1. Қазақ тілі_3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_ №6-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 1. Жанды табиғат 6 - сабақ. Тақырыбы: Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | ||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаны қорғау және тірі табиғатты суреттеуде сын тұрғысынан ойлануға баулу | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану. Дүниетану | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым арқылы суреттерді сипаттау арқылы тыңдалым мен айтылым дағдылары артады | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әңгімелеу мәтінді, сипаттау мәтінді ажырата алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин тыңдалым, айтылым | Психологиялық ахуал Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. ( Ұ) Өткенді пысықтау. Сызба арқылы бұзаудың белгісі, түрі, түсі, ерекшелігін атау, берілген тиісті сөзді орналастыру.
Заттың белгісі Түрі, түсі Ерекшелігі | Слайд 2 Слайд 3 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут тыңдалым, айтылым
5 минут тыңдалым, айтылым 10 минут Оқылым, жазылым, айтылым 10 минут Оқылым, жазылым | Көркем жазу (Сөз құрамында «ұ» дыбысы бар жануар атаулары) Ұұ құстар, тұлпар, ұлар, құлан, құндыз, бұғы... ( М.К. Т.Ж) Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру. 1- топ «Құстар» Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен қарлығашты сипаттайтын сөздерді табу. 2-топ « Тұлпар» Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен жылқыны сипаттайтын сөздерді табу. 3 топ « Бота» Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен ботаны сипаттайтын сөздерді табу.. Қ.Б: Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды ( М.К. Ұ) Оқушыларға заттың, ғылыми мәтінде және көркем мәтінде қалай суреттелетінін түсіндіру. Айырмашылығын қорғаған жұмыстары арқылы дәлелдеп көрсетіп беру. Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі суреттеледі. Ғылыми мәтінде заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі ( түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескереледі. 24-жаттығу ( М.К Ж.Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» «DEAL» әдісі арқылы тақырып пен суретке қарап, өлеңнің мазмұнын болжап, сипаттау мәтіні екенін дәлелдеу. - Өлеңде не туралы айтылған? - Суретте не бейнеленген? - Ол қандай іс-әрекет жасап жатыр? - Мазмұнын қалай болжауға болады? - Сипаттау мәтін екенін қалай дәлелдер едің? D – баяндау, суреттеу ( оқығанды, көргенді сипаттау ) E – түсіндіру( құбылыс, оқиға бойынша түсінгенін суреттеу ) A – талдау( ақпаратты талдау,қорытынды жасау, ) L – байланыс( болжамдар жасау ) Дескриптор; -мазмұнын болжайды -сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді Қ.Б: ою-өрнектер арқылы ынталандыру 25-жаттығу ( Ж.Ж) «Венн диаграммасы» жұптаса отырып жұмыс жасайды. Мәтінді оқып, «Бүркіт» мәтінімен салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын жаз.Мәтіннің соңғы сөйлемін жаз. -Ғылыми мәтін дегенміз не? -Көркем мәтін дегенміз не? -Екі мәтінді қандай белгілері бойынша салыстырамыз? Дескриптор; -мәтіндерді салыстырады -айырмашылығын айтады -ұқсастығын айтады Қ.б: «Басбармақ» әдісі арқылы жұптар бір-біріне кері байланыс береді. Есте сақтау диктанты. 26-жаттығу ( Ж.Ж) «Кім жылдам?» әдісі арқылы жаңылтпашты жаттап алып, жатқа жазу керек. Кейін жазған жаңылтпашын өзі тексереді Атам томағаламаған бүркітті Мен томаламағанда, Кім томалағайды? Дескриптор; -жаңылтпашты жатқа жазады Қ.Б: өзін-өзі смайлик арқылы бағалайды | Қосымша 1 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 Қосымша 2 Слайд 8 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут Оқылым, жазылым | Кері байланыс «Стикер» әдісі
Қ.Б «Табыс ағашы» арқылы бағалау Үй тапсырма: Томағала сөзінің мағынасын дереккөздерден біліп, жазу. | Слайд 9 Қосымша 3 Слайд 10 Слайд 11 | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Жұптық жұмыста саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі жүреді, өлеңнің мазмұнын болжап, сипаттау мәтіні екенін дәлелдеуде кейбір оқушыларға көмек қажет болады. Мәтіндерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсасытығын жазуда «Қарқын» тәсілі жүреді, кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. | ою-өрнектер арқылы ынталандыру, «Басбармақ» әдісі арқылы жұптар бір-біріне кері байланыс береді, өзін-өзі смайлик арқылы бағалайды, Қ.Б «Табыс ағашы» арқылы бағалау | Топтық жұмыста, жұптық жұмыста қауіпсіздік техникасын сақтау.Оқу құралдарын қолданудағы сақтық ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?