👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 2 бөлім. Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу.Қысқа мерзімді жоспар


Пән:қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге үйренеді.

Мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдай алуды үйренеді.

Оқушылардың сөздік қоры молайып, орфографиялық сауаттылығы артады.

Бағалау критерийлері

-оқушылар байланыстырып жазу және сөйлеу дағдыларын дамытады;

-сауатты жазуға үйренеді;

Сөздік қор

бата, тілек, ризалық.

Құндылықтарды дарыту

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап беріп және берілген сурет бойынша әңгіме құрайды;

Оқушы өз­өзіне баға беру үшін, қасындағы сыныптастарының ерекшеліктерін аңғаруға, өз ойын салыстыруға, жинақтай білуге үйренеді.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Оқушылар оқиғаны жүйелі баяндайды, сөздік қорларын молайтады.

Әңгімелеу мәтіні туралы білімдерін еске түсіреді, оны құрастыра білу дағдыларын дамытады. Тұжырым жасауға бағыттай отырып, ойлаудың жоғары деңгейінде әрекет етеді.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін­өзі тану.

ИВТ

Презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Оқулық: 48–49 беттер. Жұмыс дәптері: 24­бет

Ұйымдастыру кезеңі.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайсың;

-тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайсың;

-жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Презен тация

Сабақ ортасы

35 минут

Ойланайық, пікірлесейік.

Оқушылардың барлығы бұл тапсырманы жеке орындайды. Соңынан топта қорытындыланады.

Мұғалім әр оқушыға кесте жазылған парақшалар таратады. Бұл жерде оқушы басқа оқушының пікірін тыңдау үшін қасына барып сөйлесіп, пікірлеседі.

Әр оқушы өз қолынан келетін жақсы істер тізімін жасау қажет. Бұл істерді сыныпта тағы кімдер орындай алатынын анықтайды.

Менің қолымнан келеді

Достарымның жақсы

қасиеттері

Жазып болған соң қай баланың есімі көп жазылды. Сол оқушыға ұсынады. Соңында қай бала көп жиналғаны анықталады. Қорытындысы шығарылады. Мұғалім әр топтан бір оқушыдан шығарып мынандай сауал қояды.

-Өзгенің қолынан келетін, бірақ сен атқармаған игі істер бар ма екен?

Топ құрмындағылар сыныптасының ойын толықтырады.

Құрастырайық.

Жұмыс топпен орындалады. Суретке назар аударту. Сурет бойынша қандай мәтін құрастыруға болатыны туралы ақылдасады. Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі еске түсіріледі. Мәтін құру кезінде суреттегі үш балаға құрамында э, ф, в, ц дыбыстары кездесетін есімдер ойлау табу тапсырылады.

Сыныпта әр топтың құрастырған әңгімесі тыңдалады. Оқушылар бас бармақ әдісімен бағалайды. Мұғалім құрастырылатын әңгіме критерийін сыныппен белгілеп алады.

Тапсырма топпен орындауға арналған.

Тапсырма «Детектив» әдісі арқылы орындауға негізделді. Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да оқулықтағы сұрақтар карточка түрінде беріледі. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде осы сұрақтарға жауап беруі үшін топта әр оқушы өз ойын ортаға салып талқылайды. Осылайша топ ішінде ортақ бір шешімге келеді. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз шешімдерін жариялайды. Шешімдерін қандай тәсілмен анықтағандарын айтып, ой бөліседі.

Oқушылap қaйтa тoптacтыpылaды, ceбeбi oлap бip тoп мүшeлepiнiң құpaмымeн жұмыc жacaуғa жaлығуы мүмкiн жәнe oқушылapды әpтүpлi aдaмдapмeн бipiгe жұмыc жacaуғa үйpeнулepi кepeк.

Мұғaлiм oқушылapғa «мүмкiн opын aуыcтыpып oтыpғың кeлep, eндeшe бacқa opынғa бap» нeмece «кiммeн бip тoптa бoлғың кeлeдi, coл тoптың мүшeciмeн aуыc» дeп, құpaмды өзгepтeдi.

Тапсырма топпен, жұппен орындауға арналған.

Тапсырманы орындату «Пирамидалық талқылау» әдісі қолданылады. Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін оларға пирамидалық талқылау сызбасы сызылған, ортасына

«Фестивальді, фестивалі. Қандай ереже шығаруға болады? Ойлан. Қорытынды жаса.» деген нұсқау жазылған А3 форматты қағаз беріледі.

Топтағы әр оқушы қағаздың өз тұсындағы бөлігіне жауап нұсқасын жазады. Содан кейін талқылау қағазын сағат тілімен бұрады. Оқушылар топтың басқа мүшесі жазған жазбаны оқып, соған байланысты өз ойын (мақұлдаған немесе толықтырған) жазып қалдырады.

Топ мүшелері «Пирамидалық талқылау» сызбасының ең соңғы (жиектегі) бөлігіне алдыңғы жазбалардың нәтижесін ескере отырып, қорытынды жауапты жазады. Осылайша кестеде берілген мысалдар негізінде жіңішкелік белгісіне аяқталатын сөздердің емлесі туралы оқушының пайымдауындағы ереже нұсқасы пайда болады. Соңында мұғалім әр топтың жауап нұсқасын тыңдап, оқушылардың дұрыс жауап нұсқасын таңдауына бағыт береді.

Келесі жаттығуды әр оқушы өз бетімен орындайды. Жұптық тексеру жүргізіледі.

Мұғалім «Пирамидалық талқылауға» топ мүшелерінің түгел қатысуын қадағалау үшін әр оқушыға әртүрлі түстегі қалам береді.

Сергіту сәті.

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

Жазайық.

Тапсырманы оқушылар жеке орындайды.

Оқушылар қалаған суретіне әңгімелеу мәтінін құрастырды. Мұғалім ресурс бойынша саралау жүргізе алады. Қажетті сөздер мен сөз тіркестері жазылған карточкалар арқылы кейбір оқушылар дұрыс байланыстырып жаза алады.

Дифференциация.

1.Тақтаға орындары ауысқан әріптер беріледі. Шешуі экология, экспедиция, энциклопедия, электр сөздері (бұл сөздерді оқушылар үй тапсырмасынан әдемі көркем жазып келген) Бұл сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы айтылады.

Сөздердің мағыналық жағынан бір­бірімен байланысы табылады. Мысалы, энциклопедияда экологтардың экспедициялық жорықтары туралы мәлімет берілген. Электр тогының тарихы жөнінде энциклопедиядан оқыдым.

2.Үлкендердің ақылы, ақ батасы еске түсіріледі.

Бата кез келген жерде айтыла бермейді. Батаның түрлері көп, тек бір­бірінен шатастырып алмау керек:

мерекелік бата, ас батасы, алғыс батасы, ақ бата, той батасы және т.б.

Бұл оқиғаға ақ бата және алғыс батасы лайықты.

Не істеуге болмайды?

Үлкендердің жылатуға болмайды

Кіші баланы тәртіпсіздік жасауға болмайды

Сабақтан алдынан кесіп өтуге болмайды

Сыныпта кешігуге болмайды

Не істеу керек?

Үлкенді тыңдау керек

Алдымен жақсы оқу керек

Айтқанды сыйлау керек

Сабақты қыз балаға жол беру керек

Досқа үйрену керек

Мұғалімнен көмектесу керек

Ақ бата.

Ел­жұртыңының гүлі бол,

Шам­шырағы, нұры бол,

Көп жасай бер, қарағым!

Болашақта ірі бол,

Ірілердің пірі бол

Сабақты қорыту. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру. Оқушылар өзін­өзі бағалауды символдар түрінде ұсынуға болады, мысалы, бағдаршам түстері.

Оларды жеке немесе белгілі бір сұрақтармен, тұжы- рымдамалармен бірге пайдалануға болады.

стикер,

маркер

лер,

А4,

А3 қағаз

дары,

кесте,

орын

дары ауысқан әріптер

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 1.Тақтаға орындары ауысқан әріптер беріледі. Бұл сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы айтылады.

 2.Үлкендердің ақылы, ақ батасы еске түсіріледі.Өздерінен бата сұрау.

Оқушылар өзін­өзі бағалауды символдар түрінде ұсынады, мысалы, бағдаршам түстері.

Оларды жеке немесе белгілі бір сұрақтармен, тұжы- рымдамалармен бірге пайдаланады.

Сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы