1. Қазақ тілі және әдебиеті_ 3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_Мәтін түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән:Қазақ тілі

Бөлімі: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: №2. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар

Оқу мақсаты:

3.2.1.1* тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.1.1* жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін, мұғалімнің қолдауымен құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтауды үйренеді

Оқушылардың көбі:

  • тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын анықтайды
  • сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады

Оқушылардың кейбірі:

  • сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтай алады
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

 Бағалау критерийлері

Сипаттау мәтіннің құрылымына қарай анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырады

 Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, сипаттау мәтін, пайымдау мәтін,әңгімелеу мәтін

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау үшін сұрақтар;

-Мәтін деген не?

-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз?

-Бұл мәтін неше сөйлемнен құралған?

-Әр сөйлемде неше сөз бар?

-Ләйлекке сипаттама беріңдер? Ол қандай құс?

-Ол немен қоректенеді?

 Құндылықтар

Жанды табиғатқа жататын жануарларды қорғауға баулу

 Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні.Жануралардың тірішілік көзі туралы алған білім қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба арқылы сипаттау мәтіні туралы өз ойларын жеткізеді

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

1-4 айтылым мен тыңдалым

Ширату

Мен оқушы баламын,

Оқып, білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоя отырып, нақты жауап беру дағыдысын жетілдіру.

- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Құстар қандай болады?

-Үй жануарларынан қандай ерекшеліктерін атай аласыңдар?

- Жәндіктердің қандай ерекшеліктері бар?

2-слайд,

4-слайд

Суреттер

Сабақтың ортасы

7 мин

айтылым мен тыңдалым

8 мин

Оқылым мен жазылым

4 мин

Айтылым мен тыңдалым

7 мин

Оқылым мен жазылым,

тыңдалым

4 мин

Жазылым,

тыңдалым,

айтылым

( МК.Ө) Көркем жазу

Үлкен жол көзді дәптермен таныстыра отырып, басәріп пен кіші әріптің биіктігін мен көлемін көрсету.Үлгі бойынша жазу.

( МК.Ұ.Ж)

- Мәтін деген не? (жазбаша,ауызша ойды жеткізу)

- Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? ( бір-біріне байланысты сөздер ғана мәтін құрайды)

- Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (әңгімелеу,сипаттау, пайымдау )

-Әңгімелеу мәтін дегеніміз не?

Яғни, әңгімелеу мәтін дегенміз, болған оқиғаны баяндап әңгімелейді екен.

Ендеше, тақтаға қарайық мен сіздерге мынадай жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Ерте тұрады,

Жар шақырады.

Басы тарақ,

Арты орақ.

Жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар? Әтеш (суретін көрсету)

- Әтеш қандай құс?(айдары бар, түсі әр-түрлі, үй құсы )

- Жұмбақта басы қандай делінген? (тарақ)

- Әтешті қалай сипаттауға болады?

- Әтештің түсі әр түрлі, таң атқанда бар даусымен шақырады.

Яғни, жұмбақта әтештің қандай құс екенін сипаттап тұр.

-Бұл жұмбақты мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?

- Сипаттау мәтіні

К)

Сипаттау мәтін туралы бейнежазбадан көру және есту арқылы, мәтіннің ерекшеліктерін оқушылар өз ойларымен жеткізеді. Демек, балалар сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз.

Кез келген затты түріне, түсіне,сапасына,пішініне қарай сипаттайды екенбіз. Ендеше сипатату мәтінінде негізінен тірек сөздер қай сөз табынан болады?

1-тапсырма Жұптық жұмыс

«Антивирус» әдісі арқылы оқушыларға суреттер мен сөз тіркестері беріледі.Сөз тіркестерінің артығын алып тастау керек.

өзі қу , айлакер, қызғылт сары,орман жануары

сыртқы келбеті әдемі, мойны ұзын ,денесі созылыңқы

Жүні жұмсақ,үлпілдеген,тұмсығы имек 

Жұптаса отырып, суретке тиісті сипаттаманы сәйкестендіріп,артық сипаттаманы сызып таста.

Дескриптор:

-сөз тіркестерін анықтайды

-сипаттамамен сәйкестендіреді

-артық сипаттаманы сызады

ҚБ: жұптар бір-бірін сипаттау мәтініндегі сөз тіркесін анықтағанын бағалайды

(Ұ,Т) 2-сыныпта өткен мәтін түрлеріне тән белгілерді естеріне түсіру.

Әңгімелеу мәтіннің ерекшелігі:

  • Мәтін «не істейді?, не істеді?» деген сұрақтарға жауап береді.
  • Тірек сөздері – етістіктерден болады.
  • Сөйлемдер тізбектеле байланысады
  • Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады

Сипаттау мәтіннің ерекшелігі:

  • Сөйлемдер заттың түр – түсін, қасиетін суреттейді
  • Сипаттау мәтіні «Қандай?» деген сұраққа жауап береді
  • Тірек сөздер – сын есімдерден болады.

2-тапсырма (Ө,Ж) Өзіндік жұмыс. Ләйлек туралы мәтін оқу. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру және жұпта бір-біріне қойған сұраққа жауап беру.

Ләйлек – мойны мен тұмсығы ұзын, сидам сирақты жыл құсы. Ол су жағалауында тіршілік етеді. Балықтармен,су өсімдігінің жапырақтарымен, жәндіктермен қоректенеді.

Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген ләйлекке қызыға қарайды. Ләйлекті сырттай көкқұтанға ұқсатады. Бірақ ләйлектің қауырсыны ашық болып келеді. Әрі бойы да биік.

-Бұл мәтін неше сөйлемнен құралған?

-Әр сөйлемде неше сөз бар?

-Ләйлекке сипаттама беріңдер? Ол қандай құс?

-Ол немен қоректенеді?

(Қ) Ұтымды 2 сұрақ құрастыруға бағыт беру.

Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды;

- пікір білдіруді қажет ететін сұрақ құрылымын сақтап құрастырады;

-өз пікірін білдіріп, жауап береді

3-тапсырма (Т.ж) «Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы

Бір, екі, үш деп санау арқылы оқушылар үш топқа біріктіріледі.

Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін сақтап, сөйлем құрастыр. Сөйлемдерді мағынасы бойынша орналастырып мәтін құрап жаз.

1-топ

Ақ аю

1. Қапталған, және, білезіктері, жүнмен, табаны. 2. Сұрғылт, кейде, жүні, қалың, ақ,

3. Аю, жыртқыш,ірі, ақ, аң.

4. Кейде 3 м, дене, 800 кг, .ұзындығы, оның, 2-2,5 м, биіктігі 1,5 м, салмағы,

Жауап:

Ақ аю – ірі жыртқыш аң. Ақ аюдың дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалың. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған.

2-топ

Түлкі

1. Жұмсақ, жүні, тығыз, әрі.

2. Сұрғылт сары, болады, түсі, жирен,әдетте.

3. Тұқымдасына, түлкі, жататын, ит, аң.

4. Орманда, мекендейді, жағалауларында, тау баурайларында, өзен-көл.

Жауап:

Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Әдетте түсі жирен, сұрғылт сары болады. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен-көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді.

3-топ

Арыстан

1. Жыртқыш, арыстан, айбатты, аң.

2. Кездеседі, көбінесе, жерлерде, шөлді.

3. сүтқоректілер, тұқымдасына, мысық, ол, түрінің, жатады..

4. Өмір, олар, сүреді, 30 - 35 жыл.

Жауап:

Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Ол сүтқоректілер түрінің мысық тұқымдасына жатады. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. Олар 30 - 35 жыл өмір сүреді.

Дескриптор:

-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- сөйлемдерді мағыналық жалғастырып, сипаттау мәтінін құрастырады

ҚБ: топтар бір-бірін дұрыс үлгісіне қарай отырып, бір-біріне кері байланыс беру арқылы бағалайды

5-слайд,

6-слайд

сурет

7-слайд

8-слайд

Бейнежазба /iMektep.kz/

«Сипаттау мәтін»

9-слайд

10-слайд

Қосымша 1

11-слайд

Суреттер,

таратпалар

қосымша 2

Сабақтың соңы

5мин

жазылым

Рефлексия: «Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы мәтін түрлерін қаншалықты меңгергенін білемін

Мен бүгін сабақта ......... білдім.(сипаттау мәтін туралы , сөйлемдер құрастырып жазуды)

Мен ...... ......... құрастыра аламын. . (мұғалімнің көмегімен, өз бетіммен сұрақтар)

Мәтіннің .........көңіл бөлуім керек. (сұрақтарына, тыныс белгілеріне, мағынасына)

Қ.б; «2 жұлдыз,1 тілек » арқылы

Үйге тапсырма:

Әңгімелеу мәтініне 2 сұрақ, сипаттау мәтініне 1 сұрақ жазып келу

12-слайд

Қосымша 3

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырмада барлық оқушылардың тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін қаншалықты меңгергенін анықтаймын. «Дерек көздер» саралауын қолданамын.

Топтық жұмыста көпшілігін көмекші сөздер арқылы мәтінді құрастыруда

«Диалог және қолдау көрсету» саралауын қолданамын.

- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек

қажет болады.

Қабілеті жоғары оқушыларғы Жеке жұмыста сұрақ құрастыруда

«Қорытынды» саралауды пайдаланымын

- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Сипаттауға арналған сөз тіркестерімен мәтін құрастырып жазу және сипаттау мәтінге тән сұрақтар құрастыруын бағалау.

Мадақтау мен «2 жұлдыз,1 тілек » арқылы тиімді кері байланыс беру

Топта бірін-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу