Денсаулық сақтау. Өтініш. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ
1-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулық – зор байлық | ||
Оқыту мақсаты | Т/А4. Негізгі ойды анықтау | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну және қолдану | ||
Бағалау критерийі | Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды | ||
Тапсырма | Тапсырма. «Шырша ағашының емдік қасиеттері» тақырыбындағы тыңдалым мәтіні https://www.youtube.com/watch?v=Z7EGaRy2ZmM Мәтінінің негізгі ойын түсіну, дәлелдеу үшін «Үштік» стратегиясы қолданылады:
| ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды |
| ||
|
2-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Денсаулық – зор байлық | ||
Оқыту мақсаты | О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау | ||
Бағалау критерийі | Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады | ||
Тапсырма |
| ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады |
| ||
|
А мәтін
Денсаулық – зор байлық
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ,
денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға,
20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың
әсеріне, 10%; – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны
анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса,
және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні
сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам
ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің
жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және
биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы
өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі
денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап,
оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі.
Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты
өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,
зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз
қажет.
Ә мәтін
Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз
үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін
салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің
тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына
қызмет етері даусыз. Осы орайда мектеп-лицейімізде әр айдың соңында «Салауатты
өмір салты – лицейдің өмір қалпы» деген ұранмен спорттық іс-шаралар өткізіліп
тұрады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру
– мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт –
жалпыұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын
жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап
денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер
туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды.
Міне, осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, дені сау,
денешынықтыру және спортпен шұғылданатын тәні сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында
лицей осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұру керек.
Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың
ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және
тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму
барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам
денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті
өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән
берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау»,
«Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең
тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе
жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекететтік саясаттың
басым бағдары болып табылатынын баса айтқымыз келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды