Қазақ тілі_3сынып_5 бөлім_Өнер_Өнерлінің қолы алтын . 3 сынып ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 5 Өнер

Тақырыбы: Өнерлінің қолы алтын. Шақыру қағазын құрастыру

Мектеп: Көкшетау қаласы ФМБ-ғы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

 Сабақтың

 мақсаты

-шақыру қағазын өз бетінше құрастырады;

-зат есімдерді тәуелдейді;

- негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;

Бағалау

критерийлері

  • Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларының қолдану арқылы шақыру қағазын құрастыра алады.
  • Негізгі, туынды зат есімдерді қолдана алады
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза алады

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Негізгі және туынды зат есім, хат, шақыру қағазы, өнер, искусство, ner, QR-код

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Отан сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

-Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

-Достар сөзін көпше түрде тәуелдеп айт

-Тәуелдік жалғау неше жақта айтылады?

-Дәптер сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

-Зат есім дегеніміз не?

-Туынды зат есімге мысал келтір

Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы білім алу , ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, АКТ,ағылшын тілі ,орыс тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Негізгі, туынды зат есімді біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

2 минут

8 минут

Психологилық ахуал

Оқушылар, тақтада бүгінгі біздің тақырыбымыз жасырын тұр. Әр қатар өткен тақырыпты қайталауға берілген тапсырманы орындау арқылы әр сөзді ашады.

1-қатар

Сөз таптары

2-қатар

Сөйлем мүшелері

3-қатар

Зат есімнің түрлері

/өзара кері байланыс береді/

Өнерлінің қолы алтын!

-Балалар, өнер деген сөзді үш тілде айтайықшы. Кім біледі?

-Өнер, искусство, ner

Оқушылармен сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқыланады.

3.4.2.4 (МК:Ө:Ж)Сөздік диктант.

Өнерлі, ұста, шақыру хатымыз , мүсінші, той, бұйым, сазгер.

/тақтадағы дұрыс жауаппен өздерін тексереді/

Жазылған сөздерден негізгі және туынды зат есімді табады.

Дескриптор:

- Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

-Туынды зат есімді анықтайды.

-Негізгі зат есміді анықтайды.

Тәуелденіп тұрған сөзді немесе сөз тіркесін тауып, көпше түрде тәуелдеп жазады.

/ +/- арқылы өзара бағалайды /

Дескриптор:

  • І жақтың көпше түрінде тәуелдейді.
  • ІІ жақтың көпше түрінде тәуелдейді.
  • ІІІ жақтың көпше түрінде тәуелдейді.

Шақыру хаты қандай да бір іс-шараға шақыру мақсатында әзірленеді. Хат әдетте нақты бір тұлғаға жіберіледі. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шаралардың қысқаша мазмұны, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.

(Ұ;Т) Галереяны шарлау арқылы QR-коды бар тапсырмаларды іздейді.

Слайд 3

Слайд 4

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

Саралау .

Бүгін сендер дизайнердің рөлін сомдап, шақыру қағазын құрастырасыңдар.

3.3.4.1 (Т.М) «Жарнама» әдісі

Оқушыларды түстер арқылы топтарға бөлу.

Әр топ өз өнерлерін таныстыру үшін көрме ұйымдастырады. «Өнерлінің қолы алтын» көрмесіне шақыру қағазын құрастыру. Құрастырған шақыру қағаздарын жарнамалау.

1-топ: Тойға шақыру қағазы

Үлгі негізінде 1 жас тойға шақыру қағазын жасайды.

Слайд 6

Қосымша 3

Слайд 7

2-топ: Мерейтойға шақыру қағазы

Үлгі негізінде мерейтойға шақыру қағазын жасайды.

Топтық жұмысқа арналған таратпалар

3-топ: Көрмеге шақыру қағазы

Мотивациясы жоғары топ.

Бұл топ оқушылары үлгі бойынша, шақыру хатын жазады.

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастау алатын өзінің қайталанбас, бірегей қолданбалы өнер туындыларымен, жәдігер бұйымдарымен кең танымал. Осындай хас өнердің бірі – ұлттық музыка аспаптарын жасау. Бұл көрмеде «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы алматылықтарға және қала қонақтарына ұлттық музыка аспаптарының сан түрімен және оларды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік береді. Көрменің ресми ашылуы: 2012 ж. 28 наурыз, сағат 16-00.Жұмыс уақыты: 2012 жылдың 28 наурыз — 10 сәуір аралығы, сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін.Байланыс телефондары: ҚР МОМ 264-46-50,

264-55-66.«Ғаламарт» жастар клубы – 393-40-03

Мәтінге қатысты шақыру хатын жазады.

Көкшетау қ. Қоғамдық келісім сарайының көрмелік залы өзінің композицияларын жаңа шығармашылық жұмыстармен жаңартты.

Көрмеде Көкшетау қ. мен Ақмола облысының әйгілі суретшілерінің, балалардың көркемөнер мектебі оқушыларының, Көкшетау қ. шығармашылық дарынды балаларымен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік Орталығы тәрбиеленушілерінің ең жақсы қолданбалы өнер шеберлері, «Блэк» ЖШС ағаштан жасалған тұрмыс заттары ұсынылды.

сәуір аралығы, сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін.Байланыс телефондары: ҚР МОМ 264-46-50, 264-55-66.«Ғаламарт» жастар клубы – 393-40-03

Топтық жұмысқа арналған таратпалар

4-топ: Көрмеге шақыру қағазы

Мотивациясы жоғары топ.

Бұл топ оқушылары үлгі бойынша, шақыру хатын жазады.

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастау алатын өзінің қайталанбас, бірегей қолданбалы өнер туындыларымен, жәдігер бұйымдарымен кең танымал. Осындай хас өнердің бірі – ұлттық музыка аспаптарын жасау. Бұл көрмеде «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы алматылықтарға және қала қонақтарына ұлттық музыка аспаптарының сан түрімен және оларды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік береді. Көрменің ресми ашылуы: 2012 ж. 28 наурыз, сағат 16-00.Жұмыс уақыты: 2012 жылдың 28 наурыз — 10 Мәтінге қатысты шақыру хатын жазады.

«Қазақы киім – көненің көзі» атты шараға этнографиялық экспедициялар барысында жинақталған жәдігерлер мен заманауи стильдегі ұлттық киімдер қойылған. Бұл киімдерді еліміздің Солтүстік өлкесінің қазақтары киген деседі. Көрмеден көшпенділердің ғасырлар бойы өзгеріске ұшыраған киім-кешектерінің пішіні мен тігілу әдістерінің бұрынғы және қазіргі сабақтастығын байқауға болады. Келушілердің назарына ұсынылған киімдердің қатарында өткен ғасырдың 20-30 жылдарына тиесілі жәдігерлер бар.

Топтық жұмысқа арналған таратпалар

5 минут

2 минут

Топтар дескриптор арқылы бағалайды.

Дескриптор:

-Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

-Шақыру қағазын құрастырады.

-Шақыру қағазын жарнамалайды.

(Ұ )3.4.2.2 Сергіту сәті.

«Көңілді қалпақ» ойыны

Оқушыларға сұрақтарды саралап қою.

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім әнді қосқан

кезде, оқушылар қолдарындағы қалпақты шеңбер бойындағы балаларға кезектесіп кигізуі тиіс. Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің қолында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді.

1-сұрақ

Отан сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

2-сұрақ

Достар сөзін көпше түрде тәуелдеп айт

4-сұрақ

Өнер деген сөздің орыс/ағылшын тілінде аудармасы?

5-сұрақ

Дәптер сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

6- сұрақ

Туынды зат есімге мысал келтір

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді

Қ.Б: мадақтау арқылы

-Бүгін сендер дизайнердің рөлін сомдап, шақыру қағазын жасадыңдар. Ал енді оқушының рөліне қайта келіп, пайыздар арқылы өздеріңді бағалаңдар.

Қалпақтар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

25%

50%

100%

Слайд 8

Слайд 9

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

«Қорытынды» тәсілі Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек

«Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Қ.Б: мадақтау арқылы

Қ.Б: смайлик арқылы

Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды

Кері байланыс

Топтық және оқу құралдарын қолдануда, шақыру қағазын жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу