Ауа райы құбылыстары. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 5 | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ауа райы құбылыстары. | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау ӘТН3 Лексикалық норма | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ж6 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау. ӘТН 3 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Жазылым бойынша:
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Менің ойымша... Менің пікірімше... Қорытындылай келгенде... Ақпараттарға көз жүгіртсек... | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ауа райы және климаттық өзгерістер | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. Қызығушылықты ояту. «Бұл ненің үні?» оқушыларға әр түрлі табиғат құбылыстарының үні тыңдатылады. Тыңдай отыра, оқушылар қандай табиғат құбылысы екенін табады. (жаңбыр, жел, дауыл, боран дыбыстары тыңдатылады)
Сұрақтарды қоя отыра, сабақтың тақырыбы және мақсаттары таныстырылады. | Слайд | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут | Жазылым алдындағы тапсырма.
Тақтада (слайд арқылы метафоралар ұсынылып, түсіндіріледі)
Жүрек - Су насосы
Қыз - гүл
Әке мен бала - асқар тау мен жапырақ Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады. 1-тапсырма.ЖЖ. «Метафора» айдарымен қызықты ойын өткізіледі. Ойын ауа райы мен климаттың түрлі құбылыстарына қатысты түрлі метафораларды жазу. Мысалы: жауын – аспанның көз жасы; боран – табиғаттың түшкірігі; қар – аспанның басындағы қайызғақ. т.б. Сәтті шыққандарын тақтаға не флипчардқа жазып отырады. Кері байланыс. 2-тапсырма. Бейнефильмді көрсету https://www.youtube.com/watch?v=VGA59YcGTJU Ауа райы мен клима тқа байланысты бейнефильм көрсетіледі. Тек ескеретін жағдай бейнефильмді көрсеткенде оның дауысын оқушылар естімеуі керек. Тек репортаждағы қимылды, іс-әрекеттерді ғана көреді. | ||||||||||
Кері байланыс Сабақтың соңы 5 минут | 3. Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы: Жазылым тапсырмасы: Оқушылар осы дыбыссыз бейнефильмді көргеннен кейін осыған журналист ретінде репортаж мәтінін жазады. Оны былай түрлендіріп беруге болады: «Сіз бейнефильмді көзбен көрген жуналистсіз. Жұмыс орныңызға келдіңіз де түсірген кадрларыңызға мәтін жазуға отырдыңыз. Жазуды бастаңыз!» 4. Қайта жазу. Өз жазғандарының ішінен өзіне ұнамаған сөздерді тыңдалған репортаждағы сөздермен алмастырып, мәтіндерін қайта өңдеп жазып шығады. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді. Оқу барысында қандай сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, ауыстырғанын талдап береді. Бағалау критерийлері: 1. Репортаж мәтінін жаза алады; 2. Жазғанын түпнұсқамен салыстырады; 3. Сөздер мен сөйлемдерді түзетіп, өңдеу, қайта жазу; 4.Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана алуы. Оқушылардың жұмыстарын жинап алынып, сабақтың соңында оқушылар: Кері байланыс: «Менің баспалдағым» Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін стикерге аты-жөнін жазып, өзім жеттім деген баспалдағының тұсына жапсырады.
| ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды