Ауа райы құбылыстары. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 6 сабақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ауа – райы құбылыстары.
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
ӘТН3 Лексикалық норма
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Жазылым бойынша:
Репортаж мәтінін жаза алады;
Жазғанын түпнұсқамен салыстырады;
Сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеу, қайта жазу;
Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана алуы.
Метафора (грекГрек тілі metaphora – ауыстыру) – троптыңТроп (құбылтудыңҚұбылту) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады.1-тапсырма.ЖЖ.
«Метафора» айдарымен қызықты ойын өткізіледі.
Ойын ауа райы мен климаттың түрлі құбылыстарына қатысты түрлі метафораларды жазу. Мысалы: жауын – аспанның көз жасы; боран – табиғаттың түшкірігі; қар – аспанның басындағы қайызғақ. т.б.
Сәтті шыққандарын тақтаға не флипчардқа жазып отырады.
2-тапсырма. Бейнефильмді көрсету
https://www.youtube.com/watch?v=VGA59YcGTJU
Ауа райы мен клима тқа байланысты бейнефильм көрсетіледі. Тек ескеретін жағдай бейнефильмді көрсеткенде оның дауысын оқушылар естімеуі керек. Тек репортаждағы қимылды, іс-әрекеттерді ғана көреді.
3. Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы:
Жазылым тапсырмасы:
Оқушылар осы дыбыссыз бейнефильмді көргеннен кейін осыған журналист ретінде репортаж мәтінін жазады.
Оны былай түрлендіріп беруге болады:
«Сіз бейнефильмді көзбен көрген жуналистсіз. Жұмыс орныңызға келдіңіз де түсірген кадрларыңызға мәтін жазуға отырдыңыз. Жазуды бастаңыз!»
4. Қайта жазу. Өз жазғандарының ішінен өзіне ұнамаған сөздерді тыңдалған репортаждағы сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді. Оқу барысында қандай сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, ауыстырғанын талдап береді.
Бағалау критерийлері:
1. Репортаж мәтінін жаза алады;
2. Жазғанын түпнұсқамен салыстырады;
3. Сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеу, қайта жазу;
4.Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана алуы.
«Менің баспалдағым»
Оқушылар сабақтан алған дадыларының қай сатыда екенін стикерге
аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды