Ауа және климаттық өзгерістер. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 3

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ауа райы және климаттық өзгерістер.

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы болжамы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7. О1 Ақпаратты түсіну

Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіне алады. Берілген ақпаратты қолдана отырып мәтін құрастырады.

Бағалау критерийлері

Оқылым бойынша:

  • қажетті ақпаратты анықтай алады;
  • өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

«Төрт сөйлем» әдісі

П – (ұстаным) позиция;

Т – түсіндіру (дәлелдеу);

Ф – мысал (факті);

П – пікір.

 Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.
  • Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Ақыл, дене, қарым-қатынас, мінезді дамыту. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

География пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Допты ал, жауап бер»

Мұғалім ауа райы тақырыбына қатысты сөздердің біреуін айтып, кез келген оқушыға кішкене допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы мұғалім айтқан сөздің мағынасын түсіндіріп, басқа бір сөзді айтады да, допты айналысындағы біреуіне лақтырады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

Қорғауға 3*3= 9 минут

4 минут

2 минут

Мағынаны тану сатысы

Оқылымалды тапсырма

«Белсенді тапсырма»

Оқушылар өз қалаулары не мұғалім таңдауы бойынша тақта алдына шығып, табиғаттағы ауа райының түрлі құбылыстарын қимыл-қозғалысымен, дыбыстармен салады. Оны оқушылар сипаттап табуы керек. Келесі бір оқушы оның әрекетіне комментарий айтып, оны тағы басқаша қалай жеткізуге болатынын бейнелеп көрсетеді. Осылай бірнеше оқушы жасап жалғастырады. Соңында сәтті шыққан әрекеттерді іріктеп алады. Бұл тапсырма алдағы оқу мақсатына жетелей түседі.

Жаңа сөздермен жұмыс

Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.

Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.

Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші.

Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Сел – қар мен мұздың еруінен нөмесе қатты нөсер салдарынан болатын су тасқыны.

Бұлт – судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы.

Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.

Қара бұлт – түнерген қараңғы бұлт.

Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп, тез көшетін бұлт.

Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.

Оқылым тапсырмасы

Оқылым. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу

Үш топқа үш түрлі мәтін таратылып беріледі

1-топқа: Казгидромет орталығының ауа райы болжамы туралы.

2-топқа: 2017 ж. қаңтар айында күтілетін орташа айлық ауа температурасының мөлшерден ауытқуы.

3-топқа: 2017 ж. қаңтар айында күтілетін жауын-шашынның мөлшерден ауытқуы.

Тапсырма

1.Берілген ақпартты түсініп оқып, өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер.2. Бұл мәтін екенін дәлелдеңіздер.3. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыздар.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазыңыз.

5. Тірек сөздерді қатыстырып, 3 жай сөйлем, 3 құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Тапсырма барысы:

  • Оқушылар кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты жеке қарастырады.
  • Жұпта әңгімелеу (әр оқушы бір-біріне белгілі бір уақыт көлемінде берілген ақпарат туралы әңгімелейді.)
  • Топтық жұмыс. Әркім мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін ортаға салады. Берілген ақпаратты қолдана отырып мәтін құрастырады.
  • Әр топ өз пікірлерін, іріктеп алған ойларын, қажетті ақпараттарын сынып алдында қорғайды.

Қорғау жұмысының алдында топ жұмысын бағалау критерийі құрастырылады.

Әр топтан жоба жұмысын бастар алдында бір оқушы бағалаушы болып тағайындалады. Топ жұмысын қорғап болған соң, бірден бағалайды. Мәселен, 1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, ал 3-топ 1-топты бағалайды.

Бағалау парағы.

Тапсырма түрі

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Баға

1.Берілген ақпартты түсініп оқып, өз сөздерімен айтып береді.

2. Бұл мәтін екенін дәлелдейді.

3. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтай алады.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазады.

5. Тірек сөздерді қатыстырып, 3 жай сөйлем, 3 құрмалас сөйлем құрастыра алады.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек».

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«Плюс-минус-қызықты» әдісі

Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады:П(+), М(), Қ (қызықты).

  • «П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
  • «М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.

«Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу