Линзада кескін алу. Физика, 11 сынып, қосымша материал.


2 топқа арналған нұсқаулық картасы

«Жақыннан көргіштік»

  • Теориямен танысыңыз:

 Кейбір адамдарда көздер босаңсыған күйде заттың бейнесін торлы қабығында емес, оның алдында жасайды. Нәтижесінде заттың бейнесі «бұлыңғыр» болады. Мұндай адамдар алыстағы заттарды анық көре алмайды, бірақ жақын тұрған заттарды анық көре алады. Бұл көз бұршағы тым дөңес болса (үлкен қисықтыққа ие болса) байқалады. Бұл жағдайда заттың айқын бейнесі торлы қабықта емес, оның алдында қалыптасады. Көрудің бұл кемшілігі (ақаулығы) жақыннан көргіштік деп аталады (немесе миопия).

 

 Жақыннан көретін адамдарға шашырағыш линзалары бар көзілдірік қажет. Осындай линзадан өтіп, жарық сәулелері линзаның торлы қабығына дәл бағытталған. Сондықтан көзілдірік киген жақыннан көретін адам қалыпты көру қабілеті бар адам сияқты алыс заттарды де көре алады.

 

 

 

  • Сізге кәдімгі (деформацияланбаған) көз бұршағы үшін белгіленген орыны бар көз үлгісі және линзалар жиынтығы беріледі:

А) Көз үлгісін алу үшін линзаларды сәйкестендіріңіз:

-қалыпты көру;

-жақыннан көру.

B) Көз ақаулады сәйкес линзамен таңдаңыз.

C) Зерттеулеріңіздің презентациясын дайындаңыз

Презентация жоспары:

1. Дені сау адамның көзі торлы қабығында кескін қалыптастырады, ал бейнесі айқын (шаблонда торға бағытталған жарық сәулесі бар қалыпты линзаны көрсету)

2. Көру кемістігі – жақын көргіштік, көз бұршағы деформацияланған адамда пайда болады.

3. Жақыннан көретін адамда тым дөңес көз бұршағы болады немесе көз бұршағында үлкен қисықтық болады. Жарық сәулесі торлы қабықтың алдына жиналады (әр түрлі фокустық қашығы бар екі жинағыш линзаларды және осы линзадан өтіп, тордың алдында жиналған жарық сәулесін қосу арқылы шаблонға дөңес көз бұршағын көрсету)

4. Жинағыш және шашырағыш линзалар арқылы көруді түзетуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу