Ауа – райы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ауа – райы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН4.1 Грамматикалық норма

Сабақтың мақсаттары

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийлері

Жазылым бойынша:

  • Есімше, көсемше жұрнақтарын ажырата алады;
  • Шақ және рай түрлерін ажырата алады;

Тілдік мақсаттар

Менің ойымша...

Менің пікірімше...

Қорытындылай келгенде...

Ақпараттарға көз жүгіртсек...

Осыған дейін меңгерілген білім

Ауа райы және климаттық өзгерістер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

  • минут

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

Қызығушылықты ояту.

3 түрлі суреттердің қиындыларын құрастыра отырып, оқушылар 3 топқа бөлінеді. Үш суреттің артында ОСЫ ШАҚ, ӨТКЕН ШАҚ, КЕЛЕР ШАҚ деген жазулары болады.

Суреттер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасалып, сабақ мақсатымен таныстырылады.

Слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

  • минут
  • тапсырма

Суреттерге қарап сөйлем құрастыр.Әр топ өздеріне үсынылған шақтардың түрлеріне төмендегі жұрнақтарды жалғай отыра, сөйлем құрастырады.

Жұрнақтар:/ есімше, көсемше туралы түсінік беріледі/

1) -ған,-ген,-қан,-кен;

2) -ар,-ер,-р;

3) -мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек;

4) -атын,-етін,-йтын,-йтін.

Әр топ өз жұмыстарын қорғап, бір-бірлеріне «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жасайды.

  • Сергіту сәті. Тапқыр болсаң, шешіп көр!
  • Қолы жоқ,сурет салады,тісі жоқ,тістеп алады./Аяз/

Қанаты жоқ- ұшады,аяғы жоқ-жүреді,аузы жоқ-ұлиды./Боран/Терезеге қонады,әсем ою ояды./Қырау/Отқа жанбас,суға батпас./Мұз/

Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің,Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің./ауа/Жылт – жылт еткен,Жырадан өткен. /су/Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. /Қара жер мен қар/

  • тапсырма

3 топқа бірдей сурет ұсынылып, топтар өз шақтарына сәйкес және есімше, көсемше, тұйық етістіктің жұрнағын қолдана отырып, «Ауа-райы жаңалықтарын» жүргізуші журналистің атынан мәтін құрастырып жазады.

Әр топқа БК ұсынылады:

Бағалау критерийлері

I

II

III

IV

1

Шақтардың түрін ажырата алады

2

Есімше, көсемше, тұйық етістіктің жұрнақтарын ажыра алады

3

Басқа топтардан ұсыныс

Кері байланыс, ЖК –лері арқылы бір-бірін бағалайды

Кері байланыс

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу