4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№23 сабақ_Э дыбысы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Э дыбысы. Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін

Сабақ мақсаттары:

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.

Ресурстар: Тақырыпқа қатысты суреттер, кестелер, түсіндірме сөздік, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: «Бинго» белсенді оқу әрекеті, «Теңіздегі капитан» сергіту сәті оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік ережелерін еске салу, оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру арқылы шаршамауын қадағалау ұсынылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Э - дауысты дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде және сөздің басында кездеседі: эфир, экипаж, экскалатор.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Бинго» дидактикалық ойыны оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау арқылы білімдерімен алмасуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың сөздік қоры мен сауатты жазу деңгейі туралы құнды мәлімет ала алады.

Ойынды ұйымдастыру үшін оқушыларға алдын ала дайындалған кесте таратылады. Кестені дайындау мүмкіндігі болмаған жағдайда оқушыларға блокнот немесе бір бет қағазға тапсрыманы орындатуға болады. Мақсаты: оқушы аз уақыт ішінде қажетті ақпаратты (құрамында э әрпі бар сөздерді) шапшаң жинап алуы тиіс.

1. Оқушылар сыныптың ашық бөлігінде еркін қозғалып жүреді.

2. Бір-бірінен сөздік қоржынға сөз айтуын өтінеді де, қағазға түртіп алады.

3. Өз кезегінде өзі де жауап береді.

4. Ең бірінші 10 сөз жазған оқушы «Бинго» деп дауыстайды. Осы тұста оқушылар сөз жазуды тоқтатады.

5. «Бингоға» ие болған оқушы сөздерін оқиды, қалған оқушылар өз тізімінде сол сөзді белгілейді. Қалып қалған сөздер болса, сыныпқа ұсынады.

6. Оқушылар парталас жұбымен бірлесе отырып, жазбаларын тексереді. Қол белгілері арқылы бағалайды.

Бас бармақ жоғары көтеру – қатесіз орындалған.

Бас бармақты жанына қарату – 1-2 қате кездеседі.

Бас бармақты төмен қарату – 3-4 немесе көп қате.

Ескерту:

Сыныпта қате жіберген оқушылар болса, онда мұғалім қате жіберген оқушылардың жұмыстарымен танысып, ортақ қателерді жүйелеп, қатемен жұмыс ұйымдастыруға уақыт бөлуі маңызды.

 Көркем жазу - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйрету қажет.

 Есте сақтау диктанты - оқушылардың құрамында э әрпі бар сөздерді сауатты жазуына ықпал етеді. Өткен білімді пысықтау мақсатында таңдаған сөзіне дыбыстық талдауды жазбаша орындау ұсынылады. Жазба жұмысын өзін-өзі тексеру ұйымдастырылады.

 16-жаттығуды «Белгі қойып оқу» (INSERT) әдісі арқылы ұйымдастыру ұсынылады.

Оқушылар іштей мәтінді оқып отырып кестеге мәліметтерді түсіреді немесе белгі салады. Оқушылардың оқу дағдысын ескеріп мәтінді оқуы мен мәліметті кестеге түсіруіне уақыт беріледі. Оқушылар тапсырманы жазу дәптеріне орындай алады.

Белгілер:

«V» − егер оқыған ақпарат таныс болса;

«−» − егер білген ақпаратына сәйкес келмесе;

«+» − егер жаңа ақпарат болса;

«?» - егер ақпарат туралы тереңірек білгісі келсе

V

+

?

Оқушыларға жұпта өз кестелерін талқылауға уақыт беріледі. Әр жұп кестенің ұтымды нұсқасын белгілеп, топтық талқылауға ұсынады. Көрші тұрған парталар бойынша 4 оқушыдан топқа біріктіру тиімді болады. Топта талқылау нәтижесінде ортақ кесте құрастырып, сыныпқа таныстырады. Мүмкіндік болса топтарға А3 қағазына жұмысты орындату. Мұғалім оқушылардың тереңірек білгісі келетін сұрақтарына өзара жауап беру, өз тарапынан толықтыру арқылы қолдау көрсетеді. Олардың өз бетінше ізденуіне бағыт береді. Осы жұмыс барысында жаңа сөздердің мағынасын ашу және қолдануына жағдай жасалады.

 Жазылымалды тапсырма: дереккөздерден мәлімет табу – сұраққа жауа табу мақсатында ұйымдастырылады.

 Мектеп кітапханасынан сабақ басталмас бұрын ЭКСПО туралы дереккөздер жиынтығын алып, сыныпта «Оқу бұрышын» ұйымдастыру ұсынылады немесе алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда оқушыларға ғаламтор арқылы ақпарат іздеу жолы көрсетіледі. Пайдаланған дереккөздерге сілтеме жасау жолы үлгісі көрсетіледі.

 - Мәліметті қандай дереккөзден алдың?

 - Ақпараттың шынайылығын қалай білуге болады?

 

 «ЭКСПО-2017 көрмесі» тақырыбы бойынша әңгімелеу мәтінін құрап жазу. «Бірлесіп жазу» әдісі.

1-кезең. Мұғалімнің үлгісі. Әңгімелеу мәтінінің кіріспе бөлімін жазу үлгісін тақтада көрсету. Сөйлемді қалай бастайтынын, сөйлемнің құрылымының дұрыстығын тексеру жолдарын көрсету. Мысалы, 1-нұсқа ЭКСПО-2017 көрмесі Астана қаласында өтті.

- Сөйлем түсінікті ме? Сөйлемнің тыынс белгісі дұрыс қолданылған ба? Сөйлемді тірек сөздерді қолданып, қалай толықтыруға болады?

2-нұсқа ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыз Астана қаласында өтті.

  • Әлі де сөйлемді жетілдіруге болады ма? Көрме туралы қандай дерекпен толықтыра аламыз? 3-нұсқа «Болашақ әнергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елордамыз Астана қаласында өтті.

Оқушылар сөйлемнің 3-нұсқасын дәптерге жазып алады.

2-кезең. Оқушылар идеясы негізінде жазу.

  • Келесі сөйлемді қалай жалғастыруға болады? Әр жұп ақылдасып, құрастырған сөйлемдерін фломастермен А4 қағазына жазу ұсынылады. Мұғалім жұптардың сөйлемдерін шолып шығып, арасынан талқылап, толықтыруға бір сөйлемді таңдайды. 1-кезеңдегі сияқты сөйлемді жетілдіру жолдарын сынып оқушыларымен бірлесе талқылып, тақтаға жазады. Оқушылар дәптеріне сөйлемнің соңғы нұсқасын жазады.

3-кезең. Қолдау көрсету арқылы жазу. Өз бетінше мәтінді жалғастыру дағдысы жетілдіріледі.

  • Келесі сөйлемді қалай жалғастырар едің? Сөйлеміңді фломастермен А4 қағазына жаз. Сөйлеміңді қалай толықтыруға болады?

Бұл кезең мұғалімге оқушылардың өз бетінше жазуға қаншалықты дайын екендігі туралы маңызды ақпарат береді. Әлі де қолдауды қажет ететін оқушыларға жеке көмек көрсетіледі. Оқушылар ары қарай мәтін құрыылымын сақтап, жазба жұмысын аяқтау тапсырылады.

 4-кезең. Жазуды аяқтаған соң оқушыларға өздерінің мәтінін бағалауға мүмкіндік беріледі. Өзара тексеру арқылы бағалау орындалуы да мүмкін. Мысалы:

  • жазба жұмысының мақсатқа және критерийлерге сәйкестігін талқылау;
  • бағалау критерийлері бойынша жұмысты тексеру.

«Өзін-өзі бағалау» кестесі негізінде рефлексия жасалады. Кестені оқушыларға таратуға мүмкіндік болмаған жағдайда оқушылар тақтадағы кесте бойынша бағалауды жүзеге асыра алады. Өзіндік рефлексия барысында оқушылардың бағалауы нәтижесі бойынша оқу дағдысы толық қалыптаспаған оқушыларға қалай қолдау көрсетуге болатынын келесі сабаққа жоспарлауға көңіл бөлінеді.

Критерийлер

Үйрендім және оны өзгелерге үйрете аламын

Толықтай сенімді емеспін

Қиналамын

ТТыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламынрақауап бере аламын

Сұраққа дереккөздерден жауап таба аламын;

жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы таба аламын;

ақпараттың маңызды тұстарын анықтай аламын;

Э әрпі бар сөздерді қатесіз жаза аламын

Жоспар және тірек сөздерді қолдана отырып әңгімелеу мәтінін құрап жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу