Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.
Оқылым мәтіні.
1-топ. ГМО? Тұтынатын тамағыңыздың құрамымен таныссыз ба?
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі - бірінші кезекте адамның лайықты өмір сүруіне қажетті сапалы өнімдерді пайдаланумен анықталады. Ғалымдардың болжауы бойынша алдағы елу жылда жер бетіндегі халықтың саны 12 миллиардқа жететін көрінеді. Ал осыншама халықтың басқа да қажеттіліктерін ойламағаннның өзінде, бір ғана ішіп – жеуге қаншама азық – түлік керек болады? Осы мәселенің алдын алу жолында ғалымдар суыққа және ыстыққа төзімді, құрт түспейтін, ауру түрлеріне шалдықпайтындай гендік жағынан өзгертілген, мол өнім беретін көкөніс пен жеміс түрлерін өсіруді қолға алған. Қазақстан Республикасында азық-түлік және шикізат өнімдерінің қоры елімізді негізгі өнімдермен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сол себепті елімізге шетелдерден азық-түлік өнімдері жеткізіледі. «Генетикалық модификацияланған объекті дегеніміз – гендік-инженерия биотехнологиясы көмегімен алынған өсімдіктер, мал және микроорганизмдерді генетикалық түрлендіру, ал олардан өңделген өнімдер – трансгендік тағамдық өнімдер немесе генетикалық модификацияланған көздер (ГМК) деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, гендік модификацияланған тағамадар белгілі бір көкөністің немесе жемістің құрамындағы геніне басқа бір генді орналастыру, көбінесе бір – біріне қатысы жоқтай етіп таңдалған организмнің гені. Осыған орай, құрамында ГМО бар өнімдер қауіпсіз бе деген мәселе туындайды. Бүгінгі күні ГМО қауіпсіздігі туралы ешкім жауап бере алмайды. Ғылымда өсімдіктер адамға және қоршаған ортаға қауіп туғызады деген мәліметтер бар – бөгде белок аллергия туғызып, улы, канцерогенді әсері бар деп есептейді.
2-топ. Трансген тағамдар.
Трансгендер немесе гені өзгертілген дақыл -ГӨД /генно модифицированный/, – бұл ДНҚ-на басқа ағза организмнің гені орналастырылған өнім. Яғни, өсімдік немесе жануардың бастапқы генін өзгерту арқылы алынған суық пен ыстыққа төзімді, өнімділігі жоғары, зиянкес жәндіктер, саңырауқұлақтар жей алмайтын, бактериялық аурулармен ауырмайтын жаңа өнім. Жалпы барлық тірі организмнің негізі болатын белоктар – реттеліп орналасқан аминқышқылдарының тізбегінен тұрады /ДНҚ да солай/. Бір белокта жүзден бірнеше мыңға дейін аминқышқылы белгілі реттілгін қатаң сақтай отырып орналасады. Бұл тізбектің әр бөлігінің кәдімгі адамның мүшелері сияқты өзінің атқаратын қызметі бар. Біреуі суықты сезсе, екіншілері түске, үшіншілері жарыққа, төртіншісі көбеюге жауапты т.с.с кете береді. Генетиктер осы тізбектің құпиясын ашып /расшифровка/ қай аминқышқылы неге жауапты екенін анықтаған. Содан соң, керек емес (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімсіз, құрт құмырсқаны қызықтыратын) ДНҚ бөлігін алып тастап, орнына басқа өсімдік не жануардан алынған төзімді ДНҚ фрагменттерін орналастырған.Ең алғашқы трансген помидор 1994ж АҚШ та жасалыпты. Бұл помидордың ДНҚ-на солтүстік америкалық камбаланың гені орналастырылған. 1 жылдан соң америкада жасалған трансгеннің саны 9-ға жеткен: қоңыз жемес үшін колорадо қоңызының гені қосылған картоп, камбала гені қосылған аязға шыдамды жүгері, сарышаян генін қосқан құрғақшылыққа төзімді бидай т.б. өнімдер.
3-топ.
НЕ ЖЕП ЖҮРМІЗ ?
Жеміс-жидектер ұзақ сақталу үшін оларды шамалы көктеу кезінде жинап алып және күштеп жетілдіру үшін Карбид пен Этилен газын пайдаланады. Біз сатып алып жеп жүрген жеміс-жидектер химиялық өңдеуден өткізілген, олай жасамаса тұтынушыға көзтартар әдемі күйінде жеткізу мүмкін болмас еді. Мысалы, банан қабығын зерттегенде оның құрамында Толуен, Ацетон, Метиленалкоголь, Ацетонитрил т.б. зиянды химиялық қоспалар бар екені анықталған. Сондықтан, қазіргі жеміс-жидектерді тазартып жеу керек. Бірақ олар жай сумен жуғанға кетпейді, сондықтан ультрадыбыстық өңдеуден өткізу қажет дейді мамандар. Көптеген жімістерді тұтынушыларға бұзылмаған күйінде жеткізу үшін оларды арнайы химиялық қоспалар сіңірілген қағазбен немесе торкөз орауышпен орайды, сырты жылтырап тұру үшін жылтыратқыш Вакса бүркіп өңдеуден өткізеді.Осындай өңдеуден өткізілген мандарин, ұзақ сақталады. Мысалы, химиялық зиянды Тебуканазол ерітіндісін бүркіп өңделген жүзім езілмейді.2006 жылы арнайы зерттеу жүргізілген. Аталған химиялық қосылыстардың әсерінен көлбақаның бақашабағы құйрықсыз болып шыққан, ересектері кішкентай болып өспей қалған. Қазіргі кезде барлық цитрустар, банан, ананас, т.б. жемістер өсіргіш гормондар қосылған газбен дәріленентіні шындық, Қытайда осындай өңдеудің барлық тәсілі қолданылады. Осының әсерінен неше түрлі аурулар, оның ішінде қатерлі ісік аурулары дамитыны дәлелденген
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды