Қазақ тілі және әдебиеті 3 cынып 7 бөлім Су- тіршілік көзі_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі Сынып:3 А | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||
Сабақ тақырыбы | Құрғақшылықты зерттейміз Тырналар неге өкінді? | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 3.3.6.1* шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі(кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/бата/өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу | |||
Сабақ мақсаттары | түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысушығарма кейіпкеріне хат/ ертегі(кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/бата/өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу | |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Сөздік қор | бал құрақ, күміс шабақ, джунгли | |||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстар арқылы достық,жолдастық, сыйласымдылық, құндылықтарын, су қоймаларындағы жануарларды қорғау керектігі туралы айтылып, оқушы бойында адамгершілік, мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру. | |||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Мәтін мазмұнын болжаудың маңыздылығын түсінеді. Білімнің адам үшін маңыздылығын анықтап, болашақта оны қолдануға үйренеді. Қоршаған ортада,жер бетінді бейбітшілік сақтаудың маңыздылығын біледі. | |||
Пәнаралық байланыстар | Пәнаралық байланыстар: «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» пәндері | |||
Алдыңғы меңгерілген білім | Түбір сөз және туынды сөздер | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 минут | Сабақтың мақсатымен таныстыру
(Ж)Кел, сөйлесейік. - Су қоймаларында тіршілік ететін қандай жыл құстарын білесің? (тырна, қаз, қоңыр қаз, сарыала қаз) Қаз ойны ұзын, суда жақсы жүзетін қос мекенді етті жабайы және үй құсыэ Қоңыр қаз өзен көлде жүретін қоңыр түсті жабайы қаз. Сарыала қаз көлде жүзетін сары ала түсті жабайы қаз. - Олар басқа құстардан қалай ерекшеленеді? Жауабы: Кәдімгідей құрлық құстары, ағаш басына ешқашан қонақтамайды. Тырна туыстыларға тән ерекшелік – басында бүртікті өскіндері және қатқыл түк тәрізді қылтан қаптаған тақыр тері үлескілерінің болуы. Тырналар негізінде өсімдіктекті азықтармен - тұқым, тамырсабақ, өркендермен қоректенеді. Дегенмен мүмкіндігі болған кезде азық құрамын жәндіктер қосып, ірі бунақденелілермен, құрттармен, ұлулармен т.б. дәмдейді. Қазақстанда тырна туыстылардан төрт түрі кездеседі. Олар: ақ тырна, қара тырна, сұр тырна, қызылсирақ тырна. Ақ тырна – ірі денелі шамасында, салмағы – 10 килоға жуық. Қара тырна – едәуір кішкене қошқыл реңді тырна. Қызылсирақ тырна – ашық сұр реңді едәуір ірі денелі тырна. Сұр тырна – кәдімгідей тырналардың бірі.
(Ж)«Ассоциация» әдісі |
бағалау стикерлері, маркерлер, АЗ өлшемді қағазы, фломастерлер, желім, қайшы, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті қағаздар.
| ||||||||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Ең алдымен, дәптеріңе бұл тапсырмаға байланысты өздерің білетін мәліметтерді жаз. Нәтижесін әуелі жұпта, содан соң шағын топта талқыла. «Аквариум» әдісі. Сыныптағы басқа оқушылар «көрермендер» сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады: олар топ ішіндегі оқушылардың мәтінді қалай мазмұндайтынына, олардың диалог құра білуіне көңіл аударады. Олар тек топ ішіндегі атқарылып жатқан жұмысты өздерінің осындай шағын топ ішіндегі әрекеттерімен салыстырады. Егер өз ойын білдіргісі келсе, «көрермен» оқушылар да аквариумға «отыра» алады. Дифференциация: Шағын топтардағы оқушылар жауаптарын дәлелдеу кезінде мұғалім жетелеуші сұрақтар қойып отырады. Оқиық және жауап берейік. Мәтінді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің синонимін тап. «Болжам кестесі» әдісі арқылы орындалады. Мәтінді іштей оқу тапсырылады. Оның ішінде түсінуге қиын сөздер кездессе, «Сөздер жәшігіне» салады. Жәшікке салынған сөздерді оқушылармен бірге талдай отырып, семантикалық мағыналарын түсіндіру. Мәтін бойынша оқушылар жұптаса отырып әңгімелейді. Содан соң мәтінді қаншалықты түсінгендерін байқау үшін оның мазмұнын сұрау. Оқушылар әр жұптан бір оқушы айтып жатқанда «Кадрды тоқтат!» деп белгі беру. Содан кейін келесі жұп оқушылары жалғастырады. Осы ретте оқушылар бір-екі сөйлемнен айтса да жеткілікті. Көбінесе, үндемей отыратын оқушыларды араластыра отырып сұраған дұрыс. Сонымен, тырналардың неге өкінгенін жорамалдайық. «Болжам кестесі» толтыру.
Оқушылар сурет мазмұнына сүйене отырып, болжам жасайды және кестені толтырады. Өз болжамдарын басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырады. Тырналар көл жағасынан не байқады? Бұл жерде не болған? Сурет бойынша әңгімеле. (Т) Кел, ақылдасайық. Тырналар не себепті өкінді? Бір нұсқаны таңдап, сол бойынша мәтінді әрі қарай жалғастыр.Тобыңмен ақылдас.
«Шебер жазушылық» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмада «Тырна не себепті өкінді?» сұрағына жауап беру үшін бір нұсқаны таңдап, сол бойынша мәтінді әрі қарай жалғастыру қажет. Тапсырманы орындап болған соң, оқушыларды ортаға шақырып, әр топтың пікірін тыңдау. Жазайық. Оқиға желісі бойынша кейіпкерлердің көңіл күйін сипаттап жаз. Ойыңды дәлелде.
«Микрофон» әдісі арқылы тапсырманың дұрыстығы тексеріледі. Бірлесе отырып, қатесі түзетіледі. Содан соң дәптерлеріне жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жазады. Дифференциациялық тапсырма Қабілеті жоғары оқушы: Өзің тұратын мекенде тіршілік ететін екі құсқа сипаттау мәтінін құрастырып жаз. Мысалы, сауысқан торғайға қарағанда ірілеу. Торғайдың құйрығы сауысқанның құйрығына қарағанда қысқарақ. Бүркіт басқа құстарға қарағанда биіктеу ұшады. Қабілеті төмен оқушы: «Кім құстардың аттарын көбірек біледі?» жазу. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. «Алған әсерім» | |||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Шағын топтардағы оқушылар жауаптарын дәлелдеу кезінде жетелеуші сұрақтар қойып отырамын. Қабілеті жоғары оқушы: Өзің тұратын мекенде тіршілік ететін екі құсқа сипаттау мәтінін құрастырып жаз. Мысалы, сауысқан торғайға қарағанда ірілеу. Торғайдың құйрығы сауысқанның құйрығына қарағанда қысқарақ. Бүркіт басқа құстарға қарағанда биіктеу ұшады. Қабілеті төмен оқушы: «Кім құстардың аттарын көбірек біледі?» жазу. | Кел, сөйлесейік тапсырмасында оқушылардың құнды пікірлері мадақтау арқылы бағаланады; «Ассоциация» әдісі арқылы берілген тапсырманы жазбаша кері байланыс арқылы бағаланады; «Аквариум» әдісі арқылы берілген тапсырмасы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағаланады. Оқиық және жауап берейік тапсырмасы «бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады; Кел, ақылдасайық тапсырмасы түртіп алу әдісі арқылы бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Партада дұрыс отыру ережесі ескеріледі | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?