Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Оқылым мәтіні.

1-топ. Гендік модификация дегеніміз не?

Гендік модификация - биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 1950 жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды.

 Жалпы, саудаға шығарылған мұндай тауардың халық шошынатын екі түрлі қаупі бар. Біріншісі – гендік модификациялау болса, екіншісі – Қытайдан әкелінген көкөністер. Гендік модификациялау ұғымына өсімдік түрін биотехнологиялық жолмен кездесетін түрлі кедергілерге, яғни суыққа, ыстыққа төзімді, кеміргіштерге қарсы улы заттар қосып, тез өсіп шығатындай етіп жасау. Ғылымның бұл саласы бүгінде тек жануарларға қатысты емес, адамдар азық-түлікті де жасап шығаруды қолға алды. Мәселен, әрбір өсімдікке, оның сақталу мерзіміне байланысты әртүрлі жәндіктер мен жан-жануарлардың гендерін қосады: жалтыраған қап-қатты алмаға шаянның гені енеді, жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Ал гендік өзгеріске ұшыраған бұл азықты саудаға шығаруды өз кезегінде Қытай мықтап қолға алған.

2-топ.Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша, құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс.  Алайда, айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады.Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталған ұқсайды...

 Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық?Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал, расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..

Жан-жануардың гені қосылып өндірілген өнімді тұтыну ертеңге ұрпағымыздың да геніне, мінезі мен болмысына әсер етіп жүрмей ме?

3-топ.

Қияр неге қауындай, шие неге қызанақтай?..

Осыдан бірнеше жыл бұрын ақын ағамыз Мұхтар Шаханов Парламент Мәжілісінің депутаты болып отырған уағында осыған ұқсас мәселе көтерген. «Қытайдың алмалары өзіміздікінен арзан және түрі үнемі әп-әдемі болып жылтырап тұрады. Оған құрт та түспейді. Ұзақ сақталады. Дәмі жоқ болса да, қазір бәріміздің дастарханымыздан орын алған. Ал енді осында бір гәп бар сияқты. Соны зерттеп, тексеріп жатқан адам бар ма? Осы Қытайдың жемістері денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?» – деп, мәселе көтерген.

Таң қаларлығы сол, бізде шет елдерден әкелініп жатқан азық- түлікті, соның ішінде көкөністер мен жеміс-жидектерді толыққанды қадағалап, лабораторияда зерттеп отырған орталықтар жоқ екен. Сауда орындарындағы зертханалар тек нитраттарды, ағзаға бірден әсер ететін зиянды заттар мөлшерін анықтайды. Сол себепті, әлгі құрт түспейтін, шірімей, езілмей, ұзақ сақталатын трансшекаралық өнімдер өзінің ғажап қасиеттерімен ертегілер елінен әкелінгендей жұмбақ болып қала береді.

Десек те, кез келген өсімдік өзінің тарихтан белгілі қасиеттерін, дәмін, пішінін өзгерткенде оның табиғи өнім еместігін пайымдай беруге болады. Ол – гендік өзгеріске ұшырағандықтың белгісі. Ал гендік модификация мәселесі бүгінге дейін біздің елімізде жете мән беріліп, назарға алынбаса да, халықаралық тағамтану институттары ғалымдарының қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып жүрген мәселесіне айналды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу