алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

1.Қазақ тілі_ 3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_ 5-сабақ Мәтіннің түрлері және құрылымдық бөліктері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 1. Жанды табиғат

5 -сабақ. Тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, сипаттау мәтінін, пайымдау мәтінін анықтай алады;
  • үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың көбі:

  • тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

 Бағалау критерийлері

  • Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу ,сипаттау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды.
  • Өз бетінше мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.
  • Сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады.
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтайды.

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Әңгімелеу мәтіні, сипаттау мәтіні, ақбөкен, қазық,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Бақшаны кім аралап келе жатты?

-Ол нені көрді?

-Торғай неліктен Омар атайға жалтақтап қарай берді?

 Құндылықтар

Айналадағыларға қамқорлық көрсету;

 Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату; 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;

 АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба арқылы тыңдалым және жазылым дағдыларын арттыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлерін сұрақтардың көмегімен анықтай алады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

3 мин

Тыңдалым,

айтылым

2 мин

Оқылым,

айтылым, тыңдалым

Ширату

«Көңіл-күйді анықтау» әдісі

Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін суретті салады. Табиғат құбылысына қатысты суреттерді салуға нұсқау беріледі:

1. Жарқырап күн шығып тұр.

2.Аспанды бұлт торлаған.

3.Жаңбыр жауып тұр.

(МК; Ұ;) «Шеңбердегі доп» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.Сағат тілімен допты бере отырып, «Торғай» мәтіні туралы және «Қоян» ертегісінен бір сөйлем айту.

Ашық сұрақ пен жабық сұрақты қоя отырып, оқушыларға қолдау жасаймын.

-Бақшаны кім аралап келе жатты?

-Ол нені көрді?

-Торғай неліктен Омар атайға жалтақтап қарай берді? т.б

А4 қағаз

Слайд 2

Доп

https://yandex.kz/images/search?text=доп%20суреті&img_url=https%3A%2F%2Favatars.mds.yandex.net%2Fget-pdb%2F875592%2Fc264e085-111e-4723-b6c6-ee748140855e%2Fs1200&pos=2&rpt=simage

Слайд 4

Сабақтың ортасы

Оқылым, жазылым, тыңдалым,

айтылым

10 мин

Оқылым,

тыңдалым

,айтылым

7 мин

Оқылым,

жазылым,

тыңдалым,

айтылым,

10мин

( МК.Ө) Көркем жазу

Үлкен жол көзді дәптерге бас әріп пен кіші әріптің биіктігін мен көлемін көрсету.Үлгі бойынша жазу.

19- жаттығу (МК; Т;) «Кластер» әдісі

Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау деп жазылған парақшаларды таңдау арқылы оқушылар үш топқа біріктіріледі.

Мәтін түрлері туралы біліміңді есіңе түсір.Берілген сөз тіркестерін, сұрақтар, сөйлемдерді тиісті мәтін түріне орналастыру арқылы кластер құрастыр.

1-топ Әңгімелеу мәтін

2-топ Сипаттау мәтін

3-топ Пайымдау мәтін

1.Оқиға, құбылыстың себептерін түсіндіреді, дәлелдейді

2.Бір нәрсе жайында хабарлайды.

3.Адам, табиғат, жануарларды сипаттайды

4.Неліктен? Неге?

5.Қандай? Қай?

6. Не істейді? Қайтеді? Қайда болыпты?

7. Бүгін жаңбыр жауады, өйткені күн бұлтты.

8. Қанат әдепті және озат оқушы.

9. Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді.

Дескриптор:

-әңгімелеу мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды

- сипаттау мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды

- пайымдау мәтініне қатысты сөз тіркесі, сөйлем, сұрақтарды анықтайды

-кластер құрастырады

Қ.Б: мадақтау арқылы

Сергіту сәті:

20-жаттығу (Ж.Ж;Қ.Б) «Ойлан. Жұптас. Пікірлес»

«Салыстыр» әдісі Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр.Мәтін түрін анықта. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысы сипаттау мәтіні екенін дәлелде.

1. Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауылда тұрады. Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады.

2. Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен. Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау. Көздері мөп-мөлдір.

Дескриптор;

-мәтін түрін анықтайды

-әңгімелеу мәтін екенін дәлелдейді

-сипаттау мәтін екенін дәлелдейді

Қ.Б Жұптар өзара смайлик арқылы бағалау

21- жаттығу (МК; Ұ.Ж;) «Домино» әдісі Бейнежазба көрсету ( морж туралы).

Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, оны қайта құрастырып жаз. Құрастырған мәтінге ат қой.

Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын. Екеуі дос еді.

Морж – сойдақ тісті поярлық мақұлық. Ол шаян бақалшықтарын қазып жеп қоректенеді.

Бір күні Қалтай біреуін қазық қып қағып, бұзауын арқандады. Сол-ақ екен, әлгі таяқтың көкірегіне нан пісіп, шыға келді. Өйтпегенде ше? Қазық болып, пайдаға жарады ғой.

Дескриптор:

-сай келмейтін бөлігін алып, қайта құрастырады

-мәтінге ат қояды

Қ.Б; Мадақтау арқылы бағалау

23-жаттығу ( Ж.ж) Жұптаса отырып, сызбаның көмегімен қойды сипаттап жаз. Ол үшін оның ерекше белгілерін санамалап көрсет; мінез-қасиеті (жуас), бойы (аласа), ерекше белгісі ( жүні қалың).

Заттың белгісі Түрі, түсі Ерекшелігі

Дескриптор:

- қойды сипаттайды

Қ.Б; «Бас бармақ» әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағлау

Қосымша 2

Слайд 5

Оқулық 16-бет

Дәптер

Слайд 6

Ақбөкен суреті https://yandex.kz/images/search?text=ақбөкен%20суреті&img_url=https%3A%2F%2Fegemen.kz%2Fwp-content%2Fuploads%2F2016%2F06%2FAkboken-77.jpg&pos=1&rpt=simage

Бейнежазба

https://www.youtube.com/watch?v=uXgBUt0IDd0

https://www.youtube.com/watch?v=AAN93UKgbvY

Оқулық 17-бет

Дәптер

Слайд 7

Слайд 8

https://yandex.kz/images/search?text=морж%20фото&img_url=https%3A%2F%2Fds04.infourok.ru%2Fuploads%2Fex%2F00ca%2F0002e6f9-24089550%2Fimg25.jpg&pos=4&rpt=simage

https://yandex.kz/images/search?text=қойдың%20суреті&img_url=https%3A%2F%2Fgaleri13.uludagsozluk.com%2F655%2Fhayircilari-nasil-got-ettim_1362007.jpg&pos=0&rpt=simage

Сабақтың соңы

Оқылым,

жазылым

5 мин

Кері байланыс

«SMS – хабарлама» әдісі арқылы оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарына SMS хабарлама жазу тапсырылады.

  • «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;
  • «Мен өзімді.... үшін мақтар едім»;
  • «Маған ерекше ұнағаны....»;
  • «Сабақтан соң мен.... жасағым келді»;
  • «Бүгінгі сабақта мен.... жасай алдым»;

Қ.Б: «Бағдаршам әдісі» арқылы

Үй жұмысы; 22-жаттығу

Қосымша 3

Слайд 9

Слайд 10,11

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Шеңбердегі доп» әдісінде өткен тақырыпты пысықтауда саралаудың қорытынды тәсілі жүреді, өйткені тапсырма бірдей беріледі, алайда жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

19-жаттағығуда қабілетті оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алады.

Топтық жұмыста саралаудың қарқын тәсілі жүреді, негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт

беріледі.

Мадақтау арқылы, жұптар өзара смайлик арқылы бағалау, «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағлау

Қ.Б: «Бағдаршам әдісі» арқылы өз білімдерін бағалау арқылы өтілген тақырыпт қаншалықты меңгергенін анықтаймын

Топқа біріккенде, топтық жұмыста және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы