👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 2 бөлім. Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу.Қысқа мерзімді жоспар


Пән:қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. Жақсы болу өз қолыңда.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары

Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге үйренеді.

Мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдай алуды үйренеді.

Оқушылардың сөздік қоры молайып, орфографиялық сауаттылығы артады.

Бағалау критерийлері

  • оқушылар тірек сөздерді белгілеуді, сұрақтар құрастырады;
  • көркем жазады;

Сөздік қор

дәруіш, даңғой, күншіл, көзсіз ерлік

Құндылықтарды дарыту

Берілген сөздер арқылы оқушылар тақырыпты болжап үйренеді, сұрақ­жауап құрастыруға жаттығады.Оқушыларды мейiрiмдi, еңбекқор, батыл, адал, шыншыл, ақылды болу, баулу.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Оқушыларды тақырып бойынша негізгі идеяны анықтауға оқушыларды сыни ойлауға бағыттайды. Оқушылар оқыған мәліметтеріне өз білгендерін қосып, жүйелі сөйлеуге дағдыланады. Бұл тапсырма оқушылардың зердесін дамытып, сауатты жазу дағдыларын жетілдіреді.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін­ өзі тану.

ИВТ

Презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 44–45 беттер.т Жұмыс дәптері: 22­бет

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бересің;

- Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды үйренесің;

Презен тация

Сабақ ортасы

35 минут

Ойланайық, пікірлесейік.

Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Берілген сөздің мағынасын анықтап, ол қасиеттің адам үшін қажеттігін немесе керек еместігін анықтап

дәлелдейді. Кейіннен сыныпта талқылайды.

Оқулықта берілген мейiрiмдi, қатігез, еңбекқор, жалқау, батыл, қор­ қақ, адал, ұрлық жасау,шыншыл, ақылды, өтiрiкшi, мақтаншақ деген сөздер карточкаға жазылып, әр жұпқа бір сөзден беріледі. Әр жұп берілген сөздің мағынасы туралы өз пікірін айтады, ол сөздің адамның жақсы не жаман қасиеті екенін анықтайды да, дәлел келтіреді.

Адам сұлбасын және қоқыс жәшігін дайындау. Оқушылар жақсы қа- сиетті адам сұлбасының ішіне жапсырады, ал жаман қасиеттерді қоқыс жәшігіне салады.

Сыныпты басқаруға арналған кеңестер: Сұрақтарға жауап беру үшін уақыт беріледі. Алдымен әр оқушы жеке ойланып алады да, жұбымен ақылдасады.

Әр жұпқа парақ таратылады. Параққа жауап жазылған соң, парақ артындағы жазуды оқиды. Онда 4 топтың аты жазылған.

Мәселен, еңбекшіл, ақылды, тілалғыш, батыл. Оқушылар осы сөздер жазылған қағазға өздерінің жазған қағаздарын жапсырады. Әр топ жазғандарын саралап, ойларын жинақтай келе бір шешімге келеді. Ортақ пікірге келіп, жұмыстарын бір­біріне таныстырады.

Тыңдайық және оқиық. Тапсырма түсініктемесі:

Тапсырманы оқушылар жеке және топпен орындайды. Мәтінді оқушылар іштей оқып шығады.

Сынып топқа бөлінеді. Әр топ құрамы мәтінді кезектесе оқып шыға- ды. Әр топтың оқу мәнері қадағаланады. Әр топ данышпан шәкіртінің қандай болуын қалайтыны туралы ой бөліседі. Қорытынды жасайды.

Шәкіртке қажетті қасиеттерді теріп дәптерге жазады: батыл, ақылды, еңбексүйгіш, төзімді, шыдамды.

Әр топқа жеке кейіпкердің суреті салынған АЗ қағазын ұсыну. Әр топ кейіпкердің жеке қасиеттерін ашып жазады. Ауызша қорғайды. Әр оқушының пікіріне қатысты кері байланыс беріп тұру.

-Данышпанның жауабынан қандай қорытынды шығарар едің?

Әр топтағы оқушы АЗ шетіне, кейін ортақ бір қорытындыны ортаға дөңгелекше ішіне жазады.

Тапсырманы оқушылар топпен орындайды.Мәтіннен қарамен берілген сөздерді, Конфуций, дәруіш, даңғойлау, күншіл, теріп жазады. Осы сөздердің білдіретін мағынасын анықтайды, синонимдерін табады.

Тапсырманы оқушылар топпен орындайды. «Сұрақтар қобди- шасына» оқушылар мәтін бойынша дайындаған сұрақтарын салады. Кейін бір­бірімен ауыстырып алады. Осылайша оқушылар бір­бірінің сұрақтары- на жауап бере алады.

Кейін сыныптан мұғалім үздік сұрақтарды анықтайды. Оның неліктен үздік екеніне сипаттама береді. Үздік сұрақтың иелерін ынталандырады.

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығу орындату.

Жазайық! Оқушылар жұмыс дәптерлеріне кестені сызып, мәтін бойынша толтырады.

Шәкірттер

Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер

Тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар кестені басшылыққа алып, мәтін бойынша ұстаз шәкірттерінің қасиеттерін жазады. Бұл тапсырма оқушыларға кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін түсіну үшін көмектеседі. Сондай­ай бір­бірімен салыстыруға жәрдемдеседі.

Қорытынды ойын жүйелі жеткізеді.

Оқушылардың сұраққа толық жауап айтуымен бірге жүйелі көркем тілмен сөйлеуіне және көркем жазуын қадағалап отыру.

Оқушылар сөйлеген кезде топтардың ішін аралап, пікірлерді таңдау. Кейіннен үздік 3 пікірдің иесін анықтап, сыныпқа таныстыру.

Анықтайық. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды.

Оқулықтағы кестеге назар аударту. Ол кестеден адам аттарын тауып оқуға болатынын ескерту. Кесте бойынша бірнеше адам аттарын тауып оқиды. Оларды қатыстырып сөйлем құрастырады.

Оқушылардың қабілеттерін дифференциялау. Оқушылар мәтінде қарамен берілген сөздерді түсіну үшін бұл сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып көреді.

Конфуций сөзінің дыбыстық құрамын анықтайды. Ф дыбысының сөздегі орнын анықтайды.

Құрамында ф дыбысы кездесетін кісі аттарын тауып жазып көру ұсынылады.

Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен­сараң жалпы есімдерде жазылады.

Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын) т. б.

Конфуций туралы мағлұмат беріледі. Конфуций – ежелгі Қытайдың ұлы ұстазы. Ол адам мінездерін тәрбиелеу мектебінінің негізін қалаушы.

«Сәл жақсы, кеңпейіл болып көріңіздер, сонда жаман әрекет жасауға қолдарыңыз бармайтыныны байқайсыздар», ­дейді ұстаз.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдау.

Бағалау стикер

лері, маркер

лер,

АЗ қағазы,

кесте,

онлайн таймер немесе құм сағат

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты қорыту. Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Оқушылар мәтінде қарамен берілген сөздерді түсіну үшін бұл сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып көреді.

  Конфуций сөзінің дыбыстық құрамын анықтайды. Ф дыбысының сөздегі орнын анықтайды.

  Құрамында ф дыбысы кездесетін кісі аттарын тауып жазып көру ұсынылады.

 

«Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдау арқылы тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті өткізіледі. Оқушылар көзге арналған жаттығу орындайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдалану. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беру.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы