3. Қазақ тілі_3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_7-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері_Дидактикалық материал


Қосымша 1

Томаға

 Құсбегілердің бүркітті күтіп-бағуына арналған бірнеше жабдықтары бар. Солардың бірі томаға. Томаға бүркіттің бас киімі сияқты, бірақ ол оның көзін жабу мақсатында кигізіледі. Бүркітті аңға алып шыққанда, бір жерден екінші жерге тасымалдау барысында көзін томағамен жауып қояды. Себебі құстың көзі ашық болса, айналадағы қозғалысқа, жан-жануарларға, желге талпынып, ұшуға әрекет жасайды. Қанаты мен тврнақтарын жаралап алуы мүмкін. Томаға кигізген жағдайда құс тыныш отырады.

 Шеберлер томаға құстың басына батпауы үшін былғарының тігісін сыртына қаратып тігеді. Әр құстың басының өлшеміне қарай арнайы дайындайды. Томаға кең немесе тар болып қажамауын қадағалайды. Көздің тұсын арнайы көзге тимейтін етіп пішіп жасайды. Томаға құстың басында қозғалмай тұруы үшін бас киімге салынатын тәрізді оған да бау тағылады. Томағаның жоғарғы бөлігін бағалы тастар, күміспен әшекейлейді.

 Бүркітке жем бергенде, аңға қосар кезде басындағы томағасын шешеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу