Қазақ тілі 3 сынып 7 бөлім Су тіршілік көзі Құрғақшылықты зерттейміз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»

Күні: 4-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрғақшылықты зерттейміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

3.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салу/сызба түрінде көрсету;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп әңгіме құрап айту;

3.4.2.7 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатысады.Мәтіннен мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салып,сызба түрінде көрсетеді.

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрап айтады.

Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Берілген сұрақ бойынша мәтіннен маңызды мағлұматтарды анықтайды;
  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрайды;
  • Болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Баға жетпес байлық, жолға шығу, бағалы, шөл, шаршау, шөлдеу, бір жұтым су

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын тапсырмаларды орындау барысында дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өзендер туралы мәтіндерді оқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

(Ұ)Қызығушылықты ояту.

«Сөздер тізбегі». Оқушылар мұғалім бастап айтқан сөзді бір сөзбен толықтырып, сөйлем құрап тұрады. Тізбекке қатыса алмаған оқушы «тізбекті» оқиды.

Мысалы:

Ыстық күні .......... ............... .......... .......... ............. .

Жаңбыр жаумаса ............ ............... ........... ........... .

Шөл далада ............... ............ ............ ................. ............. .

Мұғалім құрғақшылық жайлы сөйлемдердің құрылуына бағыт-бағдар жасайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

слайд

Сабақтың ортасы

10-17 минут

17-25 минут

25-35 минут

(МК) Тыңдалым алды жұмыс.

«Сөз сыры»

Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжайды, жұпта мәтін/ сөйлемдер құрастырып көреді. Жаңа сөздердің мағынасын таниды.

Мақсатықушылардың айтылым және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

  • жолға шығу
  • алтын, бағалы тастар
  • су
  • шөл
  • шаршау, шөлдеу
  • бір жұтым су
  • баға жетпес байлық

) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. Жұпта жұмыстарын бір-бірімен салыстырып, тексереді. Соңында түпнұсқамен салыстырады. Жұпта мәтінді бір-біріне мазмұндайды.

Тыңдалым мәтіні:

Ертеде екі адам алыс жолға шығады. Олардың біреуі өзімен көп алтын, бағалы тастар алады. Ал екіншісі көп су алады. Олар шөлмен жүреді. Жолаушылар қатты шаршайды, шөлдейді. Алтыны бар адам екіншісіне:

  • Маған бір жұтым су берші! Мен саған бар байлығымды беремін. Су болмаса, өмір жоқ екен. Ал мынау алтын, күмістер - жай ғана тас екен. Мен судың баға жетпес байлық екенін түсіндім, - дейді.

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар берілген тапсырмалардың бірін таңдап, орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған.

І. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Сен не туралы әңгіме оқыдың?

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

  • Әңгіме саған ұнады ма? Неліктен?

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

  • Әңгіме неге үйретеді? Дәлелде.

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

2-тапсырма. Сөйлемдерді ретімен орналастыр.

Сөйлемдер

Реті

Ол оған барлық байлығын беруді ұсынады.

Жолаушылардың біреуі жолға байлығын алады.

Ол судың ең қымбат байлық екенін түсінеді.

Бір жолаушы екіншісінен су сұрайды.

Жолаушылар шөлде қатты шаршайды.

3-тапсырма:Мәтіннен 3 болымды етістікті көшіріп жазып,болымды етістікке айналдырып жаз.

____________________________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды:

  • сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • оқиғалар ретін дұрыс табады;
  • болымды/болымсыз етістіктерді ажыратады.

Үлестірмелі парақтар, кестелер мен дескрипторлар, тыңдалым мәтіні, мәтін жазылған парақтар.

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия:

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өз жұмысын қорытындылайды.

Мен бүгін.............

Маған бүгін ................

Бағалау:

Сабақтың басында анықталған критерийлер арқылы өзін-өзі бағдаршамның түрлі-түсті көздері арқылы бағалайды.

бағдаршам

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу