4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№24 сабақ_В дыбысы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №24. В дыбысы (Әңгіме құрауды үйренемін)

Сабақ мақсаттары:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.1.1 в әрпі бар сөздерді сауатты жазу;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

Ресурстар: Дыбыс түрлері кестесі, спортшылар суреттері, үлестірме материалдар, А4 қағазы, фломастер, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

 В – ұяң дауыссыз дыбыс. В дыбысы сөздің барлық буынында келе береді. В дыбысы көбіне өзге тілден енген сөздерде кездеседі. Адамның тегі –ов; -ова; -ев; - ева қосымшалары арқылы жасалу жағдайлары орын алған. Мысалы, Абдрахманов, Абдрахманова, т.с.с.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Кіру билеті» әдісі. Оқушыларға алдын ала дайындалған үлестірме қағаздар (кіру билеті ретінде) таратылады. Бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы сабақта өткен э дыбысының емлесі тақырыбында беріледі. Әр оқушы үлестірме қағаздағы сөз жұбынан қатесіз жазылған сөзді анықтап, жазу бұрышына іледі.

 Жұмбақ құрастыру шығармашылық тапсырмасы «№1 Жұмыс дәптері» негізінде ұйымдастыралады. Оқушылар төртеуара бірігіп, ақылдасып құруына уақыт беріледі. В дыбысы туралы алдыңғы білімі еске түсіріліп, дыбыстық-буындық талдау және сөздерді тасымалдау дағдылары пысықталады.

 

 «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі арқылы 20-жаттығуды орындау ұйымдастырылады. Әр оқушы алдымен өзі ойланып мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 2 сұраулы сөйлем құрастырып жазады. Құрастырған сөйлемдерін көршісі екеуі (жұпта) талқылап, ұтымды 2 сұраулы сөйлемді анықтайды. Қажет жағдайда сөйлемді толықтырады. Парталардың орналасу қатары бойынша үлкен 3 топ құрауға болады. Оқушылар сынып ішінде еркін қозғалып, топ құрайды. Әр жұп өз сұраулы сөйлемдерін ортаға салады. Топ мүшелері ақылдасып, ең ұтымды 2 сұрақты белгілейді. Топ сұрақтарын келесі топтарға қояды. Өзара жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтырады. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың жақсы идеяларын атап өтеді. Оқушылар жұмысты бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай алады.

 Ықтимал сұрақтар:

  • Велосипедті «желаяқ» деп атауымен келісе аласың ба?
  • Жылжымалы велосипедтің артықшылары сенің көңіліңнен шықты ма?
  • Неліктен велосипедтің қоршаған ортаға зияны жоқ деп есептеледі?
  • Қалай ойлайсың, шынында велосипедтің қоршаған ортаға қаупі жоқ па?
  • Адам организміне велосипед тебудің қандай пайдасы болады?т.с.с.

 

 «1 минуттық жазу» әдісі арқылы оқушылардың сөздік қоры деңгейі, сауатты жазу қабілеті анықталады.

 1. Оқушылар құрамында в дыбысы бар сөздерді 1 минут ішінде жазып шығады. Жазған сөз санын жай қарындашпен белгілеп алу ұсынылады.

 2. 1 және 2 -нұсқада отырған оқушылар сынып бөлмесінің екі жағына топтасып, өз жазған сөздерімен бөліседі. Бір оқушы жазған сөздерін оқиды, тыңдап тұрған оқушылар өздерінің жазбасында сөз кездескен жағдайда белгілеп, болмаған жағдайда сөзді жазып алады. Келесі кезекте оқушылар тек аталмаған сөздерді ғана оқиды. Топта идея алмасуға 2-2,5 минут уақыт беріледі.

  Қосымша білімді пысықтау мақсатында таңдаған сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Дыбыс түрлері» кестесі ұсынылады.

Шығармашылық үзіліс. «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында әңгіме құрау үшін РАФТ әдісі қолданылады.

Р – топ рөлін белгілеу (сату бөлімінің қызметкері, үйірме жетекшісі, велоспортшы, жарнама менеджері)

А – аудитория, кімге арналады (балаларға, ата-аналарға)

Ф – қандай формада (жарнама, пайымдау мәтіні, хабарландыру)

Т – тақырып: Велосипед – пайдалы көлік

Мәтін құрауда велосипедтің түрі, көлемі, пайдасы туралы айту және өйткені, себебі, сондықтан сөздерін қолдану талабы белгіленеді. Топта әңгімені құрап, топ мүшелері әрқайсысы кезектесіп қалай әңгімелеп беретінін келіседі. Бірлесе отырып, ой жалғап сөйлеу талап етіледі.

Саралау: жетекші сұрақтар

  • Әңгімені қалай бастауға болады?
  • Негізі ойды қысқаша қалай тұжырымдайсың?
  • Тақырыпты ашатын, себеп-салдарын түсіндіруге талпын.

Әңгімелеуге қойылатын талаптар:

  • тақырыптан ауытқымау;

• берілген тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді орынды қолдану;

• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

• тыңдаушыны қызықтыратын сөздер мен қаратпа сөздерді қолдану;

• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындаған соң бағалау дескрипторына сәйкес өзін-өзі өзара бағалауы ұйымдастырылады. Оқушылардың бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауды жүзеге асыруға дағдыландыру. Оқушылар қиындықпен игеретін дағдыларға көңіл бөлу, жетістігін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді келесі сабаққа іріктеу.

Топтық жұмыс барысын «2 жұлдық, 1 тілек» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Бағалау критерйіне сәйкес ұтымды шыққан 2 тұсын атайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу