Ауа райы құбылыстары. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ


1-нұсқа 

Пән: қазақ тілі 

Сынып: 7 

Бөлім/Тақырып 

Ауа-райы

Оқыту мақсаты 

Т/А4.Негізгі ойды анықтау 

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Білу, түсіну және қолдану 

Бағалау критерийі 

 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды  

анықтайды 

Тапсырма  

 

 

 

Тапсырма.«Ауа-райын қазақша жорамалдау»

тақырыбындағы тыңдалым мәтіні

https://www.youtube.com/watch?v=E99iZ2bq4qc

 Мәтінінің  негізгі ойын  түсіну, дәлелдеу үшін «Әдеби шеңбер» стратегиясы қолданылады: 

  • Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. 
  • Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді 
  • Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді 
  • Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды. 

Бағалау критерийі 

Дескриптор 

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды  

анықтайды 

Негізгі ойды түсінеді 

 

Сұрақ құрастырады 

 

Дәлел келтіреді 

 

 

 

 

 

2-нұсқа 

Пән: қазақ тілі 

Сынып: 7 

Бөлім/Тақырып 

Денсаулық – зор байлық             

Оқыту мақсаты 

О3.Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату  

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Түсіну және талдау 

Бағалау критерийі 

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және  

жанрлық ерекшеліктерін ажыратады 

Тапсырма  

 

 

 

Тапсырма.Мәтіндерді берілген кесте бойынша салыстырып, талдаңыздар. 

Екі мәтіннің ұқсастығы 

 

Екі мәтіннің айырмашылығы 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Мақсаты 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Мазмұны 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Стилі 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

Тілі 

А мәтіні 

Ә мәтіні 

 

Бағалау критерийі 

Дескриптор 

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және  

жанрлықерекшеліктерін ажыратады 

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады 

 

Екі мәтіннің мазмұны мен мақсатын анықтайды 

 

 

Екі мәтінді стиль түріне, тіліне қарай талдайды 

 

А мәтін 

  

 Қазақтардың ауа-райына байланысты болжамдары ерте заманнан бері табиғатқа етене жақын өскен, табиғаттағы болып жататын құбылыстарға назар аударып, тіршілік тірегі болған дәстүрлі шаруашылығын соған сәйкестендіріп жүргізген. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжауға адамнан бастап, жан- жануар, аң-құс, балық әртүрлі жәндіктердің қылықтары, сол сияқты табиғаттағы ағаш, өсімдіктер, табиғи құбылыстар және т.б. арқылы бақылаған. Қазақ ауа-райын болжаушылары ауа-райын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстап, оны атадан балаға мұра етіп қалдырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде ман-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Жыл мезгілі қазіргі күнтізбе бойынша көктем, жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөлінеді. Бұл қазіргі кездегі күнтізбедегі топтастыру. Ерте кездегі қазақ есепшілері жыл мезгілін, яғни жыл он екі айды төртке бөлген. Бірақ әр мезгілдің атауы қазіргі мезгілдің атауынан өзгеше болатын. Жылтоқсан (көктем), Жазтоқсан (жаз), Желтоқсан (күз), Қыстоқсан (қыс). Жылтоқсан деп аталуы жыл сөзінің мағынасына байланысты айтылған. Көктемде –көктеуде (бірер ай), жазда – жайлауда (екі айдам астам), күзде – күзеуде немесе күзекте (бірер ай), қыста – қыстауда отыратын шаруашылық ыңғайына байланысты. Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген.

 

Ә мәтін 

Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосфераның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, ауа райын өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі Ауа райының өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. Ауа райын метеоролог өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Ауа райының жай-күйі тек қана бір белгісіне, айталық, температураға немесе жауын-шашынға ғана емес, барлық элементтерінің жиынтығына қарап анықталады. Мәселен,ауа райына тек "салқын" деп баға беру жеткіліксіз. Салқын ауа райы желді, жаңбырлы, бұлыңғыр және т.с.с. болуы мүмкін. Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді. Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгі күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу