Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Бөлім атауы: | Қазақстандағы ұлттар достастығы | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы | ||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: көркемдегіш құралдарды сақтай отырып мақала, өлең жазады; Көптеген оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды; Кейбір оқушылар: көркемдегіш құралдарды орынды қолданады, сауатты жаза алады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Дескриптор |
| ||||||||||||
Тілдік міндеттер | Жазылым жұмысын жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» Тәуелсіздік пен тұғырлылық, тұрақтылықтың тамырын жайғызған, бірлікке сызат түсірмеу, тарихи тағдыры ортақ, маңызды мерейтойлар, «Бақ қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын», толеранттылықтың ең таңдаулы үлгісі. | ||||||||||||
Құндылықтар | Патриоттық сезімді қалыптастыру. Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ақ көгершін | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аударады. Сабақ тақырыбына шығу. Мұғалім:
Ықтимал жауап: Ассамблея жылы Мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескриптор қамтылған презентацияны ұсынады. | Слайд №2-3 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин 10 мин | Оқушы берілген екі тапсырманың бірін таңдайды 1-тапсырма. «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» атты тақырыпта мақала жазыңыз. Тілдік мақсаттарды орынды қолдана отырып, стильді сақтаңыз. Жазылым жұмысында тілдің сапасы мен тазалығына көңіл бөліңіз. Сөз саны: 100-120 2-тапсырма. Көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын жырлайтын шағын өлең шығарыңыз. «Автор орындығына» отырып оқушы жазған мақаласын немесе өлеңін сынып алдында ұсынады. Бағалау: Бағалау критерийі мен дескрипторға сүйене отырып жұпта оқушылар мақаланы не өлеңді бағалайды. | Таратпа материал | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс 3 – жаңа алған ақпарат 2-сабақта кездескен қиыншылық 1-сабақтың ұнаған тұсы Үйге тапсырма: Достық туралы мақал-мәтел жаттау | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дереккөздеріне байланысты бөліп оқыту. Топта бірлесіп оқыту. Барлық оқушылар: көркемдегіш құралдарды сақтай отырып мақала жазады; Көптеген оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды; Кейбір оқушылар: көркемдегіш құралдарды орынды қолданады, сауатты жаза алады. | Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. Жұмыс нәтижесі бағалау критерийлері арқылы бағаланады. | Пәнаралық байланыс – тарих Қоршаған ортаны қорғау Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау, Тілдік мақсаттты жалпы сыныпқа ұсыну | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Тілдік мақсатты жазылымда орынды қолдануға бағыттау; 2: Жазылым жұмысының арнайы шаблонын ұсыну; Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ? (сабақ беру және оқытуға қатысты) 1: дереккөздермен жұмыс жасау; 2: жазылым жұмысына көбірек уақыт беру; Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Дереккөздермен көбірек дайындалу. Ақпараттар қорын жинағаннан соң, жазылым жұмысына бағыттау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды