Еліктеймін, жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын.Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі_ДИДИАКТИКА


Қазақ тілі және әдебиеті_2-сынып_6-бөлім.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_Еліктеймін, жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын.Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі_ДИДИАКТИКА

Ертегі дегеніміз не?

- Аңыз дегеніміз не?

- Ертегі мен аңыздың айырмашлығы неде?

- Ертегі мен аңызға ортақ ұғым?

- Ертегілер арқылы біз нені үйренуге болады? Олардың бізге берер пайдасы қандай?

- Грузин ұлты туралы не білесіздер?

- Қандай ұлттың ертегілерін білесіз? Атауларын айтыңыз.

- Еңбек туралы қандай ертегі немесе аңыз білесіз?

Ертегі мәтіні:

1- топ: Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: – Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.

2- топ: Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді: – Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті.

3- топ: Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп: – Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті.

4- топ: Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті.

Оқушының аты-жөні______________________________________________

1. Ертегі түрін ата?_________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Мына ертегі қай жанрға жатады?____________________________________________________________________________________________________________________________

3. Кейіпкері кім?_________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Анасы баласына не айтты?______________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу