Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Линзаның көмегімен кескiн алу

Оқу мақсаты: 8.5.1.13 – жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру

      • Қысқаша теориялық мəліметтер

 Линза деп екі сфералық бетпен шектелген мөлдір денені атайды. Егер линзаның қалыңдығы оның сфералық беттерінің қисықтық радиустарынан анағұрлым аз болса онда ол жұқа линза деп аталады. Оптикалық құралдар құрамында линзалар болады. Линзалар жинағыш жəне шашыратқыш деп бөлінеді. Жинағыш линзаның орта жағы шеттерімен салыстырғанда қалың болады, ал шашыратқыш линзаларда керісінше, орта жағы жіңішке болады.

 Линзаның бас оптикалық осіне параллель түсетін жарық шоғы линзадан шыққан сəулелер (немесе олардың жалғастары) линзаның F бас фокусы деп аталатын нүктеден өтеді. Жұқа линзаның бас оптикалық осьте симметриялы орналасқан екі бас фокусы болады. Қосымша оптикалық оське параллель түсетін сəулелер линзадан шыққанда қосымша оптикалық осьтің Ф фокалдық жазықтықпен қиылысатын F´ нүктесінде фокусталады. Фокалдық жазықтық бас оптикалық оське перпендикуляр бас фокустан өтеді (1 сурет). Линзаның О оптикалық центрі мен F бас фокусының арасындағы қашықтық фокустық қашықтық деп аталады. Оны f деп белгілейді. Жинақтауыш линза үшін фокустық қашықтық сəулелер жолымен линзаның арғы жағында орналасады жəне оның таңбасы оң болады. Шашыратқыш линза үшін фокустық қашықтық сəулелер жолына қарама-қарсы линзаның бергі жағында орналасады жəне таңбасы теріс болады.

1 сурет.

О1 жəне О2 нүктелері сфералық беттердің центрлері, О1 О2 бас оптикалық ось, О оптикалық центр,F бас фокус, F´ - yосымша фокус, О F´- қосымша оптикалық ось, Ф фокалдық жазықтық

 Линзаның D оптикалық күші сфералық беттерінің қисықтық радиустеріне жəне линза жасалған материал сыну көрсеткішіне тəуелді болады.

Жинағыш линзадағы кескінді тyрғызу.

Шашыратқыш линзадағы кескінді тyрғызу.

Түстері əртүрлі сəулелер үшін фокустық қашықтықтар əртүрлі болады жəне заттардың түрлі түсті кескінің алғанда қателіктер пайда болады. Бұл қателіктер хроматикалық абберациялар деп аталады.

Тест тапсырмаларының жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауабы

С

В

С

В

В

Д

Д

Д

А

А

11

12

13

14

15

16

Жауабы

С

В

В

С

А

Д



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу