4.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_Уақыт_№9.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_Әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаулық

3-бөлім. Уақыт

Сабақ тақырыбы №9. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, сұрақтар құрастыра алады;
  • үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Құндылықтар Уақытты тиімді пайдалана білу

Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі- түсті қарындаштар, ламинатталған парақ

Сабақ барысы

І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

1.«Ыстық лебіз»

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айтады.

«Артық затты тап» ойыны

Оқушылар берілген суреттің ішіндегі артық затты табады.

Не үшін сағаттың артық зат екенін дәлелдейді.

«Микрофон» әдісі арқылы жауап береді.

Менің ойымша.........

Себебі.......

Өйткені........

- Сағат не үшін қажет ?

- Неліктен уақытты білу маңызды?

- Уақытты тағы нелермен өлшеуге болады ?

2.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

МК, Ө) Көркем жазу

Мұғалім сөйлемдегі сөздердің әріптерінің байланысып жазылуын еске түсіреді.

Уақытты зая кетіру – орны толмас өкініш.

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІІІ. ) 3.3.7.2

Сөйлемдердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықта.

Бұл тапсырма «Т – кестесі» арқылы орындалады.

Айгүл – биші.

Тышқан – жыл басы.

Уақыт – қымбат нәрсе.

Айгүл мереке күні биледі.

Азат тышқан жылы туды.

Уақытты пайдалана білу керекпіз.

Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды.Содан соң жұптасып немесе шағын топ ішінде кестелерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады.

-Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып,оларға сұрақ қой, салыстыр.

- Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аудару.

-Не байқадың?

-Қандай қорытынды жасадың?

Ереже

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

ІҮ. (Ө,Ұ,Т) 3.2.3.1

1.Өлеңді оқы. Қарамен берілген сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Жазылуы: Бүгінгі, ертеңгі ,бүрсігүнім, арғы күнім ,ауыр күнде, соңғы күні

Айтылуы: Бүгүнгі, ертенгі, бүрсүгүнім, арғы гүнім, ауыр гүнде, соңғы гүні

2. (Т) Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу.

Бұл тапсырма «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы жүзеге асады. Мәтінмен танысып болғаннан кейін оқушылар жұпта бір-біріне мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған «Қалай ойлайсың?» сұрағы бойынша жұпта оқушы екі сұрақтан дайындайды. А оқушы В оқушыға сұрақты жазбаша түрде дайындап, оларды қояды, В оқушы жауап береді. Керісінше, енді В оқушы А оқушыға сұрақ дайындап, оларды қояды. Мұғалім бірнеше оқушының жауабын тыңдайды. Сонан соң топта ортақ бір сұрақ дайындайды. Мұнда басты назарды жауапқа емес, сұраққа аудару керек. Оқушылардың құрастырған сұрақтары - олардың сабақта қандай дәрежеде жұмыс жасағандығының айғағы. Сол себепті сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңынан жинап алуға болады.

Ү.Сергіту сәті.

Оқушылар қимыл – қозғалыс арқылы жасайды.

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,Сейсенбіде серуен құрдық далада,Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,Бейсенбіде би биледік әндетіп,Жұма күні жидек тердік ағаштан,Сенбі күні кино көрдік театрдан,Жексенбіде үйде болдық демалдықОсылайша өте шықты бір апта

(Т,МК,Қ) «Орныңды тап» ойыны бойынша тапсырманы орындау. Сөйлем құрылымын негіздеу.

Сөйлемдерді үлгі бойынша тексеру.

Тулақ – жүні қырқылған, иленбеген, кептірілген шикі тері.

Күләш Байсейітова – атақты әнші.

Тышқан жылы – тыңғылықты жыл басы.

Қорқыт – қобызшы, ұлы сазгер әрі жыршы.

Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыр ұлы.

Оқушыларды топтастырып, әр топқа жеке-жеке қима қағаздарға жазылған сөйлем құрамына кіретін сөздер мен тыныс белгісін бала санына байланысты ұсыну. (Егер сөйлемде 5 сөз және 1 тыныс белгісі болса, онда ол топ 6 баладан құрылады) Ұсынылған сөздер мен тыныс белгісін пайдаланып, сөйлем құрастыруға және орындарын тауып, ретімен орналасуына уақыт беріледі. Үлгі бойынша сөйлемдер тексеріледі. Әр сөйлемдегі баяндауыш пен бастауыш анықтатылады. Оқушылар тыныс белгісін дұрыс орналастырмаған жағдайда мұғалім жетекші сұрақтар қойып, сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді. Құрылған сөйлемдердің ішіндегі қою әріппен жазылған сөзге назар аудартылып, сөздің айтылуы мен жазылуына мән беріледі. Екі сөйлемді жатқа жаздыртады, тексеріледі.

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтаймын

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып,

сұрақтарға жауап беремін

Қателерді тауып, түзете аламын

Қолданылған әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. А. Әлімов Алматы,2015
  • Балдырған журналдары


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу