2. Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№8сабақ_Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_Презентация


Қазақ тілі 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы:

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Оқу мақсаты

мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.

Бағалау критерийлері

үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;

сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады.

Венн диаграммасы

   

 

 

 

 

 

Топта талқылау

Ереже

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады: Дина – күйші. Астана – әдемі қала.

Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Зат есімдерден болған баяндауыштардың астын сызыңдар. Оларға қандай сұрақ қойылады?

Бердібек Соқпақбаев – жазушы.

Роза Рымбаева – халық әншісі.

Мақалдарды түсініп оқы. Бастауыштары мен баяндауыштарын тап. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жаз. Өз жұбымен салыстырып, тексер.

1. Нан, тамақтың атасы

Ынтымақ, көптің батасы.

2. Денсаулық, зор байлық.

3. Кітап, алтын қазына.

Бойыңды сергек тік ұста,

Деміңді ішке тез ал да,

Емін-еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Дөңгеленіп зырласын.

Талқылау сұрақтары:

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша нені білдіреді?

Қалай ойлайсыңдар, екі бастауыштың арасына сызықша қойыла ма?

Кез келген сөйлемді бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойып айналдыруға бола ма?

Топтық жұмыс

«Алтын уақыт» деп неліктен атайды?

Уақыт туралы нақыл сөздер. Мағынасына талдау жаса. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

Әр күнің – жаңа өмір.

Уақыт – керемет ұстаз.

Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.

Сызба бойынша сөйлем құрап жаз

Мәтінмен жұмыс

1. Қарамен жазылған сөйлемдердегі сөздердің арасына сызықшаны қойылу себебін түсіндір.

2. «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» сөздердің мағынасын қалай түсінесің?

Сұхбат құрастыру

Біреуі - Астана қаласына саяхатқа келген турист, екіншісі – гид.

Сұхбатты бағалау критерийлері:

сұхбат барысында сөйлемдерінің өз рөлдеріне сәйкес болуы;

мәтінде берілген негізгі ақпаратты сақтауы;

диалог барысында сөйлеу әдебін сақтау.

Бағалау критерийлері

Үй тапсырмасы

Уақытты тиімді пайдаланудың ережесін жазып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу