Жазғы демалысты жоспарлау
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | №13 сабақ. Жазғы демалысты жоспарлау | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды; - суреттер пайдаланып нұсқаулық құрап жазады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. | |||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: жүзу, серуендеу, саяхаттау, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау т.с.с Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Қандай іс-әрекеттер өзімізге пайдалы болады? - Денсаулыққа пайдалы іс-әрекеттерді ата. Неліктен? - Рухани өсіп жетілуге пайдалы іс-әрекеттерді ата. Неліктен? | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жазғы демалысты пайдалы өткізуге баулу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, дене шынықтыру, музыка | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Түрлі стилде: хат, шақыру, нұсқаулық жазу. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Ұйымдастыру кезеңі. (Т, Ұ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. Үй тапсырмасы «Жазғы демалысты жоспарымен» бөлісу. Сөйлесу барысында бір-біріне: - нақтылаушы сұрақтар қоюға; - себебін сұрауға болады. Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. 1 минут ішінде қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-біріне жоспарларын баяндап, қойған сұрағына жауап беріп, диалогке түседі. Уақыт өткен соң, белгі беріліп, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бір қадам оңға жылжып тұрады. Оқушылар жаңа жұбымен диалогті қайта бастайды. Осылай жұмыс жалғасады. Мұғалім шеңбердегі оқушылардың сөйлеу дағыдысын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт береді. Тапсырма соңында оқушылар өзара кері байланыс беруі ұйымдастырылады. Маған ұнаған жоспар..., себебі... Дескриптор: - диалогке белсенді қатысады; - сөйлеу барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды; - тақырыптан ауытқымайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерін құрастыру. | Слайд 2 Слайд 3-4 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-34 минут | Негізгі бөлім 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; (Ө, Ж, Т) «Бірлесіп оқу» әдісі. Сурет негізінде тірек сөздер (7-9 сөз) белгілеу.
Сынып оқушыларымен бірге тірек сөздерді талқылау. Сынып оқушыларымен ортақ тірек сөздер қатарын белгілеу үшін мұғалім басшылық жасайды. Оқушылар кезекпен өзі жазған 1 сөзден атап, талқыланады. Ортақ белгілеген сөздер қатары дәптерге жазып алынады. Оқушылар шағын топтарға отырған орындары бойынша топтасып, тірек сөздер негізінде сөз тіркестерін құрастырып жазады. Сөз тіркестері негізінде суретте бейнеленген оқиғаны ретімен баяндауға дайындалады. Топ мүшелерінен бір-бірінің ойын жалғастырып, баяндау талап етіледі. Топ оқушылары бір-біріне сұрақтар қоя алады. Өзара жауап береді. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың жақсы идеяларын атап өтеді. Оқушылар жұмысты бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай алады. Дескриптор - тірек сөздерді қолданып, әңгімелей алады; - түсінікті әрі қызықты әңгімелей алады; - көмекші сөздерді қолданып әңгімелейді. Сергіту сәті. «Алақай жаз келді» әнін орындау. https://www.youtube.com/watch?v=lULoBat5ezg 3.3.4.1 (Ұ, Т; Ө) «Консенсус» әдісі. Жазғы демалысты жоспарлау нұсқаулығын жазу Төрт оқушыдан шағын топ құралады. Оқушыларға әрекеттерді талқылауы үшін әр топқа қағаз таратылады. Олар қағаздың шеткі бұрышына 1 минут ішінде әрқайсысы өз ойын қысқаша жазады. Жазып болған соң топ мүшелері жауаптарын талқылай отырып, қағаздың ортасына топтың ортақ пайдалы әрекеттер тізімін жазады. Топ жұмысын сынып алдында таныстырады. Басқа топ мүшелері нақтылау үшін сұрақтар қоя алады немесе пікір айтуға мүмкіндік беріледі. Әр топ өздері басымдылық берген әрекеттерді негізге алып ақылдаса отырып, нұсқаулық жазады. Нұсқаулықты оқушылар өз дәптеріне жазады. Талқылау сұрақтары: - Қандай іс-әрекеттер өзімізге пайдалы болады? - Денсаулыққа пайдалы іс-әрекеттерді ата. Неліктен? - Рухани өсіп жетілуге пайдалы іс-әрекеттерді ата. Неліктен? Ықтимал жауаптар: жүзу, серуендеу, саяхаттау, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау, күнге қыздырыну, бау-бақша күтіміне көмек беру; малды күтіп-баптауға көмектесу; суару, әдеби кітаптар оқу, тамашалау,қыдыру, т.с.с. Дескриптор: - нұсқаулық құрылымын сақтап жазады; - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды; - сауатты жазады. 3.3.5.1 (Ө; Ж, Қ) «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі. Өзара тексеру. Қатені табу және түзету. | Қосымша №1 Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 2-қосымша | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия
Үйге тапсырма: «Жазғы демалыс» күнделік үлгісін құрастыру. | Слайд 9 3-қосымша | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушылар пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақ үлгілері ұсынылады. | Топтық жұмыстың нәтижелері бағалау дескрипторлары негізінде, сондай-ақ өзін-өзі тексеру, өзара тексеру және мұғалімнің түзетуі арқылы тексеру бағаланады. | Сергіту сәті жасатылады, белсенді оқыту әдістері қолданылады. | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?