4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№28 сабақ_Ч-щ дыбыстары_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: 28-сабақ. Ч, щ дыбыстары. Мазмұндама жазайық

Сабақ мақсаттары:

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.

Ресурстар: мәтін шаблоны, диалогтің сызбасы, А4 қағазы, фломастер, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Кім шапшаң?» дидактикалық ойыны құрамында ч, щ дыбыстары бар орны ауысқан әріптерден сөз құрап жазу тапсырмасын жұппен орындауға беріледі. Оқушылардың қабілетін ескере отырып, тапсырманы орындауға нақты уақыт беріледі. Оқушылар орындаған жұмыстарын тақтадағы нұсқамен тексереді.

Тексеруге арналған: ащы, чемпион, черри, борщ, чек, чемпионат, тұщы, щи, чупа-чупс, Щучинск

 Шығармашылық диктант. Оқушыларға диктант мақсаты хабарланады. Сөйлемде түсіп қалған сөздерді құрамында щ-ч әрпі бар сөздермен толықтырып жазу ұсынылады. Мұғалім сөйлемді оқу барысында толықтыратын сөздің орнына қол соғады. Оқушылар сөйлем мағынасына қарай тиісті сөзді жазады.

Аспаз борщ/щи пісірді. Балхаштың батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы болып келеді. Балалар дүкеннен чупа-чупс/плащ сатып алды.

Жазылымалды тапсырма

35-жаттығу. Балтабай Әділовтің «Жақсы мен жаман» әңгімесі.

Оқушылар іштей мәтінді оқып, түсінбеген сөздерді белгілейді. Шағын топта жаңа сөздерді талқылайды, сөздердің мағынасын бірге ашады. Осыдан кейін де мағынасын түсінбеген сөздер қалса, сыныпқа талқылауға салады. Түсіндірме сөздік немесе мұғалімнің қолдауымен мағынасы ашылады.

Ықтимал жаңа сөздер:

Атыз – арнайы өсімдік егуге арналған жүйек

Ұсқынсыз – әдемі емес

Тырбық – жіңішке

Көңілі ортайып – көңілі түсіп, көңілсіз.

 Мәтіндерді бөлікке бөлу үшін сұрақтар қою, жауап беруді ұйымдастыру.

- Мәтін неше абзацтан тұрады?

- Бірінші абзац не туралы? Абзац неше сөйлемнен тұрады? Қысқаша не деп атауға болады?

- Мәтіннің негізгі бөлігі неше абзацтан тұрады? Оқиғаны қысқаша қалай тұжырымдауға болады?

- Қорытынды бөлімі неше сөйлемнен тұрады? Қалай атауға болады?

Жоспар үлгісі:

1.Гүл егу.

2.Гүлдің мұңаюы

3.Гүлдің құлпырып, өсуі.

Саралау:

Мәтіндегі диалогтің жазылу емлесін сөйлемнің тірек сызбасы арқылы түсіндіріледі.

Оқушылар шағын топта жоспар бойынша бір-біріне мазмұндап береді.Топ мүшелері бір-бірінің жауабын толықытырып, өзара оқыту жүзеге асырылады. Жазылымға қойылатын талаптармен таныстыру:

- жоспарға сәйкес жазу;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау;

- сөйлемдерді өзара мағыналық байланысты құрастыру;

- сөйлемнің жазылу емлесін сақтау;

- каллиграфиялық талаптарды сақтау.

 «Бірлесіп жазу» әдісі.

1-кезең. Мұғалімнің үлгісі. Оқиғаның кіріспе бөлімін жазу үлгісін тақтада көрсету. Сөйлемді қалай бастайтынын, сөйлемнің құрылымының дұрыстығын тексеру жолдарын үлгілеу. Мысалы, Диқан атызға бір гүл екті.

- Сөйлем түсінікті ме? Сөйлемнің тыынс белгісі дұрыс қолданылған ба? Сөйлемді оқырманға тартымды етіп, қалай толықтыруға болады?

2-нұсқа Диқан атызға бір түп гүл әкеліп екті.

  • Әлі де сөйлемді жетілдіруге болады ма? Диқан туралы қандай дерекпен толықтыра аламыз?Оқиға қай уақытта болуы мүмкін?

3-нұсқа Көктемде диқан атызға бір түп гүл көшетін әкеліп екті.

Оқушылар сөйлемнің 3-нұсқасын дәптерге жазып алады.

- Келесі сөйлем диқан туралы болады ма? Әлде гүл туралы ма? Әрі қарай сөйлемдердің байланысын үлгілеу.

2-кезең. Оқушылар идеясы негізінде жазу.

  • Келесі сөйлемді қалай жалғастыруға болады? Диологтің емлесін сызбасына қарап, назарда ұстау сұралады. Әр жұп ақылдасып, құрастырған сөйлемдерін фломастермен А4 қағазына жазу ұсынылады. Мұғалім жұптардың сөйлемдерін шолып шығып, арасынан талқылап, толықтыруға бір сөйлемді таңдайды. 1-кезеңдегі сияқты сөйлемді жетілдіру жолдарын сынып оқушыларымен бірлесе талқылып, тақтаға жазады. Оқушылар дәптеріне сөйлемнің соңғы нұсқасын жазады.

3-кезең. Қолдау көрсету арқылы жазу. Өз бетінше мәтінді жалғастыру дағдысы жетілдіріледі.

  • Келесі сөйлемді қалай жалғастырар едің? Сөйлеміңді фломастермен А4 қағазына жаз. Сөйлеміңді қалай толықтыруға болады?

Бұл кезең мұғалімге оқушылардың өз бетінше жазуға қаншалықты дайын екендігі туралы маңызды ақпарат береді. Әлі де қолдауды қажет ететін оқушыларға жеке көмек ретінде мәтін шаблоны беріледі. Оқушылар ары қарай мәтін құрыылымын сақтап, жазба жұмысын аяқтау тапсырылады.

 4-кезең. Жазуды аяқтаған соң оқушыларға өздерінің мәтінін бағалауға мүмкіндік беріледі. Өзара тексеру арқылы бағалау орындау мақсатында шартты белгілерді жай қарындашпен салынуы қадағаланады. Кез келген уақытта оқушылар қатесін түзеп, үйренуіне қолайлы жағдай жасалады.

  • жазба жұмысының мақсатқа және критерийлерге сәйкестігін талқылау;
  • бағалау критерийлері бойынша жұмысты тексеру.

 Қатемен жұмыс

 Сынып оқушылары жіберген қателерді классификациялау. Қате түрлерін бірге талдап, түсіндіру. Қате түрін қайталамауы үшін жаттығулар ұйымдастыру.

 Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қадағалау. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауды жүзеге асыруға дағдыландыру. Оқушыларға назар аударатын тұстарын нақты көрсету.

«Хабарлама» тәсілі мұғалім мен оқушының бағалауында сәйкессіздік болмауын, бағаның әділдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу