4. Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№8сабақ_Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша_Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы:№8. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақ мақсаттары

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.

Ресурстар:үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар:

Ереже.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады: Дина – күйші. Астана – әдемі қала.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабы сөйлем екенін айтқан соң мұғалім сол сөздің мағынасын пысықтайды.

Венн диаграммасы арқылы оқушылар бастауыш пен баяндауыштың өзара айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін жазады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдер жазылған қосымша парақты таратып береді.

Оқушылар берілген тапсырманы төмендегі ретпен орындайды:

1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

2. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қой.

3. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын салыстыр.

4. Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аудар.

5. Сонда байқағаныңды топта талқыла.

Әмина – биші.

Серік – оқушы.

Шортан – балық.

Алмұрт – жеміс.

Әмина биледі.

Серік оқыды.

Балық шоршиды.

Алмұрт пісті.

Мұғалім оқушыларды ережемен таныстырады. Мысалдар талқыланады.

Тапсырма мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білуге бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазады. Содан соң зат есімдерден болған баяндауыштардың астын сызады. Оларға қандай сұрақ қою керектігі сұралады.

Ықтимал жауаптар:

Жазушы, әншісі – сөздерінің астын сызады, өйткені олар зат есімдерден болған баяндауыштар.

Тапсырма өздік жұмыс түрінде орындалады. Мұғалім мақалдарды түсініп оқуды ұсынады. Оқушылар сөйлемнің бастауыштары мен баяндауыштарын табады. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жазады. Тапсырманы орындап болған соң өз жұбымен салыстырып, тексереді.

Ықтимал жауаптар:

Нан – тамақтың атасы. Ынтымақ – көптің атасы. Денсаулық – зор байлық. Кітап – алтын қазына. Бастауыштар: нан, ынтымақ, денсаулық, кітап. Баяндауыштар: атасы, батасы, байлық, қазына.

Сергіту сәті. Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.

Мұғалім оқушылармен бірге талқылауға қойылатын сұрақтарды қарастырады. Ол үшін мұғалім оқушыларды топқа бөледі. Берілген сұрақтарды топта талқылап, бір бірінің ойымен бөліседі.

«Алтын уақыт» деп неліктен атайды? сұрағын топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Өз уақытын қалай пайдаланатыны туралы топта айтып, талқылайды.

Уақыт туралы нақыл сөздер тапсырмасы ұжымдық жұмыс түрінде орындалады. Нақыл сөздің мағынасына талдау жасайды.

Сызба бойынша тапсырма өздік жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұғалім презентация слайды арқылы сызбаны көрсетеді. Әр оқушы сызбаға сәйкес өзінің сөйлемдерін жазады. Мұғалім кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету қажеттілігін ескертеді. Сызбалар бойынша сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топта айтады.

Ықтимал жауаптар:

Қыс келді. Далада қар жауды. Балалар шаңғымен ойнады.

Мәтінмен жұмыс ұжымдық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Астанадағы «Күн сағаты» мәтіні беріледі. Мұғалім оқушылардан қарамен жазылған сөйлемдердегі сөздердің арасына сызықшаны қойылу себебін түсіндіруді өтінеді. «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Жұптық жұмысты мұғалім жұп құрудан бастайды. Жұпты парталас көршілерден құрайды. Оқушылар жұптасып сұхбат құрастырады: біреуі - Астана қаласына саяхатқа келген турист, екіншісі – гид. Жұптар өз сұхбаттарын ұжымға оқиды. Ұжым бағалау критерийлеріне сәйкес жұмысты бағалайды.

Бағалау критерийлері:

- сұхбат барысында сөйлемдерінің өз рөлдеріне сәйкес болуы;

- мәтінде берілген негізгі ақпаратты сақтауы;

- диалог барысында сөйлеу әдебін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)

Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтай аламын

Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазамын

Сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады

Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу