Ауа және климаттық өзгерістер. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ауа және климаттық өзгерістер.

Сабақтың тақырыбы

Климаттық өзгерістер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7. Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым бойынша:

  • тыңдалым мазмұнын толық түсіне алады;
  • тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бере алады;
  • пікірлерін, сыни ойларын шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен айтыңыздар,

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

География пәні

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту сатысы

Оқушыларға мақал-мәтелдердің бір бөлігі таратылады. Мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру арқылы жұптарға бөлініп, мақалдың мағынасын түсіндіріп береді.

Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

Ағаш жапырағымен,

Жер топырағымен сәнді

Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты ел бұзар.

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Аспанда тіреу жоқ,

Жерде белдеу жоқ

Бұлт қайда қонса,

Береке сонда қонар.

Бір тал кессең, он тал ек.

Сәуір болмай, тәуір болмас

Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Су бергеннің сауабы бар,

Су төккенннің сұрауы бар

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

5 минут

Мағынаны тану сатысы

ЖЖ. Т. С.

Тыңдалымалды тапсырма.

Бейнефильмді тыңдамас бұрын ой шақыру ретінде «Климат неге өзгеріске ұшырап жатыр?» деген сұрақ төңірегінде климаттың өзгеруіне әсер ететін жағдаяттарға байланысты суреттер топтамасын көрсету арқылы сөзталқы ұйымдастыру. Мысалы:

С.

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушыларға «Климаттық өзгерістер қоғамды алаңдатпай отыр» деген тақырыптағы бейнефильмді көрсетіп, сол тақырып төңірегіндегі сөзталқысын одан әрі дамыту.

Т.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тыңдалған мәтін бойынша жеке-жеке сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарын жұпта салыстырады, жұбының қойған сұрағына жауап береді. Ойларын көрген бейнефильммен байланыстарады. Жұптағылар ең сәтті шыққан 1 сұрағын сынып талқысына ұсынады. Қайталанатын сұрақтарды іріктеп, тақтаға не флипшартқа жазып қоюға болады.

Ж

«Еркін микрофон». Оқушылар сұрақтарға ретімен жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=Q-KnDWhvzd8

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Жасыл түс – сабақты жақсы түсіндім, оқу мақсатын орындай алдым.

Сары түс – түсінбей қалған жерім бар, орташа түсіндім.

Қызыл түс – ештеңе түсінген жоқпын, маған көмек керек.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу