2.Қазақ тілі_3сынып_5 бөл¦м_Өнер__77 сабақ Презентация


Қазақ тілі

3 -сынып

5 -бөлім 77-сабақ

Зат есімнің тәуелденуі

(Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық 2-бөлім «Атамұра» 2018ж.

Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас )

Бағалау критерийлері:

-Тақырып бойынша әңгіме құрайды

-Туынды зат есімдерді анықтайды

-Тәуелдік жалғауларын қолданады

Психолгилық ахуал

«Сәлеметсің бе?»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді.Бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тәлеймін (бас бармағын тигізеді);

-Табыс (сұқ саусақ);

-Үлкен (ортаңғы);

-Барлығында (атаусыз);

-Барлық жерде (шынашақ);

-Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді)

Миға шабуыл

Бір, екі, үш деп санай отырып үш топқа біріктіріледі. Жұмбақтың жауабын үш жақта тәуелдеп айтып бер.

.

1-топ

Әжемнiң қалпақты таяғы,

Қолына алса жүгiрер,

Шорланып белi бүгiлер.  

2-топ

Жүнді жайып өрнектеп, шиге орап тептік төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп, дап-дайын тамаша

3-топ

Ұқсайтын шеңберге қабырғасы жиылып,керіледі. Жиһазы мол кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді

Ережемен жұмыс

Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды:Өнер-ін, әке-м, әже-ң, ат-ы, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: дос-ым, дос-ың,

дос-ыңыз, дос-ы; дос-ымыз, достар-ың, достар-ыңыз, достар-ы.

Зат есімнің тәуелдік жалғаулары

44-жаттығу (Ж) «Галерея» әдісі

Үш түрлі сурет ілінеді.Сол суреттер бойынша жұптар әңгіме құрастыру қажет.

Сурет бойнша әңгіме құрастыр. Әңгімеде тәуелдеулі және туынды зат есімдерді пайдалан.

45-жаттығу (Ж) «Ойлан,тап» әдісі

Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.

Ақши – Әминаның ауылы ауылда ши өседі Әмина бір бума ши әкелді шешесі одан ши тоқыды ши тоқу өнер.

46-жаттығу (Т) «Кластер» әдісі

Бейнежазба көрсету .Киіз үйдің жасалу жолдарымен танысу және кластер құрсатыру. Ши сөзін үш жақта тәуелдеп жаз.

1-топ Үйдің сүйектері(ағаштан жасалған бөліктері)

2-топ Киіздері (ши де осыған жатады)

3-топ Арқан-баулары (баулары, басқұр және арқандары)

Кері байланыс

«5-5-1» әдісі

Бүгінгі өткен тақырыпты бес сөйлеммен қорытындылаңдар

Үйге тапсырма:Ақ ши және ораулы ши туралы дереккөздерден жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу