алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

3.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_ Уақыт_№10.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_ Дидактикалық материал


3-тарау.Уақыт

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы:№10. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

Қосымша №1

Төрт мезгіл (ертегі )

Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?– деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.— Мен дайынмын!-дейді қызуқанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.— Мен де, – депті жадыраған Жаз.Жыл ақсақал оларға риза болады.— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған.Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар,–деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алып жатады.— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,–дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.

Қосымша №2

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Мәтіннің негізгі ойын анықтай аламын

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтаймын

Қателерді тауып, түзете аламын


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы