Қазақ тілі және әдебиеті 3 cынып 7 бөлім Су- тіршілік көзі_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су –тіршілік көзі Сынып:3 А | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З.
Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құрғақшылықты зертейміз. Лай судағы тіршілік | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру; 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру; түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | арна, қапырық, өндірістік зауыттар. | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара достық,жолдастық, сыйласымдылық құндылықтарын қалыптастыру.Еліне, туған жерінің табиғатына деген құрмет көрсету дағдылары артады. | |||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Күнделікті қолданыста суды үнемдеудің маңыздылығын біледі. Алған білімін өмірді қолдануға бейімделеді. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, Әдебиеттік оқу | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Сабақтың мақсатымен таныстыру
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | (Т) Оқиық және жауап берейік Мәтінді оқы.Онда қандай мәселе көтерілген. Мәтінге тақырып қой. Тобыңмен ой бөліс. «Үш түрлі күнделік» әдісі.
Кестенің бірінші бөлігіне мәтінде өзінің назарын аударған немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жекелеген сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқа сөйлемдер түрінде келтіріледі. Оқушылар мәтінді түгелімен көшірмеуі тиіс. Қағаздың ортаңғы бөлігі «Түсіндірме» деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін көрсетеді: ол неліктен бұл үзінділерді жазып алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол мәтін бойынша өз пайымдауын білдіреді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді әрі тұтас сөйлемдерден тұрады. Мысалы бірінші бөлікке «Қазір өзен суы қап-қара болып жатыр» деп жазады екінші бөлікке былай деп жазуы мүмкін: «Бұл сөйлемді жазуыма себеп болғаны: бұрын өзен суы мөлдір, тап-таза болатын. Судың ластануына не себеп болды? Су қашаннан бері ластанды?». 3-бөліктегі мұғалімге жазылатын хатта «Өзен енді бұрынғы қалпына келе ала ма?» деген сұрақ қойылуы мүмкін. (Т) Ойланайық және табайық. Сызбаны толтыр. Өзенде қандай өзгерістер болды?
Дифференциация. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Жазайық.Көп нүктенің орнына мәтіннен тиісті сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқта. (Бағдаршам арқылы бағалау) 1. Өзен суы таза және балығы көп болатын. 2.Қазір өзен түсі қап –қара болып жатыр 3.Сасық судан демалу демалу мүмкін емес. 4.Зертханада өзен суын тексеру үшін сынама алдық. 5.Өндірістік зауыттар болмаса да, балықтар өліп жатыр. Ойымызбен бөлісейік Балықтардың жаппай қырылып қалуына не себеп болды? Берілген пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Өз көзқарасыңды білдіріп, қысқаша жаз. Мен бұл пікірмен келісемін, себебі ... . Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі ... . 1.Суға түскен қоқыстардан балықтар қырылып қалған. 2.Күннің қатты ыстығы балықтарға әсер еткен. 3.Шіріген өсімдік қалдықтарынан қырылған. 4.Балықтарға ауа жетпеген.
Бұл кесте әр оқушыда болады. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін сызба бойынша нәтижесін шығарады. Мұғалім оқушыларды ұстанған бағыттарына («иә», «қарсы») қарай бөледі. Оқушылар өз бағыттарын қайткенде де қорғап шығу үшін өз топтарында салмақты дәйектемелер дайындайды. Қарсы жақ олардың дәлелін тыңдап, талқылайды. Сонан соң өз бағытын қорғауға қатысты дәлелін мәлімдейді. Мұғалім пікірсайыс қоры- тындысын шығарады Дифференциациялық тапсырма Оқушыларға сыныптағы заттарды салыстыр. Қабілеті жоғары оқушылар. Әріптері ауысқан балық аттарын тауып жаз. Кеңөм…………………………. Батан……………………….. Азанс……………………….. Іебрек……………………… Нартош……............................. Қабілеті төмен оқушылар Мысалы, Мағжанға қарағанда Сәулет ұзынырақ. Шкафтың түсі мына сөмкенің түсіне қарағанда қоңырлау. Бордың түсі ақ, ал Айманның жейдесі ақшылдау. | Презентация Түрлі түсті қарындаштар, А4 қағаз, парақтар, флипчарт Оқулық: 34, 35-беттер Жұмыс дәптері: 58-бет | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақты қорыту Бүгінгі сабақта не үйрендің? | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар. Әріптері ауысқан балық аттарын тауып жаз. Кеңөм…………………………. Батан……………………….. Азанс……………………….. Іебрек………………………… Нартош……............................. Қабілеті төмен оқушылар Мысалы, Мағжанға қарағанда Сәулет ұзынырақ. Шкафтың түсі мына сөмкенің түсіне қарағанда қоңырлау. Бордың түсі ақ, ал Айманның жейдесі ақшылдау | Оқушылартоптық жұмыс кезінде топтарда өзара бағалау жүреді. «Үш түрлі күнделік» Оқушылардың пікірлері «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағаланады. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру «Бәрі сенің қолыңда» әдісі арқылы жүргізіледі. Жазайық.Көп нүктенің орнына мәтіннен тиісті сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқта. (Бағдаршам арқылы бағалау) | Сергіту сәті өткізіледі. Театр ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?