👈 қаріп өлшемі 👉

4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№27 сабақ_Ч-щ дыбысы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: 27-сабақ. Ч, щ дыбыстары

Сабақ мақсаттары:

3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Ресурстар: афишалар, кесте, А4 қағазы, фломастер, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

 Ч, щ – қатаң дауыссыз дыбыстар. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде ғана жазылады. В, ф, ц, ч, щ әріптері өзге тілден енген сөздерде жазылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Үй тапсырмасына берілген ребус құрастыру тапсырманың нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Ол үшін көрші партада отырған 4 оқушыдан шағын топтар құралады. Топтар өзара ребустарымен алмасады. Топ мүшелері ақылдаса отырып, ребустардың шешуін табады. Ең қызық, ең күрделі ребустарды белгілейді. Сынып алдында таныстырып, көрмеге орналастырады. Қай ребус ұнағанын атап өтеді.

 

Есте сақтау диктанты. 31-жаттығу.

1.Кестеде берілген 12 сөзді, 30 сек ішінде жаттау.

2. Жатқа жазу.

3. Түпнұсқамен салыстырып, тексеру.

4. Қатесіз жазуын бағалау.

 Саралау

 - ч-щ әріптерінің астын сызу;

 - кестедегі әр бағаннан 1 сөзден таңдап, өзара байланыстырып 1 сөйлем құрастырып жазу.

Ш, щ, ч дыбыстарын жеке-жеке айтып, өзара салыстырады. Бұл дыбыстардың әртүрлі айтылу себебін түсіндіріп, мысалдар арқылы дәлелдейді. Сөз құрамында ш, щ, ч дыбыстарының орнын анықтайды. Кестедегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді. Дауыссыз дыбыстар анықтамасымен танысу, ой қорытындылау.

 

32-жаттығу. Сыныптағы мәнерлеп оқу қабілеті жоғары оқушыға оқытылады. Тыңдап, жұбымен ақылдаса отырып, тірек сөздерді белгілейді. Сыныппен тірек сөздер талқыланады. Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бір-біріне нақтылаушы сұрақтар қоя алады.

- Өлеңнен қандай пайдалы ақпарат алдың?

- Автор осы өлең арылы не туралы айтқысы келді?

Сергіту сәті. «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдауға ұсынылады. Өлеңді тыңдағанда қандай әсер алғанымен бөліседі. Өзіне ұнаған кадрларды атайды. Себебін түсіндіреді.

34-жаттығу. Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, оны талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жұмыс ұйымдастырылады.

(Ө) Өлеңді іштей оқу. Чемпион сөзіне дыбыстық талдау жасау.

(Ж) Чемпион деп кімді айтады? Жұпта пікіралмасу.

(Ұ) Қазақстандық олимпиада чемпиондарын суреттер бойынша атау. Олар туралы ақпаратты қандай дереккөздерден табуға болады? Сынып оқушылары сұрақтарға өз жауаптарын ортаға салады.

3-тапсырманы топпен бірігіп орындайды. Топтар кезектесе отырып сұрақтарға жауап береді. Әр топ 1сұраққа жауап береді де, кезекті келесі топ алады. Басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруін бақылайды және толықтыра алады.

І. Талдау жұмысы.

1. Бұл қандай афиша?

2. Кімдер кездеседі?

3. Олар спорттың қай түрімен айналысады?

4. Олар қай елдің өкілдері?

5. Бокс қай күні болады?

6. Бокс сағат нешеде болады?

5. Бокс қайда өтеді?

ІІ тапсырма: Спортшылар туралы қандай деректер алуға болады? Кестені толтыру.

Аты-жөні

Спорт түрі

Жасы

Бойы

Салмағы

Жетістіктері

Лақап аты

Қызықты деректер

Хоббиі

Афишада болмаған ақпараттарды қандай дереккөздерден тауып, іріктеп жазуға болады?

Дереккөздерден ақпарат алу тапсырмасының нәтижесі ретінде шығармашылық жүмыс РАФТ әдісі арқылы ұйымдастырылады. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Бағалау дескрипторы таныстырылады. Талқыланған ақпараттардың негізінде оқушылардың жазылым дағдысын дамыту ұсынылады. Оқушылар аяқтаған жұмыстарын таныстырады. Өзара тексеріп, жай қарындашпен шартты белгілермен бағалайды. Тапсырмадан соң қатемен жұмыс ұйымдастырылады

Р– олимпиада чемпионы

А – оқушыларға

Ф – жадынама

ТЧемпион болу үшін...

Бағалау дескрипторы:

  • дереккөздерден нақты деректерді іріктейді;
  • алынған мәліметтерді жүйелеп, кестеге түсіре алады;
  • алынған мәліметтерді жазу үшін қолдана алады;
  • жадынама құрылымын сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қадағалап, түртіп алу.

Оқушыларға қандай қолдау қажеттігін назарда ұстап, бағыт-бағдар беру. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалап, «Сөйлемді жалғастыр» шаблоны бойынша нақты жетістіктерін жазады.

Өзіме ұнаған жұмысым...

Менің сұрағым...

Айтар тілегім...

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2. Қазақ тілі.Оқу жоспары. 3-сынып7 2018-2019 оқу жылы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана, 2018 ж.

3. Байтенова К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, Әдістемелік құрал, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана, 2018 ж.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы