1.Қазақ тілі_3сынып_1-бөлім Жанды табиғат_ №7-сабақ Мәтіннің түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлімі: 1. Жанды табиғат

7- сабақ. Тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін анықтай алады;

Оқушылардың көбі:

  • жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
  • мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
  • сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады

Бағалау критерийлері

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды

Жоспар бойынша сипаттау мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Жоспар,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Мәтін неліктен бірнеше сөйлемнен тұрады?

-Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңын қалай ажыратуға болады?

-Мәтінге ат қою үшін неге мән беру қажет деп ойлайсың?

- Қызғыш құс қайда мекендеген?

-Оның қорегі не болған?

 Құндылықтар

Жануарларды қорғауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Жануарлардың өмірге бейімділігін айту арқылы, жаратылыстану пәнімен байланысты болады

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба арқылы мәтін бөліктері туралы өз ойларын айту арқылы тыңдалым мен айтылым дағдыларын арттыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғылыми мәтін мен көркем мәтінді ажыратады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

тыңдалым,

айтылым

2 мин

оқылым,

айтылым, тыңдалым

Ширату

«Ұшты-Ұшты» ойыны

Бұл ойында ұйқас сөздер айтылады, соны оқушылар ажырату керек.

Ұшатын Ұшпайтын

Үй тапсырмасын сұрау

-Бүркітшілер неліктен томағаны қолданады?

-Томағаның материалы қандай?

Томағала сөзінің мағынасын дереккөздерді біліп келу

Қ.Б: «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы мадақтау

Слайд 2

https://yandex.kz/images/search?text=ұшты%20ұшты&img_url=https%3A%2F%2Fds02.infourok.ru%2Fuploads%2Fex%2F054a%2F0006f6a1-8eda9e08%2Fimg13.jpg&pos=10&rpt=simage&lr=162

Қосымша 1

Сабақтың

ортасы

Тыңдалым,

айтылым

10 мин

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым

10 мин

Оқылым, тыңдалым, айтылым

10 мин

(М.К Ұ.Ж) Жеке сөйлемдер мен мәтінді ажырату.

Негізгі ой. Бейнежазбаны көрсету. Бейнежазбадағы мәтіннің құрылымы туралы және мәтінге ат қою кезіңдегі ерекшелікке тоқталу.

-Мәтін неліктен бірнеше сөйлемнен тұрады?

-Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңын қалай ажыратуға болады?

-Мәтінге ат қою үшін неге мән беру қажет деп ойлайсың?

27-жаттығу (М.К Ж.Ж.) «Не? Қашан? Қайда?» әдісі бойынша мәтінді оқытып, не туралы екенін анықтау. Ат қойып және жоспар құру. Мазмұндама жазу.

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Қызғыш құс қайда мекендеген?

-Оның қорегі не болған?

Жоспар:

1.Қызғыш құс

2.Қызғыш құстың ерекшелігі

3.Қызғыш құстың қорегі

Дескриптор;

-мәтінге ат қояды

-жоспар құрады

-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады

-мазмұнын жүйелі жазады

Қатемен жұмыс: сөйлемдерді жетілдіру жолдарын үлгілеу. Өзара тексеру.

Қ.Б: «Қауырсын» арқылы бағалау

( М.К Т.Ж) Қызыл, ақ, көк гүлдер арқылы топтарға біріктіремін. «Стоп кадр» әдісі

1- топ «Қызыл»

29-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тауып. Қимыл, ым-ишарамен көрсетіп беру.

Баласын тізіп соңына,

Сүңгіп жүріп үйретті.

Су жұқпайтын тонына

Кім біледі ....?

2- топ «Ақ»

30-жаттығу Мәтінді оқып. Сахналап көрсетіп беру.

Бір үйрек балапандарымен бірге шұңқырдың жанында жүрген. Үйрек барқылдап, балапандар шыр-шыр етеді.

Әсел жүгіріп келіп шұңқырға қараса, ішінде бір балапан жатыр. Арқасымен құлапты, қалай бұлқынса да тұра алмады.

Әсел балапанды шұңқырдан алып шықты. Ол анасы мен балапандарға қарай жүгірді.

3-топ «Көк»

30-жаттығу Мәтіннің бөліктеріне ат қою. Сипаттау мәтіні екенін дәлелде.

Дескриптор;

- жұмбақтың жауабын шешді

- жұмбақты рольмен ойнайды

- мәтінді рольмен ойнайды

- мәтін бөліктеріне ат қояды

- сипаттау мәтін екенін дәлелдейді

Қ.Б: топтар бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды

https://www.youtube.com/watch?v=tUWh2Mk22cc

Оқулық 19-бет

Слайд 4

Дәптермен жұмыс

Оқулық

20-бет

Слайд 5

Слайд 6

Сабақтың соңы

5 мин

оқылым,

жазылым

Кері байланыс

«3+2+1» әдісі

Ұнаған 3 кезең ( жоспар, ат қою, рольді сомдау, мәтін туралы бейнежазба) ұнаған 2 сұрақ (тақырыпқа қатысты қойылған сұрақ), келесі сабаққа 1 ұсыныс

(тағы қандай мәтіннің ерекшеліктерімен танысқың келеді?) беру тапсырмасын орындайды.

Үйге тапсырма: 28-жаттығу

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бейнежазба арқылы мәтіннің бөліктерін талдау барысында саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы кейбір оқушылар ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

«Не? Қашан? Қайда?» әдісінде «Диалог және қолдау көрсету»

кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек

қажет болады.

Топтық жұмыста саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүреді. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары орындайды.

«Жарайсың!»,«Керемет!» сөздері арқылы мадақтау, «Қауырсын» арқылы бағалау, топтар бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды , «3+2+1» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау

Сабақ барысында оқу құралдарын қолдану, рөлді орындағанда қауіпсіздік ережесін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу