4.Қазақ тілі және әдебиеті_ 3сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_ Тақырыбы Мәтін түрлері_Әдістемелік нұсқау


 Әдістемелік нұсқау

Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні

Сабақ барысында жанураларды сипаттай отырып, оларды қорғауға, жанашырлық танытуға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеуге назар аудартыңыз.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Оқушыларды топтық жұмыста, жұптық жұмыста техника қауіпсіздігін сақтауда абай болу керек, қалам т.б оқу құралдарын қолдануда сақтық ережелерін назарда ұстау.

Ұйымдастыру кезеңін оқушыларға ширату жаттығуын орындату арқылы бастау.

Сұрақтарды қоя отырып, нақты жауап беру дағыдысын жетілдіру арқылы тірі ағзалар туралы білімдерін пысықтау .

Үлкен жол көзді дәптермен жазу үлгісін таныстыра отырып, бас әріпті және кіші әріпті көркем жаздыру.

Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында әңгімелеу мәтінге қатысты сұрақтар қою.

Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін, жұмбақ қойылады. Жұмбақтың мәтінін талдау арқылы сипаттау мәтін екенін таныстыру.

Бейнежазба арқылы сипаттау мәтінді әңгімелеу мәтінімен салыстыртып, өз ойларын жеткіздіру.

Әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру бойынша

Оқушыларды жұптарға біріктіріп алынады.

«Антивирус» әдісінің мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

«Антивирус» әдісінің шарты;берілген біренеше сөз тіркесі немесе сөйлем, суреттердің сәйкесін анықтап, артығын сызып тастау қажет.

«Антивирус» әдісі арқылы оқушыларға суреттер мен сөйлемдер беріледі.Сөйлемдердің артығын алып тастау керек. Сөйлемдерді суретпен салыстыра отырып, сөйлем қай жануарады сипаттап тұрғанын анықтату.

Таныстырылым арқылы әңгімелеу мәтін мен сипаттау мәтіннің ерекшеліктерін анықтау.

Жеке жұмыста Ләйлік құс туралы мәтінді оқытып алып, мәтін бойынша екі сұрақ құрастыртып және жауап бергізу.

Топтық жұмыс ұйымдастырар алдымен оқушыларды бір,екі, үш деп санау арқылы үш топқа біріктіріп аламын.

«Дұрыс-бұрыс» әдісі – мәтіннің мазмұнына, құрылымына қарай араластырлған сөлемдерді ретімен орналастыру.Немесе сөйлемдегі сөздердің байланысына қарай ретімен қойып жазу, оқу.Кейін дұрыс нұсқасы арқылы тексеріп шығу.

«Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы 1-топқа Ақ аю. 2-топқа Түлкі. 3-топқа Арыстан туралы жазылған сипаттау мәтінінің көмекші сөйлемдер араластырылып жазылған үлгісі беріледі.

Кейін топтар дұрыс нұсқасына қарай отырып, бір-біріне тиімді кері байланыс береді.

«Сөйлемді аяқта» әдісіоқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, оқушылар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды

«Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы мәтін түрлерін қаншалықты меңгергенін білемін.

Саралаудың «Дереккөздер», «Диалог және қолдау көрсету», «Қорытынды» тәсілдері арқылы 1-тапсырмада барлық оқушылардың тірек сөздерді қаншалықты меңгергенін байқаймын. топтық жұмыста көпшілігін көмекші сөздер арқылы мәтінді құрастыруда көмек қажет ететін оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, сол оқушыларға қолдау жасауды жоспарлаймын.Және барлық оқушыларға бір тапрсырма беріледі,алайда жауаптары әр түрлі болады.

Қалыптастырушы бағалау бойынша ұсыныстар

Бағалау критерийі:

  • Сипаттау мәтіннің құрылымына қарай анықтайды
  • Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырады

Әр тапсырманы орындау барысында тиімді кері байланыс беру арқылы, оқушыларды ынталандырып отырамын.Және топтар бір-біріне кері байланыс беруін ұсынып отырамын,жұптар бір-бірін бағалауын ұйымдастрамын.-

Сипаттауға арналған сөз тіркестерімен мәтін құрастырып жазу және сипаттау мәтінге тән сұрақтар құрастыруын бағалау және мадақтау арқылы тиімді кері байланыс беру.

« Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы мәтін түрлерін қаншалықты меңгергенін білемін.

Мен бүгін сабақта ......... білдім.(сипаттау мәтін туралы , сөйлемдер құрастырып жазуды)

Мен ...... ......... құрастыра аламын. . (мұғалімнің көмегімен, өз бетіммен сұрақтар)

Мәтіннің .........көңіл бөлуім керек. (сұрақтарына, тыныс белгілеріне, мағынасына)

«2 жұлдыз,1 тілек » арқылы тиімді кері байланыс беру.

Екі жұлдыз – жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған екі зат/ әрекет /

Бір тілек – бұл жақсатруға болатын нәрсе.

«Сөйлемді аяқта»,«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы сабақты қай деңгейде меңгергені туралы жеткізеді.

Қосыша материалдар: сілтемелер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу