Климаттық өзгерістер. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ
1-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Ауа және климаттық өзгерістер. | ||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаты | 7.О4. Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. | ||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | •Ауызекі және ресми стильдік ерекшеліктерін диалог арқылы ажырата алады; •Мәтіндегі тілдік құралдарды сауатты талдай алады; | ||||||||||||||||||||||||
Тапсырма | Тапсырма. Мәтіндерді берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар.
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||||||||||||||||||||||||
Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады |
| ||||||||||||||||||||||||
|
А мәтіні
Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанындағы Әлемдiк метеорология ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды.
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл – ғаламдық жылыну.
Қазақстандық қоғамның дамуына ауа райының ғаламдық өзгерiстерi қаншалықты әсер етпек? Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi.
Ә мәтін
Ғаламшар климатының күрт өзгеруі техногендік дәуір әрекетінен көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шектен тыс көп бөлінуінің салдары екендігі қазір айдан анық болып отыр. Сондықтан әлемнің озық ойлы адамзаты бұл қасіреттің алдын алу жолында дабыл қағып, кезек күттірмес шұғыл шараларды қолға алуды алға тартып отыр. Бұл маңызды мәселеден халықаралық беделді ұйымдар да сырт қалған жоқ. 1992 жыл БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы басқосуында “Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенция”, 1997 жылы БҰҰ-ның Киотодағы халықаралық саммитінде “Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама” қабылданды. Киото хаттамасын бүгінгі күнге дейін әлемнің 181 мемлекеті ресми түрде бекітті. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесіп күресу жөніндегі адамзатқа ортақ алғашқы маңызды құжат.
Климаттың өзгеру үдерістері біздің еліміздің экологиялық жағдайына да келеңсіз әсер етіп отырғаны белгілі. Соңғы ғасырда ғаламшардағы ауа температурасының жылынуы 0,7 пайызды көрсетсе, Қазақстан аумағында ауаның орташа температурасы осы мерзімде 1,3 градусқа дейін жылынып кеткені анықталып отыр. Бұл әлемдік деңгейден екі есе көп. Климаттың бұлай өзгеруінің салдарлары жалпы жұрт үшін көзге ұрып тұрмағанымен, қоршаған ортаның, жер жағдайының ахуалына айтарлықтай әсер етті. Ақиқатында жаһандық жылыну құбылысын Арқа қысының құбылуынан-ақ көруге болады. Арқаның қаңтарды қақаған аязы мен ақпандағы ақтүтек борандарына ауысып отыратын қалыпты үрдісі соңғы жылдары күрт өзгерді. Желтоқсанда жаңбыр жауып, қаңтарда қар еритін тосын жағдайлар қалыпты құбылысқа айналды. Талай жылдардағы тәжірибеге сүйеніп, ауа райын болжайтын ақсақалдардың сәуегейлігі жайына қалды.
2-нұсқа
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Бөлім/Тақырып | Ауа және климаттық өзгерістер. | ||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаты | 7.О4. Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. | ||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | •Ауызекі және ресми стильдік ерекшеліктерін диалог арқылы ажырата алады; •Мәтіндегі тілдік құралдарды сауатты талдай алады; | ||||||||||||||||||||||||
Тапсырма | Тапсырма. Мәтіндерді берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар.
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||||||||||||||||||||||||
Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады |
| ||||||||||||||||||||||||
|
А мәтіні
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi – бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп – мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған.
Жаһандық жылыну бүкiл планетаға ортақ қауiп болғандықтан дүниежүзi елдерiнiң ғалымдары жиi бас қосып, осы мәселенi шешудiң жолдарын қарастыруда. Ең бастысы – мұздықтардың еру процесiн тоқтату. Грендландия мұздары ерiп кетсе, мұхит деңгейi 7 метрге көтерiледi. Мұндай жағдай орын алғанда Мальдив сияқты теңiз деңгейiнен бiр метрге ғана жоғары орналасқан елдер су астында қалары сөзсiз. Ал Антарктида мен Арктика мұздығы ерiсе мұхит суы 60-70 метрге жоғарылайды. Бұл кезде атом бомбасының зардаптары түкке тұрғысыз болып қалады. Егер осы апат болып жатса жер бетiнiң өсiмдiктер мен жануарлар әлемi түгелдей өзгерiп, су тапшылығынан 3 млрд. адамның өмiрi қыл үстiнде қалады. Жаһандық жылыну – дүниежүзi елдерiнiң басына төнген қатерлi қауiп.
Ә мәтіні
Хаттамада жанар-жағармайдан ауаға таралатын зиянды газдардың мөлшерін 1990 жылғы деңгейге қайта жеткізіп, 2008-2012 жылдары 5,2 пайызға дейін азайту қарастырылған. Ол үшін Еуроодаққа кіретін елдер оның мөлшерін арнайы көрсетілген межеге дейін қысқартып, қалған басқа елдер оның мөлшерін белгіленген бір жылдық межеден асырмауға келіскен болатын. Егер Хаттаманы қабылдаған елдер өз міндеттемелерін нақты орындайтын болса, 2012 жылы ауаға таралатын газдардың көлемі 1990 жылғы деңгейге қайта жетуі әбден ықтимал. Алайда Хаттамаға келіскен елдердің барлығы бірдей міндеттемелерін орындауға құлшыныс білдіріп отырған жоқ. Мәселен, АҚШ бастапқыда бұл бастаманы қабылдауда белсенділік танытқанымен, кейіннен Киото хаттамасын бекітуді үнемі кейінге ысырып келеді. Атмосфераға таралатын барлық зиянды шығарындының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ Хаттаманы бекітпеуінің басты себебі ретінде ауаны ластауда алдыңғы орындарды алатын Қытай мен Үндістанда қалыптасқан жағдайды алға тартады.
Климаттың өзгеру үдерістері біздің еліміздің экологиялық жағдайына да келеңсіз әсер етіп отырғаны белгілі. Соңғы ғасырда ғаламшардағы ауа температурасының жылынуы 0,7 пайызды көрсетсе, Қазақстан аумағында ауаның орташа температурасы осы мерзімде 1,3 градусқа дейін жылынып кеткені анықталып отыр. Бұл әлемдік деңгейден екі есе көп. Климаттың бұлай өзгеруінің салдарлары жалпы жұрт үшін көзге ұрып тұрмағанымен, қоршаған ортаның, жер жағдайының ахуалына айтарлықтай әсер етті. Ақиқатында жаһандық жылыну құбылысын Арқа қысының құбылуынан-ақ көруге болады. Арқаның қаңтарды қақаған аязы мен ақпандағы ақтүтек борандарына ауысып отыратын қалыпты үрдісі соңғы жылдары күрт өзгерді. Желтоқсанда жаңбыр жауып, қаңтарда қар еритін тосын жағдайлар қалыпты құбылысқа айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды