Қылышын кекке суырған. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ жоспары
Тарихи тұлғалар | Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Қылышын кекке суырған» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтінмен жұмыс жасау арқылы детальді ақпаратты анықтауға үйрету. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік дағдылар | Сұлтан, Жеті жарғы, үз жүздің басын қосу, «қасқа жол» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
10 минут | 1-тапсырма. Ой шақыру тапсырмасы Сабақ тақырыбын болжау үшін оқушыларға қазақ тарихындағы хандар туралы сөзжұмбақ ұсынылады. Сөзжұмбақтан құралатын сөз арқылы сабақ тақырыбы болжанады. 1.Қазақ хандығының негізін салушы хандардың бірі, Болат Сұлтанның баласы. 2. 1598-1628 жылдар арасында ел басқарған хан. (Тәуекел ханның інісі) 3. 1474-1480 жылдар арасында Керейден кейін ел басқарған хан. 4. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған хан. 5. Қазақ халқының соңғы ханы. (Қасым сұлтанның баласы) 6. Үш жүздің басын басын қосқан хан. («Сабалақ» деген де аты бар) 7. 1805-1824 жылдары билік құрған Кіші жүздің соңғы ханы. 8. Қазақ тарихында қалыптасқан өзіндік «қасқа жолы» бар хан. (Ел басқарған уақыты 1511-1521 кей деректерде 1523 жылдар аралығы деп те көрсетіледі) | Слайд Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 3 минут | Тыңдалым тапсырмасы 2-тапсырма Оқушылар тыңдалым мәтінін екі қайтара тыңдайды. Мәтінді жұпта мазмұндап, талқылайды.Мәтінді мұғалім өзі оқып береді. «Батырлығымнан танбаймын» Қазақтың соңғы ханы, тәуелсіздік жолындағы үлкен күрестің құрбаны Кенесары Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Ақмола облысында Қасым сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Арғы тегі сонау Шыңғыс ханнан бастау алатын оның атасы – әйгілі үш жүздің басын қосқан Абылай хан. Текті отбасында дүние есігін ашқан Кенесары көркем Көкшенің тау-тасын кезіп, жабайы аңдарды аулауды бала күнінен кәсіп етіп өсті. Ол жастайынан-ақ ат құлағында ойнап, садақ ату сияқты ер жігітке тән түрлі өнерді меңгерді. Оны көрген адамдар атасы Абылайға ұқсататын еді. Әкесі Қасым да осы баласынан көп үміт күтті. Кенесары өзі де бала кезінде-ақ маңайындағы құрдастарына: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымнан танбаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін»,- деп айтқан екен. Кішкентай Кенесарының осылай деуіне Абылай атасының тынымсыз өмірі мен өз әкесі Қасым сұлтанның күреспен өткен тағдыры себеп болса керек. Кенесары тәуелсіздік жолындағы күреске ерте араласты. 20 жасында яғни 1822 жылы әкесі Қасым сұлтанмен бірге Ресей билігіне қарсы шықты. Оның себебі 1822 жылы Орта жүздегі хандық билікті жою жөнінде реформа қабылдаған еді. Осылай жас күрескердің ат үстіндегі өмірі басталды. Кейіннен ағасы Саржан сұлтан бастаған көтерілістің де басы-қасында жүрді. Ағасы мен әкесі өмірден өткеннен кейін күрес тізгінін түгелдей өз қолына алған еді. «Аңыз адам» журналы. №21 (33) Қараша 2011 жыл 3-тапсырма Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар А) Мәтін мазмұнына қатысты жалпы сұрақтар
Ә) Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтауға арналған тапсырма
ДЕСКРИПТОРЛАР
| «Аңыз адам» журналы. №21 (33) Қараша 2011 жыл
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 7 минут | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды. «Бірін таңда»
Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты пікірін көмекші сөздер тізбегінен бірін таңдау арқылы білдіреді. | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды