- Қосулы тұрған жарықтану кезінде электр шамының сымдары мен қыздыру қылы арқылы бірдей ток өтеді. Осы кезде сымдар қызбайды дерлік, ал шамның қылы ақ түске дейін қыза бастайды? Неліктен?
|
- Егер жүйеге қосулы тұрған қыздырғыш (кипятильник) сусыз қалса, ол қызады да жанып кетеді. Неліктен?
|
- Егер электр қыздырғыштың шиыршығын қысқартсақ, оның қосулы тұрған кездегі қызуы өзгереді ме? Егер өзгерсе, қалай?
|
- Пәтерде жарық жанбай тұр және розеткаға ештене қосулы тұрған жоқ, ал есептегіш құрал тілшесі айналып жатыр. Бұл нені білдіреді? Осы кезде не істеу керек?
|
- Тез балқитын металдардың сымдары неліктен электр тізбегінің сақтандырғыштары ретінде қолданылады?
|
- Электр сақтандырғышындағы жанып кеткен қорғасын сымын ұзындығы мен көлденең қимасының ауданы дәл сондай мыс сымымен ауыстыруға болады ма?
|
- Электр тогы атқаратын жұмысты қандай құралдармен өлшеуге болады?
|
- Не себепті электр шамының қыздыру қылын вольфрамнан жасайды?
|
- Электр тогының қуатын қандай құралдармен өлшеуге болады?
|
- Электр тізбегіндегі немесе оның бір бөлігіндегі қысқа тұйықталу неге алып келеді?
|