4.Қазақ тілі_3- сынып_3-бөлім_ Уақыт_№11. Жалаң және жайылма сөйлем_Әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаулық

3-бөлім. Уақыт

Сабақ тақырыбы №11. Жалаң және жайылма сөйлем

Оқу мақсаттары 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету

Бағалау критерийлері

-мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады;

-жіберілген қателерді тауып, түзетеді;

Құндылықтар

Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Ресурстар Кесте, ламинатталған парақ, үлестірмелі парақшалар, стикерлер т.б

Сабақ барысы

І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылар гүл күлтесін бір – біріне беру арқылы тілек білдіреді. Гүл күлтелері арқылы бес топқа бөлінеді.

«Қар кесегі» әдісі

Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Кезектесіп сұрақтарға жауап береді. Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.

ІІІ. ) Сызбамен жұмыс

Бұл тапсырма «Бірлесіп жазамыз» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар жұпта отырып сөйлем құрастырып жазады.( ламинатталған парақ) Топта жазған сөйлемдерін оқып, талқылайды. Тыңдалған сөйлемдердің арасынан ұтымды құрастырылған сөйлем таңдалып, тақтаға бір оқушы шығып қорғайды.

Жаңбыр жауды. Кеше жаңбыр жауды.

2.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Осы үлгідегі сөйлемдер талдатылып, әр сөйлемдегі сөздер саны анықтатылады. Сөйлем мүшесіне талдайды. Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан, ал екінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшесінен тұратындығы туралы тұжырым жасалады. Сыныптастары шапалақ арқылы топ жұмысын бағалайды.

ІІІ. ) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

Бұл тапсырма «Ғажайып алаң» әдісі арқылы орындалады. Сандардың астына жазылған сұрақтарға жауап береді.Топтан бір оқушы шығып барабанды айналдырады.Тоқтаған санның астындағы сұрақтарға жауап береді.

-Мәтін не туралы?

әтіннен қандай ой түйдің?

әтінге қандай тақырып қояр едің?

әтіндегі негізгі ойды анықта

-Ол атасынан не үйренді?

-Сағатты қалай анықтауға болады екен?

Мәтінді түсініп оқы.

Мен әр демалыс сайын ауылдағы атама барамын. Атам – орманшы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы көп біледі.

Бірде атам екеуіміз орман ішін аралап жүріп, алаңқайға шықтық. Алаңқайда әртүрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Атам бір гүлге қарап, сағаттың бес болғанын айтты. Мен таңғалдым. Атам маған әр гүлдің қай сағатта ашылып, қашан жабылатынын білсең, онда уақытты білу қиын емес екендігін айтты. Мен атамнан көп нәрсе үйрендім.

Жас натуралистер» кітабынан

Мәтіннен жалаң сөйлемдерді теріп жазады. Сөйлем мүшелеріне талдайды.

Жұмыстарын оқушылар өзара тексереді.

Дескриптор:

-мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-негізгі ойын тұжырымдап айтады;

-мәтін мазмұнына сәйкес ат қояды;

Сергіту сәті

«Өз жұбыңды тап» ойыны: Бұл ойында оқушылар саны жұп болу керек. Мұғалім әр оқушыға бір - бірден сөз жазылған парақша үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды.

Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді.Мысалы бұлт деген сөзді оқыған баланың қасына торлады сөзін оқыған бала барып сөз тіркесін құрайды.

ІV. 3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;

Тапсырма «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы орындалады. Оқушылар топта жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазады. Күн еңкейді. Ертіс еңістеді.Іңір салқындады.Мұғалім сөйлемді дауыстап оқуға әр топтан бір оқушы шығарады. Оқушы оқып болған соң, мұғалім басқа топ мүшелерінен осы пікірге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Жазу кезінде жазу талаптары ескеріледі.

Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазады.

Маужырап күн еңкейді,

Ертіс кетті еңістеп,

Алтынданып, жарқылдап,

Су жыбырлап, жел жүріп,

Бетке салқын леп үріп,

Қалды іңір салқындай.

І. Жансүгіров

Дескриптор:

- жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;

-сөйлем құрастыра алады;

V. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;

Бұл тапсырма «Галлерияға саяхат» әдісі арқылы жүргізіледі

Жұмыс аяқталған соң сынып тақтасына іледі. Мұғалім белгі берісімен, топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі. Тақтаға ілінген жұмыстарды қарайды, сараптайды, талдайды. Ол үшін топ оқушысы қағазға пікірін немесе сұрағын жапсырып кетеді. Галерияға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз жұмыстарына жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Стикерлер арқылы топ жұмыстары бағаланады.

Сәйкестендір Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзет.

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Күн салғындады.

Ағаштың жапырағтары түсе бастады.

Құстар жылы жаққа ұшұп барады.

Күз мезгілі.

Балалар серуенге шығты.

Жанбыр сіркіреді.

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтаймын

жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата аламын

жіберілген қателерді тауып, түзетемін

Қолданылған әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. А. Әлімов Алматы,2015
  • Күншуақ журналы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу