1.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_ Уақыт_№11. Жалаң және жайылма сөйлем_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №11. Жалаң және жайылма сөйлем

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;

мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Бағалау критерийлері

-мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады;

-жіберілген қателерді тауып, түзетеді;

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

-мәтін не туралы?

-мәтіннен қандай ой түйдің?

-мәтінге қандай тақырып қояр едің?

Құндылықтар

Алдыңғы меңгерілген білім

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылар гүл күлтесін бір – біріне беру арқылы тілек білдіреді.

Гүл күлтелері арқылы бес топқа бөлінеді.

«Қар кесегі» әдісі

Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Cөйлем мүшелерін ата.
  • Баяндауыш дегеніміз не?
  • Бастауыш дегеніміз не?
  • Бастауыштан кейін қандай жағдайда сызықша қойылады?

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Слайд -1

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

ІІІ. )

Сызбамен жұмыс

Бұл тапсырма «Бірлесіп жазамыз» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар жұпта отырып сөйлем құрастырып жазады.( ламинатталған парақ) Топта жазған сөйлемдерін оқып, талқылайды. Тыңдалған сөйлемдердің арасынан ұтымды құрастырылған сөйлем таңдалып, тақтаға бір оқушы шығып қорғайды.

Жаңбыр жауды. Кеше жаңбыр жауды.

Осы үлгідегі сөйлемдер талдатылып, әр сөйлемдегі сөздер саны анықтатылады. Сөйлем мүшесіне талдайды. Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан, ал екінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшесінен тұратындығы туралы тұжырым жасалады. Сыныптастары шапалақ арқылы топ жұмысын бағалайды.

Ереже: Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

ІІІ. ) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

Бұл тапсырма «Ғажайып алаң» әдісі арқылы орындалады. Сандардың астына жазылған сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді түсініп оқы.

Мен әр демалыс сайын ауылдағы атама барамын. Атам – орманшы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі.

Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай сағатта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім.

Жас натуралистер» кітабынан

-мәтін не туралы?

-мәтіннен қандай ой түйдің?

-мәтінге қандай тақырып қояр едің?

-мәтіндегі негізгі ойды анықта

-Ол атасынан не үйренді?

-Сағатты қалай анықтауға болады екен?

Мәтіннен жалаң сөйлемдерді теріп жаз.Сөйлем мүшелеріне талда.

Жұмыстарын оқушылар өзара тексереді.

Дескриптор:

-мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-негізгі ойын тұжырымдап айтады;

-мәтін мазмұнына сәйкес ат қояды;

Сергіту сәті

«Өз жұбыңды тап» ойыны: Бұл ойында оқушылар саны жұп болу керек. Мұғалім әр оқушыға бір - бірден сөз жазылған парақша үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды.

Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді.

ІV. 3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;

Тапсырма «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар топта жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазады.Мұғалім сөйлемді дауыстап оқуға әр топтан бір оқушы шығарады. Оқушы оқып болған соң, мұғалім басқа топ мүшелерінен осы пікірге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Жазу кезінде жазу талаптары ескеріледі.

Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз.

Маужырап күн еңкейді,

Ертіс кетті еңістеп,

Алтынданып, жарқылдап,

Су жыбырлап, жел жүріп,

Бетке салқын леп үріп,

Қалды іңір салқындай.

І. Жансүгіров

Дескриптор:

- жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;

-сөйлем құрастыра алады;

V. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;

Бұл тапсырма «Галлерияға саяхат» әдісі арқылы жүргізіледі. Стикерлер арқылы топ жұмыстары бағаланады.

Сәйкестендір

Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзет.

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Күн салғындады.

Ағаштың жапырағтары түсе бастады.

Құстар жылы жаққа ұшұп барады.

Күз мезгілі.

Балалар серуенге шығты.

Жанбыр сіркіреді.

Дескриптор:

-жіберілген қателерді анықтайды;

-қателерді түзетеді;

Слайд- 2

Слайд -3

Слайд -4

Қосымша№1

Слайд -5

Қосымша№2

Слайд -6

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтаймын

жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата аламын

жіберілген қателерді тауып, түзетемін

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Оқушылар топтық, жұптық жұмыс кезінде бір- біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы түсінбеген оқушыға түсіндіреді.
  • Шапалақ арқылы
  • Өзара тексеру
  • Стикерлер арқылы бағалау

Өзін- өзі бағалау

Жаратылыстану

Сыныпта қауіпсіздік ережесін сақтау

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу