтайды

 Тілдік

 мақсаттар

 

Жойылып кету қаупі, қауіптің белгісі, төлқұжаты, сирек кездесетін түрлер, саны күрт азайып бара жатқан түрлер, қарқынды түрде азаюына жол берілмеуі қажет.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

5 мин

5 мин

10 мин

15 мин

Ұйымдастыру кезеңі, сынып даярлығы тексеріледі. Сабақ мақсаты анықталады.

1-тапсырма

Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды. 3-ке бөлінетін, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар биоалуантүрлілікті сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады.

Б. «Өзара бағалау»

2-тапсырма

Мағынаны тану.

"Қызыл кітап" туралы не білесің? Неліктен олай аталған?

Әр оқушы ассоциация құрастыру арқылы жауап жазады.

Бейнематериалды көріп, жазғанын толықтырады.

https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y

Дескриптор

Қызыл кітаптың 2 ерекшелігін жазады.

Бейнематериалдан алған 2 ақпарат қосады

Б. Мұғалімнің бағалауы

3-тапсырма.

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұп қалаған кейіпкерлер арасында (Эколог және мектеп оқушысы; тілші және эколог; тілші және мектеп оқушысы) Қызыл кітап туралы диалог құрастырады.

Саралау

Ресурс бойынша саралау жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мына мәтінді беріп, ондағы мәліметтеріді қолдануға болатынын ескертеді.

Қызыл кітап туралы мәліметтер:

Табиғат өзіне қауіп төнгенін қалай айта алады? Табиғаттың тілі бар ма? Әрине, жоқ! Бірақ адамзат оны қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?

Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. 

Қызыл түс - қауіптің белгісі. Қызыл кітап жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың –төлқұжаты.

 Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері былайша жіктеледі:

  1.Жойылып кету қаупі төнген түрлер. Мұндай түрлерді сақтап қалу үшін міндетті түрде арнайы шаралар (табиғи қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи резерваттар және т.б.) ұйымдастыру қажет.

 2.Саны күрт азайып бара жатқан түрлер. Ондай түрлердің саны әзірше мол, бірақ қарқынды түрде азаюына жол берілмеуі қажет.

 3.Сирек кездесетін түрлер. Ондай түрлердің санының азаюын қадағалап отыру қажет.

 4.Толық зерттелмеген түрлер, Ондай түрлер туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мұқият түрде жүргізілуі қажет

 5.Қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған. 

Дескрипторлар:

Кемінде 4 сұрақ қойылады;

Берілген тірек сөздерді дұрыс қолданады;

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің орнын анықтайды.

Жұпта бағалау.

4-тапсырма

«Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз?» деген сұраққа идеяларын жазып, «Қорғаныш» жәшігіне салады.

https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y

Рефлексия

Оқушылар смайликтерді көрсету арқылы рефлексия береді.

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.

Сыныпты топтарға бөлу.

АҚТ дағдылары

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу