👈 қаріп өлшемі 👉

4.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_Уақыт_№10.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_Әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаулық

3-бөлім. Уақыт

Сабақ тақырыбы №10 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

Оқу мақсаттары 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Құндылықтар Уақытты қадірлеп, тиімді пайдалана білу

Пәнаралық байланыс : Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі- түсті қарындаштар, ламинатталған парақ

Сабақ барысы

І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Төрт жыл мезгілі туралы суреттерді топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға қиып,оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Әр топ жыл мезгілі туралы сөйлем құрастырады.

Саралау

І. Көктем - өмір бастауы.

ІІ. Жаз- ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл.

ІІІ. Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі.

ІV. Қыс – климаттық жағдайларға байланысты келетін мезгіл.

Топ оқушылары қарама -қарсы топ оқушыларына сұрақ қояды.Топтағы оқушылар сұраққа жауап береді.

  • Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты анықта.
  • Олар қандай сұраққа жауап береді?
  • Бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қой. Олар қай сөз табынан жасалған?
  • Қандай қорытынды жасадың?

ІІІ. (МК, Ө) Көркем жазу

Мұғалім сөйлемдегі сөздердің әріптерінің байланысып жазылуын еске түсіртеді.

Күз – молшылықтың, берекенің, байлықтың мезгілі.

-Мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

ІҮ. (Ө,Ұ,Т) 3.2.4.1

Бұл тапсырма «Күш-Әлсіздік-Мүмкіндік-Тәуекелдік» әдісі арқылы орындалады.

Мәтінді мұғалім немесе оқушы мәнерлеп оқып береді. Мәтін кейіпкерлерінің көңіл-күйін келтіре оқу керек.

  Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Мәтінде не туралы айтылғанын, оқиғаның немен аяқталғаны туралы ойланады. Жауаптарын сыныпта талқылайды. Мәтін соңындағы сұрақты оқып, сол сұраққа жауап береді. Оқушылардың әрқайсысы өз бетінше ойланады.

 Қарамен жазылған сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызады..

Саралау: Барлық оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Төрт мезгіл (ертегі )

 Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?– деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.— Мен дайынмын!-дейді қызуқанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.— Мен де, – депті жадыраған Жаз.Жыл ақсақал оларға риза болады.— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған.Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар,–деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алып жатады.— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,–дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.

1-тапсырма: (Ұ,Ө) Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызу.

Саралау

Жаз- жадыраған жайдарлы мезгіл.

Күз-көңілшек, ақкөңіл – мезгіл.

2-тапсырма:

  • Жыл ақсақал балаларын не себепті шақырды?
  • «Енші» деген сөздің мағынасын түсіндір.
  • Мәтін не туралы?
  • Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
  • Мәтіннен қандай ой түйдің?
  • Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің?

Бұл тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.Берілген сұрақтарға әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3мин) қағазға түсіреді.Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. Жасаған жұмыстары сыныптастары тарапынан бағаланады.

Ү.Сергіту сәті.

Қимыл қозғалыс арқылы жыл мезгілдерінің ауа- райын көрсетеді.

Тынық күнде , бір мезет,

Жел тұрады гуілдеп.

Құлақ салып тыңдасаң,

Дыбыстайды у- у- у деп. (қыс)

Бұлт үйірілсе аспанда,

Түнереді атырап.

Жаңбыр жауса бір мезет,

Дыбыстайды тырс – тырс – деп ( көктем)

Күзгі орманда жапырақ,

Жел тұрғанда шуылдап.

Дыбыстайды ыш – ыш- ыш- деп ( күз)

ҮІ. (Ө,Ұ,Т) 3.3.7.2, 3.3.5.1

Көру диктанты

Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу. Қара әріппен жазылған сөзге назар аудартылып, сөздің айтылуы мен жазылуына мән беру. Диктант мәтіні алдын ала тақтаға немесе плакатқа жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі- үш рет оқып шығуына, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім мәтінді жауып қояды. Оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп жазады.

Мәтіннен уақытқа байланысты сөздерді анықтайды. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады.

 Айдын мен Самат үшінші сыныпта оқиды. Олар бос уақытын бірге өткізеді. Қыстыгүні мұз айдынында коньки теуіп, таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады.

Жазғытұрым жыл құстарына ұя жасап, ағашқа іледі. Олар – құстардың қамқоршысы.

Ал күздігүні жаз бойы өсірген бақша өнімдерін жинайды. Одан аналары қысқа түрлі дәруменді тағамдар дайындайды. Олар -анасының көмекшісі.

«Балдырған» журналынан

Оқушылар тақтада берілген мәтінге қарап өзін-өзі тексереді.

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтаймын

Мәтіннің негізгі ойын анықтай аламын

Қателерді тауып, түзете аламын

Қолданылған әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. А. Әлімов Алматы,2015
  • Балдырған журналдары

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы