Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Артыгалин Н.А.

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары.

Жеке кәсіби даму мақсаты

Оқыту үрдісіне цифрлық білім беру ресурстары арқылы оқытудың инновациялық моделін ендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.18 - дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттау;

9.2.5.19 - дыбыс толқындарының табиғатын сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Жеке және жұптық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың цифрлық ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • Дыбыс толқындарының пайда болу процесін түсінеді;
  • Дыбыс толқындарынтабиғатын сипаттай алады;
  • Дыбыс сипаттамаларын біледі;
  • Дыбыс тақырыбының негізгі ұғымдары, сипаттамалары мен негізгі өрнектерін дұрыс қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу құндылығын дарыту мақсатында цифрлық білім беру ресурстары арқылы оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын дамыту.

АКТ қолдану дағдылары

Ұсынылатын ақпараттарды презентациялау және алынған білімдерін нақтылау, бекіту мақсатында интербелсенді тақта және ноутбуктер, QR код карталары қолданылады.

Пән аралық байланыстар

Химия. Дыбыс толқындары таралатын орта бөлшектерінің тербелісін молекулалық тұрғыдан түсіндіру. Адамның есту мүшесінің жұмыс істеу принципін талдау.

Бастапқы білімі

Механикалық толқындар.

Сабақ барысы

Сабақ бөлімдері

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақ басы

5 мин

10 мин

5 мин

10 мин

10 мин

10 мин

25 мин

1. Сәлемдесу. Түгелдеу. Бағалау парақтарын тарату (Оқушылар бағалау парағының көмегімен сабақ барысында жасалатын әрбір іс-әрекеттермен алдын ала жоспарлы таныс болады және өздігінен өзін-өзі бағалап отырады. Бағалау парағынан орындалатын тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары туралы ақпарат ала алады).

Коллоборативті орта құру.

2. Card sorting. Өтілетін тақырыптардың сабақтастық қағидатына сәйкес өткен тақырыптарға шолу жасау мақсатында оқушылар арнайы түрлі-түсті сәйкестендіру карталары арқылы термин сөздерді ағылшын тіліндегі аудармасымен және анықтамасымен сәйкестендіреді.

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс.

Бағалау: өзара бағалау, бағалау критерийлері, қалыптастырушы бағалау.

Дифференциация: жұптағы оқушылар жұбына өзара қолдау көрсетеді.

3. Өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты ой қозғау мақсатында қысқа бейне ролик ұсынылады. Оқушылар әртүрлі дыбыстарды көре отырып, қаттылықтарын салыстырады. Дб дыбыс қаттылығының өлшемі екендігіне болжам жасай отырып, өтілетін тақырып «Дыбыс» екіндігін өздері айқындайды.

Сабақ тақырыбымен таныс болған соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

4. Fill the gaps. Бұл әдіс оқушылардың жаңа тақырыпты өздігінен меңгерулеріне мүмкіндік береді. Оқушылар ұсынылған видео роликті көре отырып тақырып бойынша берілген мәтіннің қалып кеткен кілт сөздерін толтырады. Қабылдау типі бойынша визуалдар бейне роликті көру арқылы ақпараттарды қабылдайды, аудиалдар да көреді әрі есітеді және кинестетиктер жазбаша тапсырманы орындау арқылы қабылдайды. Тапсырма соңында жұптағы оқушылар жұмыстарын алмастыру арқылы өзара тексеріп, бірін-бірі бағалайды. Көрсеткіштерін бағалау парағына енгізеді.

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс.

Бағалау: өзара бағалау, сабақ барысында оқушы өзін-өзі бағалау мақсатында бағалау парағы қолданылады.

Дифференциация: қажет болған жағдайда мұғалім үлгермеуші оқушыларға әдістемелік қолдау көрсетеді.

5. Plickers. Алдыңғы тапсырмада берілген бейне ролик мазмұнына сәйкес оқушылар twig-bilim ресурсынан алынған тест тапсырмасын орындайды. Plickers бағалау бағдарламасы онлайн режимде орындалған тапсырмалардың көрсеткішін алуға және мұғалім кері байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал QR код карталары академиялық шыншылдық қағидатына сәйкес оқушылардың жеке жұмыс жасауын ұйымдастырудың тиімді құралы болып табылады.

Жұмыс түрі: жеке жұмыс.

Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалім кері байланысы, қалыптастырушы бағалау.

Дифференциация: деңгейлік тапсырмалар қолданылады.

6. Жаттығулар орындау. Оқушылар Bilimland білім беру порталындағы физика курсының «Дыбыс» тақырыбында берілген ақпараттарды пайдаланып жекелей жаттығулар орындайды. Жұптағы сыныптасының жұмысын тексеруде bilimland жаттығулар алаңын қолданады.

Жұмыс түрі: жеке және жұптық.

Бағалау: бірін-бірі өзара бағалау, бағалау критерийлерін пайдаланып өзін-өзі бағалау.

Дифференциация: қажет болған жағдайды мұғалім комментарийі.

7. Сағат әдісі. Оқылым дағдыларын дамыту мақсатында оқушылардан www.bilimland.kz, www.twig-bilim.kz және

www.itest.kz сайттарындағы ресурстарды қолданып әрбір сыныптастарына жұмыс парағына тақырып бойынша сұрақтар әзірлеулері сұралады. Сағат әдісінің негізінде оқушылар кезегімен барлық сыныптастарымен кездесіп, сұрақтарына жауап ала отырып бірін-бірі бағалайды. Тапсырма соңында оқушылардың жалпы көрсеткіші қорытындыланады.

Қосымша №1

Бағалау парақтары

Қосымша №2

Сәйкестендіру карталары

www.itest.kz

Қосымша №3

Бейне ролик

www.twig-bilim.kz

Қосымша №4

Презентация

Қосымша №5

Бейнеролик

www.twig-bilim.kz

Қосымша №6

Жұмыс парағы

www.twig-bilim.kz

Қосымша №7

QR код карталары

Қосымша №8

Жауап парағы

www.twig-bilim.kz

Қосымша №9

Теориялық материалдар

www.bilimland.kz

Қосымша №10

Жұмыс парағы

www.bilimland.kz

www.itest.kz

www.twig-bilim.kz

www.bilimland.kz

Қосымша №11

Жұмыс/бағалау парағы

Сабақ соңы

5 мин

8. Рефлексия. Бағалау парағын қолданып сабақ барысындағы оқушылардың ағымдық нәтижесі бойынша талдау жасау.

9. Үй жұмысы: www.itest.kz ресурсындағы толқындар тақырыбының тест жұмысын орындау және нәтижесін мұғалім электрондық поштасына жіберу.

Қосымша №1

Бағалау парақтары

www.itest.kz

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмалар, жұптық жұмыс арқылы сыныптастарына қолдау көрсетулерін ұйымдастыру

Бағалау парақтары арқылы оқушылардың өзара және өзін-өзі бағалауларын ұйымдастыру;

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Интербелсенді тақтаны және ноутбуктерді пайдалану ұзақтығын СанПиН нормаларына сәйкес белгілеу;

Сабақта ТҚЕ сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Что я выявил(а) за время урока о классе или достижениях/трудностях отдельных учеников, на что необходимо обратить внимание на последующих уроках?

Қосымша №1

Бағалау парағы

Тапсырма

Бағалау

критерийлері

Дескриптор

Оқушы:

N*

Көр.*

Card sorting

www.itest.kz

Толқындар тақырыбының негізгі ұғымдары мен терминдерін біледі және түсінеді

Алдыңғы тақырыпқа шолу жасау мақсатында берілген сәйкестендіру карталарын сәйкестендіреді

10

Fill the gaps

www.twig-bilim.kz

Дыбыс толқындарының пайда болу процесін түсінеді;

Дыбыс толқындарынтабиғатын сипаттай алады;

Дыбыс сипаттамаларын біледі

Тақырып бойынша берілген мәтіндегі бос орындарды кілт сөздерімен толықтырады

8

Plickers

www.twig-bilim.kz

Жаттығулар орындау

www.bilimland.kz

Сағат әдісі

www.bilimland.kz

www.twig-bilim.kz

www.itest.kz

Дыбыс тақырыбының негізгі ұғымдары, сипаттамалары мен негізгі өрнектерін дұрыс қолдана алады

QR код карталары арқылы тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап береді

Bilimland білім беру порталындағы «Дыбыс» тақырыбын өздігінен оқи отырып жаттығуларды орындайды

Сабақ барысында тақырып бойынша www.bilimland.kz, www.twig-bilim.kz, www.itest.kz сайттарынан алынған ресурстарды пайдаланып әрбір сыныптасына сұрақтар құрастырады және сыныптасы дайындаған сұрақтарға толық жауап береді

8

15

9

Жалпы іс-әрекет саны

50

N* - оқушылар орындайтын іс-әрекет саны

Көр.* - оқушылар орындаған іс-әрекет саны

Қосымша №2. Сәйкестендіру карталары (Card sorting). Қолданылатын материалдар www.itest.kz интернет ресурсынан алынды:

https://itest.kz/kz/lekciya_tolqyndar

Қолданылатын ұғымдар

Анықтамалары

Толқындар

уақыт өтуіне байланысты кеңістікте тербелістің нүктеден нүктеге (бөлшектен бөлшекке) таралуы

Механикалық толқындардың пайда болуы себебі

  • Серпімді орта (ортаның бөлшектері серпімділік күші әсерінен өзара әсерлеседі).
  • Бөлшектердің инерттілігі.

Көлденең толқындар

орта бөлшектерінің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытына перпендикуляр толқындар

Қума толқындар

орта бөлшектерінің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен параллель толқындар

Толқын ұзындығы

бірдей фазамен тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы

Толқын жылдамдығы

белгілі фазасы бар тербеліс нүктесінің орынауыстыру жылдамдығы (өр мен сайдың орынауыстыру жылдамдығы)

Толқындық бет

бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялық орны

Сәуле

Толқындық бетке перпендикуляр сызық (толқынның таралу бағытын көрсетеді)

Қума толқындар таралатын орта

Қатты, сұйық, газ

Көлденең толқындар таралатын орта

Қатты

Қосымша №3. Бейне ролик: Деректер. Децибел диапазондары.

https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-decibel-range

Қосымша №4. Презентация: сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері презентацияланады.

Қосымша №5. Бейнеролик: Дыбыс дегеніміз не?

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-sound

Қосымша №6. Жұмыс парағы.

І нұсқа

Дыбыс дегеніміз не?

 Дыбыстар түрлі тербелістерден пайда болады. Ол музыкалық аспап ішегінің ______________, дауыс шымылдығының дірілдеуі немесе дабыл қағысының дірілі болуы мүмкін. Кез келген тербеліс энергия тудырып, оны өзін қоршаған бөлшектерге жібереді. Бөлшектер тербелісті өз бойымен өткізу кезінде дыбыс ____________ тудырады.

 Бөлшектер бойымен жүретін тербеліс ерсілі-қарсылы болуы ықтимал, бірақ ол тербеліс толқын бойымен жылжымайды. Сонымен, дыбыс атаулы энергияны осылайша тасымалдайтын бөлшектерге тәуелді, яғни дыбыс толқындарын тасымалдау үшін материя қажет. Сондықтан да мұны "______________ толқындар" дейді. Дыбыс қатты зат арқылы, _____________ арқылы немесе газдар арқылы тарай алады. Бірақ ешқандай бөлшегі жоқ _________ арқылы дыбыс тарай алмайды. Ғарыштағы вакууымда дыбыс жоқ

 Бойлық толқындар. Бөлшектер әрқашан толқынның қозғалыс бағыты бойынша тербеледі, яғни дыбыс бойлық толқын болып табылады.

 Биіктік. Дыбыстың жіңішке немесе жуан болуы "_____________" деп аталады. Ол бір секунд ішінде белгілі бір нүкте арқылы өтетін толқын санымен, яғни толқын жиілігімен анықталады және Герцпен өлшенеді. Толқын жиілігі артқан сайын, дауыс биіктігі де _______________ . Жиілік төмендеген сайын, биіктік те төмендейді.

 Амплитуда. Дыбыстың қаттылығы “амплитуда" деп аталатын толқын биіктігіне тәуелді. Амплитуда жоғарлаған сайын, дыбыс та ____________ шығады.

 Ал біз дыбысты қалай естиміз? Тербелістер ауа арқылы өтіп құлаққа жетеді, сөйтіп, ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелерін тербеліске келтіреді. Бұл қозғалыс электрикалық импульске айланып, миға жіберіледі.

*Қолданылатын кілт сөздер:

сұйықтық

дыбыс биіктігі

қаттырақ

вакуум

механикалық

тербелісі

жоғарылайды

толқынын

Fill the gaps

ІІ нұсқа

Дыбыс дегеніміз не?

 Дыбыстар түрлі тербелістерден пайда болады. Ол музыкалық аспап ішегінің тербелісі, дауыс шымылдығының дірілдеуі немесе дабыл қағысының дірілі болуы мүмкін. Кез келген тербеліс ____________ тудырып, оны өзін қоршаған бөлшектерге жібереді. Бөлшектер тербелісті өз бойымен өткізу кезінде дыбыс толқынын тудырады.

 Бөлшектер бойымен жүретін тербеліс ерсілі-қарсылы болуы ықтимал, бірақ ол тербеліс толқын бойымен жылжымайды. Сонымен, дыбыс атаулы энергияны осылайша тасымалдайтын бөлшектерге тәуелді, яғни дыбыс толқындарын тасымалдау үшін __________ қажет. Сондықтан да мұны "механикалық толқындар" дейді. Дыбыс _________ зат арқылы, сұйықтық арқылы немесе _________ арқылы тарай алады. Бірақ ешқандай бөлшегі жоқ вакуум арқылы дыбыс тарай алмайды. Ғарыштағы вакууымда дыбыс жоқ

 Бойлық толқындар. Бөлшектер әрқашан толқынның ___________ бағыты бойынша тербеледі, яғни дыбыс бойлық толқын болып табылады.

 Биіктік. Дыбыстың жіңішке немесе жуан болуы "дыбыс биіктігі" деп аталады. Ол бір секунд ішінде белгілі бір нүкте арқылы өтетін толқын санымен, яғни толқын жиілігімен анықталады және ___________ өлшенеді. Толқын жиілігі артқан сайын, дауыс биіктігі де жоғарылайды. Жиілік төмендеген сайын, биіктік те _________________.

 Амплитуда. Дыбыстың қаттылығы “________________" деп аталатын толқын биіктігіне тәуелді. Амплитуда жоғарлаған сайын, дыбыс та қаттырақ шығады.

 Ал біз дыбысты қалай естиміз? Тербелістер ауа арқылы өтіп құлаққа жетеді, сөйтіп, ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелерін тербеліске келтіреді. Бұл қозғалыс электрикалық импульске айланып, миға жіберіледі.

*Қолданылатын кілт сөздер:

газдар

Герцпен

қозғалыс

энергия

материя

қатты

амплитуда

төмендейді

Fill the gaps

Қосымша №7. QR код карталары.

Қосымша №8. Жауап парағы.

Қосымша №9. Теориялық материалдар мен жаттығулар.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/tolqyndar/lesson/dybys

Қосымша №10. Жұмыс парағы.

Оқушының аты-жөні: ________________________

Жұмыс парағы №1

1-жаттығу.

Суреттен дауыс зорайтқыштың бойлық толқынды туғызатын бөлігін көрсетіңіз. [1]

2-жаттығу.

Сөйлемнің дұрыс аяқталуын көрсетіңіз. Дыбыс толқын ретінде ауада таралады. Берілген нүктелерде кішкентай тез циклдік өзгерістер:

  • ауа қысымында
  • ауа құрамында
  • ауа тығыздығында [2]

3-жаттығу.

Келесі ауада таралатын толқындардың қайсысы акустикалық толқын бола алатынын көрсетіңіз.

[2]

4-жаттығу.

Апат дыбысын кім бірінші болып естиді. Дұрыс жауабын көрсетіңіз. [1]

5-жаттығу.

Егер апат дыбысы екі адамға бір мезгілде жеткен жағдайда, екінші адам қандай қашықтықта орналасуы қажет. Дыбыс жылдамдығы ауада 330м/с, ал металл тақтайшада 6 км/с деп есептейік.

[2]

6-жаттығу.

Ұшақтарды олардың жылдамдығының өсу ретімен орналастырыңыз. [2]

7-жаттығу.

Дауыс зорайтқыш жиілігі 300 Гц дыбыс шығарады. Толқын ұзындығы ең ұзын болатын кескінді көрсетіңіз. [1]

8-жаттығу.

Бұл кескін мылтықтардың атылған жеріндегі тіркелген акустикалық толқынды көрсетеді. Суреттердің қайсысы жағдайдың нәтижесін бейнелейді? Дыбыс жылдамдығы 340 м/с тең деп есептейік. [2]

9-жаттығу.

Ұзындығы  L = 50 см болатын ішек арқылы дыбыс V = 400 м/с жылдамдықпен таралады.Төмендегі жиіліктердің қайсысы осы толқынның жиілігіне сәйкес келеді?

[2]

Жауап парағы

Тапсырма №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жалпы

Белгіленген баллдық көрсеткіші

1

2

2

1

2

2

1

2

2

15

Оқушы көрсеткіші

Қосымша №11. Қолданылатын цифрлық білім беру ресурстары:

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-sound

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/tolqyndar/lesson/dybys

https://itest.kz/kz/lekciya_tolqyndar

Жұмыс/бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні

Көр.

Сұрақтар

Әуелхан

Шохида

Ақерке

Нұрсұлтан

Санжар

Ернар

Самат

Ализа

Ұлдана

Мұғалімге арналған нұсқаулық

 1. Өтілетін сабақ оқушыларды түгелдеп болған соң, сәлемдесумен басталады. Оқушыларға сабақ барысында қолданылатын материалдар топтамасы таратылады. Бұлар: бағалау парақтары, сәйкестендіру карталары, жаңа тақырыпты меңгеруге арналған жұмыс парақтары, QR код карталары, жаттығуларды орындауға арналған жұмыс парақтары, сағат әдісінде қолданылатын бағалау парақтары.

 2. Card sorting. Оқу бағдарламасының бірізділік қағидатына сәйкес өткен тақырып мазмұнына шолу жасау мақсатында «Card sorting» әдісі қолданылады. Тапсырма мазмұнындағы ақпараттар «itest.kz» сайтындағы «Физика. Механикалық толқындар. Конспект» бөліменін алынды. Бұл әдіс негізінде оқушылар «Механикалық толқындар» тақырыбында қолданылатын негізгі ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіреді. Бұл тапсырманы оқушылар жұптағы сыныптасымен бірге орындайды. Сынып тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың жұмыстарын тексеру мақсатында кез келген оқушыдан бір тапсырманы жауабымен оқу сұралады. Қалған оқушылар сұралған оқушының жауабын өз пікірін білдіру арқылы бағалайды. Бағалаудың бұл түрі бірін-бірі бағалау болып табылады. Оқушылар бірін-бірі бағалау арқылы өз жұмысын тексеруге және тапсырма мазмұны есте жақсы сақталуы үшін қайталауға мүмкіндік алады. Ал кезекпен кез келген оқушыдан тапсырма жауабын сұрау мұғалімге оқушылардың назарын шашыратпай ұстауға мүмкіндік береді. Себебі, оқушылар келесі тапсырма қай оқушыдан сұралатынын білмегендіктен, зейінін берілген тапсырмада шоғырландырады.

3. Өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты ой қозғау мақсатында қысқа бейне ролик ұсынылады. Оқушылар әртүрлі дыбыстарды көре отырып, қаттылықтарын салыстырады. «Дб» дыбыс қаттылығының өлшемі екендігіне болжам жасай отырып, өтілетін тақырып «Дыбыс» екіндігін өздері айқындайды. Сабақ тақырыбымен таныс болған соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушыларға сабақ барысында бағдар алуға, орындалатын тапсырмалардың жоспарымен таныс болуға және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау парағында сабақ барысында орындалатын әрбір тапсырмалар мен бірге бағалау критерийлері және көрсетілген критерийлерге жетуге бағытталған дескрипторлар ұсынылады. Әрбір тапсырманың соңын оқушылар өздерінің жетістіктерін бағалау парағына түсіріп отырады. Бұл сабақ соңында сабақ мазмұны бойынща оқушы нәтижесін талдауға мүмкіндік береді.

4. Fill the gaps. Өтілетін сабақтың жаңа тақырыбын меңгерту және оқушылардың өздігінен оқу дағдыларын дамыту мақсатындағы оқушы назарына twig-bilim цифрлық ресурсынан алынған жаңа сабақтың бейне ролигі ұсынылады. Бұл тапсырмада оқушылар тек бейне ролик тамашалаумен шектелмей, бейне ролик мазмұны бойынша екі нұсқада әзірленген тапсырманы орындайды. Себебі, үлкен көлемдегі бейне роликтерді тамашалау оқушылардың іс-әрекетін қажет етпегендіктен олардың қызығушылықтарын төмендетіп, зейіндерінің шашырауына алып келеді. Ал бейне ролик тамашалай отырып тапсырма орындату белсенді оқыту әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісті дифференциациялық оқыту әдісі ретінде қолдануға болады. Білім алушылардың қабылдау типтеріне сәйкес визуалдар бейне роликті көру арқылы ақпараттарды қабылдайды, аудиалдар да көреді әрі есітеді және кинестетиктер жазбаша тапсырманы орындау арқылы жаңа тақырып ақпараттарын қабылдайды. Тапсырма соңында оқушылар жұптағы сыныптасымен өз жұмыстарын ауыстырып, сыныптасының жұмысын тексеріп, бағалайды. Бағалау нәтижелерін бағалау парақтарына енгізеді.

 5. Plickers. Plickers бағдарламасы жаңа тақырып бойынша ұсынылған ақпаратты оқушылардың меңгеру деңгейін онлайн режимде тестілеу ұйымдастыру арқылы тексеруге мүмкіндік береді. Қолданылатын тестілеу мазмұны twig-bilim цифрлық ресурстарынан алынды. Жекелеген тест сұрақтарының жауаптарын оқушылар QR код карталары көмегімен ұсынады, ал мұғалім ұялы телефон арқылы оқушы жауаптарын сканерлеп, интербелсенді тақтаға шығарады. Бұл бағдарлама онлайн режимде әрбір тест сұрағын талдауға, қате жауап берген оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Plickers бағдарламасының басты артықшылықтарының бірі QR код карталарын қолдану арқылы мұғалімнің уақытын үнемдейді және оқушылардың көрсеткіштері туралы статистикалық ақпараттарды жинақтайды. Жинақталған ақпаратты .pdf форматында жүктеп ата-анаға жіберуге болады. Ал оқушылар сұрақтарға QR код карталары арқылы жауап бергендіктен өзгелердің жауаптарын көре алмайды. Тестілеу сұрақтарын интербелсенді тақтада көрсетуге немесе оқушыларға таратуға болады. Бұл бағдарламада тестілеумен қатар «true or false» активитиін де ұйымдастыруға болады. Тапсырма соңында twig-bilim цифрлық ресурсынан алынған жауап парағы оқушыларға таратылады. Бұл оқушыларға Plickers көмегімен ұйымдастырылған тесттілеу нәтижесін талдауға және нәтижелерін бағалау парағына енгізуге мүмкіндік береді.

 6. Жаттығулар орындау. Оқушылар Bilimland білім беру порталындағы физика курсының «Дыбыс» тақырыбында берілген оқу материалдарымен жұмыс жасайды. Ал бұл беттегі орындалатын тапсырмалар жұмыс парағы түрінде ұсынылады. Оқушылар өздігінен іздене отырып, жұмыс парағындағы жаттығуларды орындайды. Тапсырма соңында жұптағы сыныптасымен жұмысын ауысады.

 Bilimland цифрлық ресурсындағы жаттығудың электрондық нұсқасына сыныптасының жауап парағында көрсеткен жауаптарын енгізе отырып, сыныптасының жұмысын бағалайды. Әрбір оқушы өз нәтижесін бағалау парағына енгізеді. Бұл әдіс оқу материалын бірнеше рет қайталауды талап еткендіктен, оқушылардың есте сақтау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

 7. Сағат әдісі. Сабақтың бұл бөлімінде оқушылар жаңа тақырып бойынша bilimland, twig-bilim және itest цифрлық ресурстарындағы оқу материалдарын қолданып әрбір сыныптастарына сұрақтар құрастырады. Бұл әдіс оқушылардың оқылым дағдыларын дамытумен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен ізденісті талап ететіндіктен оқушылардың жинақтау және қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

 Оқушылар дайындаған сұрақтарымен тапсырманың «кездесу» бөлімінде жұптағы сыныптасымен кезекпен кездесіп бөліседі. Бір-бірлерінің сұрақтарына жауап беріп, жекелей бағалайды. Тапсырманың соңында мұғалім сыныптағы оқушылардың атын кезекпен атап, қалған оқушылардың бағалау нәтижесін жинақтайды. Бұл оқушыларға тапсырма бойынша жалпы нәтижесін қорытып, бағалау парағына енгізуге мүмкіндік береді.

 8. Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарына талдау жасайды. Бұл оқушылардың өзін-өзі объективті бағалауына мүмкіндік береді. Бағалау парағы оқушының сабақ барысындағы әрбір тапсырма бойынша үлгерімі туралы ақпарат бергендіктен мұғалімнің келесі сабағын жоспарлауда қолданатын негізгі құралы болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу