4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№26 сабақ_Ф дыбысы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: №26. Ф дыбысы

Сабақ мақсаттары:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

Ресурстар: сурет, белгілер, кесте, А4 қағазы, фломастер, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«1 минуттық жазу» әдісі арқылы оқушылардың сөздік қоры, құрамында в, ф әрпі бар сөздерді сауатты жазу қабілеті анықталады.

Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында «Дыбыс түрлері» кестесі ұсынылады.

Құрамында «в» дыбысы бар сөздер

Құрамында «ф» дыбысы бар сөздер

1. Оқушылар құрамында в-ф дыбысы бар сөздерді 1 минут ішінде жазып шығады. Жазған сөз санын жай қарындашпен белгілеп алу ұсынылады.

2. 1 және 2 -нұсқада отырған оқушылар сынып бөлмесінің екі жағына топтасып, өз жазған сөздерімен бөліседі. Бір оқушы жазған сөздерін оқиды, тыңдап тұрған оқушылар өздерінің жазбасында сөз кездескен жағдайда белгілеп, болмаған жағдайда сөзді жазып алады. Келесі кезекте оқушылар тек аталмаған сөздерді ғана оқиды. Топта идея алмасуға 2-2,5 минут уақыт беріледі.

27-жаттығу бойынша алдымен құрамында ф дыбысы бар сөздерді терме жазу ұйымдастырылады. Нәтижесін жұпта жұмыстарын өзара тексеру арқылы бағалайды. Өзара тексеру барысында оқушылар жай қарындаш қолданғану ұысынылады.

Маңызды ақпаратты іріктеу мақсатында белгі салып оқу тәсілін қолданылады. Оқушылар мәтінді өз бетінше оқи отырып, маңыздылығына қарай сөйлемдерді 1, 2, 3 цифрларымен белгілейді. Оқушылар сынып ішінде еркін қозғалып, өзінің талдау нәтижесімен ұқсас оқушылармен топтасады. Өз идеяларын негіздейді. Ең маңызды ақпарат рейтингі шығарылады. Ол үшін мұғалім тақтада топтардың таныстыруы бойынша кестеге белгілеп тұрады.

Сөйлемнің реттік нөмірі

Маңыздылығы

1-орын

1-сөйлем

2-сөйлем

3-сөйлем

4-сөйлем

5-сөйлем

Жұмыс барысында оқушылардың

  • құрамында ф әрпі бар сөздерді сауатты жазуын;
  • мәтіннен маңызды мәліметті іріктеуін;
  • негізгі ойды тұжырымдай алуын қадағалап, бағалау қажет.

Сурет, белгілерден ақпарат алу білігін қалыптатсыру үшін өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. 2-тапсырманы «Байланыстарды анықтау» жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылып, топта талқыланады.

Саралау. Жетекші сұрақтар арқылы қолдау көрсетеді.

1. Қоғамдық көлікте ұялы телефонды қалай қолданаған дұрыс?

2. Қоғамдық ортада телефон арқылы өзгенің әңгімесін тыңдаудың қандай кері әсері болуы мүмкін?

2. Дастарқан басында ұялы телефонды қолдануға тыйым салудың қандай пайдасы бар? т.с.с

3-тапсырма Ұялы телефонды қолдану туралы нұсқаулық құрастыру топ бірігіп жүзеге асырады. «Кезекші қалам» тәсілімен топ мүшелерінің барлығына жазуға үлес қосады.

Орындалған жұмыстар таныстырылып, қабырғаға ілінеді. Әр оқушы жұмыстармен танысып, стикерлерге «2 жұлдыз 1 тілек» әдісімен кері байланысты жазбаша орындап іледі.

28-жаттығу өзіндік жұмыс формасында ұйымдастырылады. Оқушыларға жазба жұмысын орындауға нақты уақыт белгіленеді. Жұпта өзара тексеру ұйымдастырылады. Оқушылар жазба жұмысын тексеріп, жұмыс дәптерлерін көршісімен алмасады. Жай қарындашпен жұмыстарын оқулықпен сәйкестендіре отырып, тексереді. Қате кездескен жағдайда белгілейді. Мұғалім басшылығымен талқыланады.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қадағалау. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауды жүзеге асыруға дағдыландыру. «2 жұлдыз 1 тілек», «Стикер» әдісі бойынша бағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу